ҰЗАҚ ӨМІР СҮРГІҢІЗ КЕЛСЕ

туған топырақтан қол үзбей, ата-баба дәстүрін ұстаныңыз

17332370_1678394152177870_6676541599528255488_n

Ұзақ жасаудың құпиясы неде?

Әрине, белгілі қағидаға сүйеніп айтсақ, тағдырдың маңдайға жазған жазуы бар, адам шыр етіп дүниеге келгеннен берілген жас болады. Сол бойынша өмір сүресің деуге де болады.

Ал енді ғалымдар не дейді? Біреулер жапондар ұзақ өмір сүреді дейді. Себебі, өмірбақи балық етін жейді, теңіздегі бар затты тұтынады, ал олардың бойында дәрумендер көп. Демек, дәруменнің көптігі адам жасын ұзартса керек. Сол себепті адам ағзасында көп өзгерістер пайда болатын көрінеді. Ал кубалықтарда болса, денсаулық саласы өте жоғары деңгейде дамыған. Сондықтан оларда бұл мәселеде проблема аз. Оның үстіне олар өзінің атақонысында отыр әрі ата-бабалары өмірбақи тұтынған тағамдарды ғана жейді екен.

Ал енді мұның бәрі бәрімізге таныс жәйт қой деп ұқсаңыз, онда ресейлік белгілі ғалым Валерий Бацевичтің пікіріне («Аргументы и факты», №3, 2011) құлақ асып көрейік.

Ғалымның айтуынша, адамдардың тұрмыс деңгейі жақсарған сайын, денсаулығы да төмендей беретін көрінеді. Ғалым өз ойын дәлелдемек үшін мынадай нақты мысал келтіреді.

%d0%b2%d0%b0%d0%bb%d0%b5%d1%80%d0%b8%d0%b9

– Біз таяуда Алтайға жасалған экспедициядан оралдық. 70-ші жыл­дардан бермен қарай біздің экспе­диция Орталық Азиядағы әр түрлі жағдайдағы адамдарды зерттеумен шұғылданып келеді.

Екі жүз шақырымды алатын Таулы Алтай аймағындағы 800 бала­ның өмірін зерттедік. Жалпы қоры­тындысы туралы айту әлі ертерек болар, бірақ алғашқы нәтижелер көп жағдайға көз жеткізді. Балалар өте ірі, әрі тез өсіп жетіледі. Көптеген оқу­шылар семіздік дертіне ұшы­раған. Оқушылардың ағзасын май басуы даму қарқынын күшейтеді. Ғасырлар бойы мал шаруашылығы­мен айналы­сып, ет, сүт өнімдерін жеткілікті пай­даланған халық өзінің осы қалып­тасқан өмір сүру салтынан тез арада ажырап қалған. Осының салдарынан адам ағзасында өзгерістер көбейіп, аурулар пайда болып, тез қартаю белгілері байқала бастаған.

Ал енді сонда генетикамыз қайда қалды? Ұзақ өмір сүру ұрпақтан- ұрпаққа неге жалғаспай қалды деген заңды сауал туындамай ма? Оның да жауабын іздеп көрейік.

Адамның ұзақ өмір сүруі бірен-саранында болса да сақталуы әбден мүмкін. Бірақ ол бұл ретте маңызды рөл атқармайды. Мәселен, 80-ші жыл­дары жас ұзақтығы қалыпты жағдайда болды. Ал 90-шы жылдары бұл процесс тежелді. Генетика өзгеріссіз қалды. Горбачевтің спиртті ішімдіктерге тыйым салуы белгілі бір мерзімге ғана пайдалы болды. Қазір еркектердің орташа жасы 60-тан аспайды. Ал әйелдер болса ерлерден 12 жас артық өмір сүреді.

Мұндай жағдай әлемнің қай елінде болсын кездеспейді. Демек, генети­каңыз өз алдына, ең бастысы әлеу­меттік мәселелердің дұрыс шешім табуында. Ал енді тағы біреулер сонда бәрімізді жарылқайды деген өркениеттен не пайда дейді.

Әрине, өркениеттің жөні бөлек. Алайда, ол біздің өмір сүру дағды­мызды басқа арнаға бұрып жібергенін сезбейміз. Мәселен, даңғарадай зәу­лім үйлер, көліктер, тағы басқалар бұл адам ағзасының ең басты қажет­тілігі емес қой. Мәселен, кейбір аймақ­тарда адамдар яхтасыз, ұшақ­сыз-ақ бақыт­ты да ұзақ өмір сүреді. Тіпті, ол жер­лерде медицина­лық қызмет көрсету де өз деңгейінде емес. Сайып келгенде, олар ауыр­майды, себебі, ата-баба дәс­түрін қатты ұста­нады. Әрине жақсы медицинаның болғаны жақсы. Бірақ бір қисын бар: денсаулығы дұрыс адамға дәрігердің де аса қажеті жоқ. Егер оның қазіргі өмір сүру дағдысы биологиялық анықтамасымен (дағды­ланған ортасы, ішетін тамағы, қауы­мы, т.б.) сәйкес келсе, ұзақ өмір сүре­ді. Израиль меди­цинасы дамуы жағынан әлемде озық орын алатын ел. Алайда, олар­ды қоршаған арабтарға қарағанда, бұ­ларда тез қартаю басымырақ. Оның себебі, Израиль салыстырмалы түрде алғанда әлі жаңа мемлекет, оларды көбіне сырттан келіп қосылушылар құрайды. Сон­дық­тан мұндағы жас ұзақтығы әлі де қалыпты жағдайға түсу үшін ондаған, жүздеген буын, ұрпақ алмасуы қажет.

Жалпы айтқанда, аймақтар өрке­ниетті жағдайдан алыстаған сайын қарт­тық процесс те баяу жүреді. Абхазияның алыстағы таулы аймақ­тарында ұзақ өмір сүретіндер жетіп- артылады. Ал енді осы ойымызға қайшы бір мысал келтірейік.

%d1%82%d1%83%d0%b3%d0%b0%d0%bd-%d0%b5%d0%bb

Мәселенки, осыдан екі жүз жыл бұрын Әзербайжанның Ивановка ауылына қоныстанған орыстар ара­сында тез қартаю басым. Екі жүз жыл бұрын қоныстанып, колхоз, совхоз ашып, бай-бақуатты тұрса да, бәрібір адамдар қарттыққа тез бой алдырады. Неге? Себебі, 200 жыл өтсе де орыс­тар бұл жерге жерсінбей отыр. Оның себебі түсінікті, мысалы, азиаттық гастарбайтерлер Ресейде де ұзақ тұра алмайды. Оларға үйрен­беген қала тіршілігіне, ортасына бейімделу өте қиын.

Ресей ғалымының бұл ғылыми дәлелінен не түюге болады?

Қазақта «тегіне тартып туған, топырақ жібермейді» деген ұғымдар бар. Сіз бен біз бұл ұғымдарға егер нақты ғылым көмекке келмеген болса, терең бойлар алмас едік.

Демек, ұзақ жасаудың сыры бір ауыз сөзбен айтқанда, өзіңнің ата қоны­сыңнан, кіндігіңнен тамыр үзбей, ата-баба салтына ден қоюда жатыр екен. Ресей ғалымының айтпағы да осы. Ең өкініштісі, біз осы қағидаға немқұрайлы қараймыз.

Әрине, өркениеттің жөні бөлек. Алайда, ол біздің өмір сүру дағдымызды басқа арнаға бұрып жібергенін сезбейміз. Мәселен, даңғарадай зәулім үйлер, көліктер, тағы басқалар бұл адам ағзасының ең басты қажеттілігі емес қой. Мәселен, кейбір аймақтарда адамдар яхтасыз, ұшақсыз-ақ бақытты да ұзақ өмір сүреді. Тіпті, ол жерлерде медициналық қызмет көрсету де өз деңгейінде емес. Сайып келгенде, олар ауырмайды, себебі, ата-баба дәстүрін қатты ұстанады. Әрине, жақсы медицинаның болғаны жақсы. Бірақ бір қисын бар: денсаулығы дұрыс адамға дәрігердің де аса қажеті жоқ. Егер оның қазіргі өмір сүру дағдысы биологиялық анықтамасымен (дағдыланған ортасы, ішетін тамағы, қауымы, т.б.) сәйкес келсе, ұзақ өмір сүреді. Израиль медицинасы дамуы жағынан әлемде озық орын алатын ел. Алайда, оларды қоршаған арабтарға қарағанда, бұларда тез қартаю басымырақ. Оның себебі, Израиль салыстырмалы түрде алғанда әлі жаңа мемлекет, оларды көбіне сырттан келіп қосылушылар құрайды. Сондықтан мұндағы жас ұзақтығы әлі де қалыпты жағдайға түсу үшін ондаған, жүздеген буын, ұрпақ алмасуы қажет.

А.ЫРЫС.