2020 жылға арналған жұмыс жоспарын бекітті

«Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өтті.

Құралай ИМАНБЕКҚЫЗЫ

Басқосуда Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмыстың жағдайы туралы және «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуына бөлінетін қаржыны (Жұмыспен қамту орталығы бойынша) бақылау шаралары туралы, сондай-ақ «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің 2020 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту мәселелері талқыланды.

Алдымен «Nur Otan» партиясыАлматы қалалық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Б.Жапаров күн тәртібіне қойылған мәселелердің алдағы уақыттағы орындалу барысы мен қаламыздағы сыбайлас жемқор­лықты болдырмау мақсатындағы бағдарламалық жұмыс­тардың үнемі бақылауда болатынын атап өтті. Одан кейін қоғамдық кеңес мүшелері Алматы қалалық Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы жетекшісінің орынбасары Данияр Әлкебайұлының өткен жылдардағы атқарған жұмыстары жайындағы қорытынды есебін тыңдады.

Кеңестің 2017-2020 жылға арналған жұмыс жоспарын талқылап, бекітті. Сондай-ақ, партия басшылығы қойған міндеттерді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы басым­дықтарды ескере отырып, өз қызметтерінің негізгі бағыттарын айқындады.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *