ӘЛЕМДІК БАҚ-тар АСТАНА ТУРАЛЫ

570519_gorod_vid_den_astana_doma_4080x2451_wwwgetbgnet

«Астана қаласы – «Дала  төсіндегі»  алып  Елорда».

 

Француздың «Lе Fіgar» газеті.

2003 жыл, 1 қазан.

 

***

 

«Астанада жасалып жатқан жұмыс­тардың ауқымы адам нанғысыз. Оны жүзеге асыру үшін Қазақстан Прези­денті Нұрсұлтан Назарбаев болу керек».

 

Британдық «Тһе Sundау Тіmеs» газеті.  2005 жыл, 20 қазан. 

 

***

 

«…Егер үміттер ақталса, Астана – XXІ ғасырдағы ең әдемі қалалардың бірі болады».

 

Американың “Lоs Аngelеs

Тіmеs”  газеті.

 

***

 

«Бүгінде тәуелсіз Қазақстан толық­қанды әрі мазмұнды тіршілік кешуде. Мұндағы басты оқиға – Астана деген жаңа атқа ие болған елдің басты қаласының халықаралық тұсаукесері болғалы тұр. Оған дейінгі уақыт енді күндермен емес, минөттермен өлше­нуде… Мен сөйлескен, КСРО кезінде өмір сүрген қариялар мен ардагерлер қазіргі жастардың өмірлеріне қызыға қарайтынын, өйткені көптен бері мұң­дай ауқымды, ұйымшыл әрі нәтижелі құрылысты көрмегендерін ай­тып жат­ты. Расында санаулы айлардың  ішінде қала ондаған жылдардағыдан артық өзгерді. Мәселе тек жаңа сәулеті мен инфра­құрылымдық жетілдірілуінде ғана емес – сапалық жағынан шығыстық астаналық жаңа қаланың моделі салынуда».

 

Араб тіліндегі «АNN ТV» теледидар арнасының тілшісі

 Зухайер Летайефтің 1998 жылғы

18 мамырда Астанадан

берген  репортажынан.

 

***

 

Астананы Ақмолаға көшірудің себептеріне байыпты талдау жасалды. Мәселен, газет астананы ауыстырудың стратегиялық астарларын («мемлекет­тің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін бірнеше стратегиялық нүкте болғаны мақұл», «республиканың барлық жер­лерінің толыққанды әрі біркелкі дамуы»), экологиялық және демогра­фиялық факторларды, әлеуметтік-саяси аспектілерді («мемлекетте жаңа саяси климатты қалыптастыру», «мемлекеттің саяси негізін нығайтып, әлемдік қауымдастықтағы оның тәуелсіз мәртебесін бекемдеу») бөліп атап көрсетті.

 

Саудтық «Шарк әл-Аусат» газеті.

 

***

 

«Пәкістан аса қиын міндеттерді шешуде, мәселен, білім саласында – Қазақстан халқының 100 пайыздық сауаттылығын және ұлтаралық қаты­нас­тарда, экономиканы әртараптан­дыруда оң нәтижелерге жету өнерін осы жас мемлекеттен үйренуі керек… Қазақстанның бір ерекшелігі –  ұлттық төзімділік болып табылады, мұның өзі олардың саяси мәдениетінің жоға­рылығын көрсетеді, өкінішке қарай, біз бұған қол жеткізе алмай-ақ қойдық».

 

«Пакистан обзервер» газеті.

 

***

 

Дүние жүзінің ғұлама ғалымдары – Нобель сыйлығының лауреаттары біздің Астанада өз клубтарын құрды. Сонымен бірге, Нұрсұлтан Назарбаев­тың «G-Glоbаl»-ының интернеттегі коммуникативті алаңының қызметі Астана форумын үздіксіз онлайн талқылауының орталығына айнал­дырды.

 

Доктор М.Рахман.

 

 

***

 

Қазақ елінің Астанасы мен Қазақ елінің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ерке Есілдің жағасындағы осынау бір әсем де сәулетті қалада алтыншы рет әлемнің ең озық ақыл-ой өкілдері мен саясаткерлерінің, экономистері мен сарапшыларының жаһандық маңызды үнқатысу алаңында бастарын қосып, бүгінгі жаһандық экономиканы тұқыртып отырған әлемдік дағдарысты тығырықтан шығу жолдарын іздестірді, тың ойлар мен жаңа көзқарастардың қалыптасуына ықпал жасады.

 

Стефан Гробен,

Вашингтон бюросының тілшісі.

 

 

 

***

 

Қазақстан Президентінің астананы республиканың орталығына әкелуі шын мәнінде оның алысты болжай алатын нағыз стратег екенін айнытпай танытқан оқиға болды.  Бұл – Елбасының мықты ішкі сенімінен туған ірі қадам.

 

Валерий  Симонов,

«Труд» газетінің бас редакторы.

 

Әзірлеген – Ермек Зәңгіров.