Парламент депутаттары жоғары оқу орындарының ректорларымен кездесті

????????????????????????????????????

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде  Қазақстан Республикасы Парла­менті Төрағасының орынбасары Гүлмира Есімбаева, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Гүлнар Ықсанова, Алматы қаласы жоғары оқу орындарының ректор­лары және проректорларымен кездесті.

Кездесуде  жоғары оқу орында­рының академиялық және басқару дербестігін кеңейту туралы Қазақ­стан Республикасының заң актіле­ріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасына байланысты сұрақтар талқыланды.

Кездесуде Қазақстан Республи­касы Парламенті Мәжілісі Төраға­сының орынбасары, «Нұр Отан» партиясы фракциясының жетекшісі Гүлмира Есімбаева сөз сөйлеп, Парламент қабылдаған және Мемлекет басшысы қол қойған салық заңнамасы блогы, кедендік реттеу туралы заңдар блогы, Әкімшілік кодекс және т.б. сынды жаңа заңдар тура­лы айтып берді. Сондай-ақ, қазіргі таңда тікелей білім беру жүйесімен байланысты «Техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы білім беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне университеттердің академиялық және басқару тәуелсіздігін кеңейту туралы өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  екі заң жобасы бойынша жұмыстар жүргізіп жатқандығы туралы түсіндіріп өтті.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, жұмыс тобының жетекшісі Жәмиля Нұрманбетова  жоғары  оқу орындарының академиялық және басқарушылық дербестігін кеңейту заң жобасы  туралы айтып берді. Бұл заң жоба­сы  78 қадам Ұлт жоспарын жүзеге асы­руға бағытталған, деп атап өтті, сондай-ақ оның негізгі тұстары Назарбаев Универ­ситетінің тәжірибесін тарату және жоғары оқу орындарының академиялық және әкім­шілік дербестігін кеңейтуге байланыстығын көрсетті.

Талқылауға қатысқан «Tұран» универ­ситетінің ректоры, Қазақстан  Респуб­ликасы жоғары оқу орындары қауымдас­тығының президенті Рахман Алша­нов заң жобасының жоғары білімді демократия­ландыру талаптарымен байланысын  атап айтты, сондай-ақ,  мемлекеттік тапсырыс, кәсіби стандарттарды әзірлеу, жоғары оқу орындарына талапкер­лерді  қабыл­дау ережелерімен байланысты  мәселелерді қозғады.

Қазақ-неміс университетінің ректоры Ольга Moсковченко  жоғары оқу орындарының аккре­диттеу, мемлекеттік гранттарды бөлу және мамандықтарды лицензиялау барысында туындайтын қиындық­тар туралы мәселелер көтерді.

Ал Қазақ-Британ техникалық университетінің ректоры  Кенжебек Ибрашев талапкерлер мен студент­тер үшін ағылшын тілін меңгеру деңгейіне  тиісті талаптарды үйлес­тіру қажеттілігін атап өтті.  Халық­аралық ақпараттық технологиялар университетінің академиялық мәсе­лелер жөніндегі проректоры Раиса Өскенбаева кең ауқымды бағыт­тарды қалыптастыруды және халықаралық стандарттарға сүйенуді ұсынды.

Жиынға қатысқан жоғары оқу орында­рының басшылары талқыланып отырған мәселелер бойынша өз пікірлерімен бөлісіп, ұсыныстарын айтты.

Кездесуді қорытындылаған Гүлмира Есімбаева  пікірталастың  оң тұсын  атап өтіп, сұрақтарға  тұшымды жауап берді.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың

Қоғаммен байланыс бөлімі.