2020 жылдың 2 маусым күнгі жағдай бойынша жалпыға ортақ қоғамдық орындардың дезинфекциясы туралы

Кіреберістер мен аулалар бойынша
1 маусымға жоспарланған 7877 кіреберіс (2860 үйде) және 1318 аула аумағы 100% залалсыздандырылды.
Дезинфекция жұмыстарына 443 адам, яғни 64 бригада жұмылдырылды. Жұмысқа 76,0 мың литр дайын ерітінді қолданылды.
2 маусымдағы жоспар бойынша 3038 үйдің 8363 кіреберісі мен 1440 аула залалсыздандырылды.
Жұмысқа 444 адамы бар 64 бригада тартылды.

Көшелер мен тротуарларды жуу және дезинфекциялау бойынша
1 маусым күні 5 123 мың шаршы метр көше, оның ішінде 658 сауда нысандарының, 43 медицина мекемелерінің, 6 қызмет көрсету нысандарының (Алатау ауданы– 59, Алмалы ауданы – 87, Әуезов ауданы – 55, Бостандық ауданы – 22, Жетісу ауданы – 85, Медеу ауданы – 94, Наурызбай ауданы – 68, Турксіб ауданы — 237) кіреберістері, кірмелері, іргелес жатқан аумақтары, 744 мың шаршы метр тротуарлар және 1164 басқа да нысандар, 218 контейнерлік алаң мен 1032 контейнер өңделді. Аталған жұмысқа барлығы 85 дезинфектор тартылды.
Көшелер мен тротуарлар, сауда нысандарының, медицина мекемелерінің, қызмет көрсету нысандарының (кіреберістері, кірмелері, іргелес жатқан аумақтары) көше жәшіктері және одан басқа нысандарды (орындықтар, аялдамалар, жерасты және жерүсті жаяу жүргіншілер өткелдері) жуу және дезинфекциялау үшін:
– 145 бірлік арнайы техника (оның ішінде дезинфекцияға арналған 66 бірлік);
– 1117 жол жұмысшысы (оның ішінде 127 дезинфектор).
555 мың литр ерітінді пайдаланылды (жұмыс басталғаннан бері барлығы – 25 394 мың литр ерітінді қолданылды).
Сонымен қатар, 97 контейнер алаңына дератизациялау жұмыстары жүргізілді. Жұмыс кестеге сәйкес жалғасуда. 8 бригада, 40 дератизатор жұмылдырылды.
Бір тәулік ішінде шығарылған қоқыс көлемі 1220 тоннаны құрады.
2 маусым күнгі жоспарлы жұмыстар:
– 141 бірлік арнайы техника (оның ішінде 74 бірлік дезинфекцияға);
– 1190 жол жұмысшысы (оның ішінде 134 дезинфектор).
Контейнер алаңдарын өңдеуге 12 бригада, 85 дезинфектор, 8 бригада және 40 дератизатор жұмылдырылды.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *