ҚАЛА БЮДЖЕТІ ТОЛЫҒАТЫН БОЛДЫ

Панфилов көшесі бойындағы жаяу жүргінші аймағындағы сауда  павильон­дары қалаға жылына 67 млн. теңге қосымша кіріс әкеледі.

Алматыда Панфилов көшесіндегі жаяу жүргінші аймағына Ян Гейльдің концеп­циясы аясында заманауи бөлшек сауда павильондары пайда болады. Ашық аукционның қортындысы бойынша кәсіп­керлер жалға 5 жаңа дүңгіршек алды. Көше саудасы Жібек жолы көше­сінен Қабанбай батыр көшесіне дейін созылып, қоғамдық тамақтандыру орындарына айналмақ.

Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Мақсат Қиқы­мов конкурстың барынша ашық және барлығына қолжетімді болғанын  атап өтті.

«Біз конкурсты жариялау туралы қалалық Кәсіпкерлік және индустриал­ды-инновациялық даму басқармасы» МҚБ-ның, «ҰК «Алматы» ӘКК» АҚ-ның сайт­тарында және «Вечерний Алматы» газетінде хабарладық. Одан соң үміткер­лерді іріктеудің екі кезеңі басталды. Алғашқы кәсіби іріктеуге  құжаттары толық және павильонды экстерьерлі безендіру бойынша  дизайнерлік шешімі бар 13 компания өтінім берді. Екінші кезеңде бағаны көтеру бойынша аукцион өтті. Аукцион қадамы 10%-ға өсті. Егер павильонның бастапқы бағасы 200 мың теңге болса,  ұсынылған баға 20 мың теңгеге көтерілді, – деді М.Қиқымов.

М.Қиқымов айтып өткендей, қойылған павильондар бағасы  аукцион барысында 6,5 есе өскен.

– Біздің кәсіпкерлер ашық бәсеке барысында ай сайынғы жалға беру бағаны өздері белгіледі, жалпы  алаңы 27 ш. метр болатын 1 дүңгіршектің бір ай  ішіндегі төлемі орта есеппен 1,3 млн. теңгені құрайды.  Егер бұрындары стационарлық емес сауда «көлеңкелі түрде» жүрсе, енді бес киоскі жыл сайын қала табысына 67,4 млн. теңге кіріс кіргізеді. Әзірше аренда про­лонгацияны одан әрі жалғастыру құқығына негізделген, – деп қорытындылады сөзін басқарма басшысы.

Аукцион қорытындысы бойынша алғашқы лотты «Bellalі» бренді бойынша балмұздақ сатушы өкілдер ұтып алды, қалған павильондарды «RedDragon», «JollyVolly» брендтері бойынша  тез тамақтануды қамтамасыз ететін  қоғамдық тамақтандыру нүктелері мен «Boulangerіe» наубайханасы иеленді.

Айта кетерлігі, барлық 5 павильондар арендалық келісімге қол қойылған күннен бастап бір ай  ішінде өнімдерін сатуды бастайды.