ПРОАКТИВТІ ТҮРДЕ ТУУ ТУРАЛЫ КУӘЛІКТЕР БЕРУ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Елбасымыздың «Бір терезе» қағидаты бойынша жүзеге асырылып жатқан Халық­қа қызмет көрсету орталықтары бұл күнде қарқынды даму үстінде. Бүгінде елімізде 349 Халыққа қызмет көрсету орталықтары бар болса, соның ішінде, біз Алматы қаласы бойынша Түрксіб ауданы №1 бөлімінің мамандары саналамыз. Біздің бөлімдегі әр маман күніне жүзден астам азаматтарды қабылдайды. Олар пилоттық жоба бойынша жылдам, әрі тез дайындалатын қолжетімді қызмет түрлерін атқарады.

Былтырғы 29 желтоқсанда бала тууға байланысты мемлекеттік қызметті проак­тивті тәсілмен ұсыну бойынша пилоттық жоба  іске қосылды. Бұл жоба –азаматтар мен мемлекет қарым-қатынасының жаңа нұсқасы болып табылатын және олардың қажеттіліктерін алдын-ала болжап, тиісті қызметтер мен сервистерді дер кезінде қамтамасыз етеді.

Қазір Түрксіб ауданына қарасты №4 перзентханада мамандарымыз жұртқа  проактивті принцип бойынша осы қызмет түрлерін көрсетіп отыр. Проактивті прин­цип – адамның өмірге келуіне қатысты қызметтер бойынша жүзеге асырылатын жоба. Жаңа босанған анаға автоматты түрде іске қосылып, оның сәбиіне берілетін, баланың аты-жөні сұратылған хабарлама келеді. Басқа мәліметтерді тіркеуші орган тиісті ақпараттық жүйелерден жинап, ал өзге деректерді СМС-пен (SMS) хабарлама арқылы ата-анадан сұрайды. Сондай-ақ, телефон (ұялы байланыс) арқылы шот нөмірін жіберіп, жәрдемақыларды рәсім­деуге және балабақшаға кезекке қоюға болады. Ал Халыққа қызмет көрсету орталығынан баланың куәлігін алып кету үшін ғана келу керек немесе үйге жеткізу қызметін пайдалануға болады. Ол үшін, яғни проактивті қызметке қол жеткізу үшін ең алдымен мобильді азаматтар базасына тіркелу қажет. Ол үшін азамат­тар порталдағы жеке кабинетінде телефон нөмірін ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі­не) байланыстырып қоюлары тиіс. Оны азаматтар Халыққа қызмет көрсету орта­лықтарындағы «Connectіon Poіnt» өзіне-өзі қызмет көрсету секторын пайдаланып, қажет болған жағдайда оператордың кеңесіне жүгіну арқылы жасай алады.

Бүгін біз осы проактивті қызметті жүзеге асыру  мақсатында перзентханадан құжаттар қабылдадық. Азаматшаға әуелі 1414 байланыс орталығынан құттықтау сөз келді. Артынша қызметті телефон арқылы СМС-пен жіберіп отырдық. Проактивті жоба тез, әрі жылдам орындалды. Проак­тивті жобамен жұмыс атқарып отырғаны­мызды барлық азаматтарға мәлімдейміз!

 

Арайлым АҚЫЛБЕКҚЫЗЫ,

ХҚКО Түрксіб аудандық бөлімінің басшысы.