ТЕГІН СЫРҒАНАҚ ШАҚЫРАДЫ

%d0%bc%d0%b5%d0%b4%d0%b5%d1%83%d0%ba%d0%b0%d0%b7

Қаңтардың 14-і күнінен «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында коньки­мен сырғанауды тегін үйрету сабақтары басталады. 

Тәжірибелі нұсқаушылар сағат 17.00-ден 20.00-ге дейін «Март» СО және «Дубок» ықшам­ауданындағы Централь­ная көшесі, 8 «г» мекен-жайында орналасқан тегін мұз айдындарына кел­­ген коньки тебушілерді тегін үйретуге әзір.

Ал мұз айдынының келушілері көптеген қызықты ойындарға қатысып, бағалы сыйлықтар ұтып ала алады. Спорттық шара­ның басты мақсаты – қаладағы бұқаралық спорт түрлерін дамытып, қала тұрғындары мен қонақта­рын салауатты өмір салтын ұстануға шақырту болып табылады. Бұл науқан «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында 2017 жылдың 25 ақпанынан бастау алып, әр жексенбі сайын өтуде.

«Спорттық Алматы» бағдарламасы қаладағы бұқаралық спортты дамыту мақсатында жүзеге асырылды.

 

«Ақшам-ақпарат».