ЖОЛДАУҒА — ҚОЛДАУ

Жаңа мүмкіндіктерге ашылған жол

5-%d0%b1%d0%b5%d1%82%d0%ba%d0%b5

Ермек  ЖҰМАХМЕТҰЛЫ

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық жаңғыруы – Қазақстан дамуының ең басты бағыты. Бұл  ретте  сапаның артуы, оның ішінде,            өндіріс, білім сапасы мен ғылыми ізденіс нәтижелерін арттыру – Президент Жолдауының басты  лейтмотиві  болып  отыр.

Тәуелсіздігіміздің ең  басты идеялық мақсаты – Қазақстанды  Жерұйыққа айнал­дыру  болды. Қазақстан  Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаевтың бұған  дейінгі  халыққа  арнаған  Жолдауларының   бәрі   өзінің  тарихи  ерекшеліктері бар  сындарлы даму жолдарына  құралған.  Осының  алдын­дағы «Қазақстанның Үшінші  жаң­ғыруы: жаһандық бәсекеге  қабілеттілік»  атты 2017 жылғы Қазақстан  халқына Жолдауы  еліміздің  кешегі, бүгінгі  және болашақтағы  даму жолдарына арналған болатын.  Еліміз жаңғырудың  бірінші  кезеңін зор жетістіктермен  қорытын­дылады. Мемлекет басшысы  осыдан соң  жаңғырудың  екінші  кезеңін – «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасын жариялады. «100 нақты  қадам» — Ұлт жос­пары  нақты стратегиялық  қадамдарды  ай­қындайтын тарихи  құжат ретінде  баға­ланды.

Еуразия кеңістігіндегі өзінің тарихи орнын айшықтап, тәуелсіздігіміздің өткен 26 жылындағы тұрақты даму жолы мемлекетіміздің  болашаққа жасаған  нық қадамдары болды. Еліміздің халықаралық қауымдастықтағы экономикасы дамыған 50  елдің  қатарынан  көрінуі –  табанды  еңбектің, халықтың мызғымас бірлігінің  үлкен  жеңісіне сайды. Алдымызда  одан да  үлкен  міндет – дамыған 30 елдің  қата­рынан көріну мақсаты тұр.

Қазақстан  Президентінің  халыққа  арналған барлық Жолдаулары  тың  идея­ларға толы.  Оның бастапқы  пернесінде – біздің Отанымыз, Тәуелсіз  Қазақстан!  ұраны  тұруымен  құндылыққа  айналып отыр.

Мемлекет басшысының «Жаңа  онжыл­дық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына  Жолдауы  белгіленген  міндеттерді  жүзеге асыра білді. Прези­денттің«Жаңа  әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауы еліміздің ішкі және сыртқы саясатының аса маңызды 30 бағытын белгілеп, оларды айналымға енгізудің  жолдарын көрсетіп берді.

Қазіргі таңда әлемде  қалыптасқан түрлі экономикалық  дағдарыстарға қарамастан, мемлекетіміздің  әлеуметтік салаға, халық­тың әлеуметтік жағдайына қатысты ұстанған саясаты, сол саясат негізінде жүр­гізіліп  жатқан  әлеуметтік бағыттағы рефор­­малар ешбір  өзгеріске түскен жоқ. Ол халықтың тұрақтылығын қамтамасыз етті. Президенттің ұстанған күшті әлеу­меттік саясаты,  мықты экономикалық блогы оппозициялық күштердің әлеуметтік базасын әлсіретті. Жолдау белсенді саяси диалогқа құрылды. Оның контексінде бірнеше батыл ойлар тұжырымдалды. Оппозициялық күштермен және барлық саяси партиялармен диалог алаңы құры­лып, саяси реформалар қолға алынды. Президент барлық Жолдауларында ұлт мүддесі үшін барлық күштерді үйлестіруді  міндет етіп қоя білді. Соның арқасында саяси ой қақтығысында кереғарлық пікір алуандығы орын алған жоқ. Бұл – ең басты  мақсат еді.

Қазақстан Президентінің бұдан бұрынғы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» және «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Жолдаулары қазақ­стандықтарды ортақ бірлікке жұмылдыруда идеялық  маңызы зор болды.

Елбасының «Болашақты бірге құра­йық»  атты Жолдауы халықты ынты­маққа, бірлікке, ортақ  идея айналасына  топта­суға  шақырған үндеу болды. «Бейбітшілік пен жасампаздыққа 20 жыл» аясында құрылған Жолдау  халықты ғаламда болып жатқан  өзгерістердің қалтарысында қалып қоймауға шақыруымен құнды.

Тарихтан белгілі,  өткен  ғасырдың белгілі  көшбасшылары  өз  ұлты мен  мем­ле­кеті  үшін  белгілі бір  стратегиялық  міндеттерді шешуде батыл  қадамдарға  барды.  Олардың  басым көпшілігі  өз  елде­рінің қиын да күрделі  кезеңінде  халықтың  мүддесі  үшін  стратегиялық даму жолында түрлі  реформалар  жасады. Мәселен, Қытай  реформаторы Дэн Сяопиннің «Дамудың  3 қадамдық  стратегиясы», Сун Ятсеннің 3  қағидаты:  азаматтық  ұлтшыл­дық, халық  билігі, халықтың  әл-ауқаты мен  Түрік  көсемі  Мұстафа  Кемал  Ата­түріктің «6  жебесі»: Республикашылдық, Ұлтшылдық, Халықтық, Секуляризм, Этатизм, Рефор­ма­шылдық,  Сингапур президенті  Ли Куан Юдің  7 қағидаты: Адал және  тиімді  үкімет, Заң  үстемдігі, Бизнестің  дамуына кедергісіз жағдай тудыру, Макроэко­номикалық саясат,  Тәуелсіз сот билігі, Сыбайлас  жемқор­лықпен  күрес, Мемле­кет­тік  басқару  институттары мен  жергі­лікті билік  рефор­масы. Міне,  осы  жаңғы­рудың  бәрі жоғарыдағы  елдердің  дамуына  жол  ашты. Осылардың  бәрі Елбасы­мыздың  биылғы  Жолдауында көрініс  тапқан.

Мемлекет басшысының  барлық Жолдаулары – еліміздің  әрбір   мүшесіне  арналған стратегиялық құжат. Сондықтан әр адам өзін «Мен Жолдауды жүзеге асыру үшін не істеуім қажет?» – деген сұрақ  төңі­регінен  іздеуі  керек.  Жолдауда осы мақ­сатты жүзеге асыру үшін атқарылатын жұмыстар  кезең-кезеңімен  толық қарас­тырылған.

Бүгінде еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізгеніне 26 жылдан асты, яғни біздің мемлекетіміз екінші мүшелі жасын толтыр­ды.  Өткен  кезеңде  еліміз  нығайып, өзінің болашағын, қандай бағытты бетке алаты­нын айқындап алды. Біздің алдымызда үлкен белестер, күрделі кезеңдер күтіп тұр.                Осы  уақыт  аралығында мемлекеттің экономикалық өсімінің жаңа драйверлері – ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, құрылыс салалары алға  шықты. Жаңа драйверлер экономиканың ілгерілеуі мен ел тұрғындарының жұмыспен қам­тылуы үшін күшті серпін беруде. Сондай-ақ, Президент   өз  бастамаларында  үнемі адам ресурстары мен адами капиталға айрықша көңіл бөліп  келеді. Жолдауда азаматтар үшін маңызды мәселелер  – білім, денсаулық сақтау, қауіпсіздікті  қам­тамасыз  етуге қатысты түйткілдер атап  көрсетілген. Ал бұл – мемлекеттің халық  алдында өзінің әлеуметтік міндеттемелерін орындауға дайын екендігін білдіретін маңызды көрсеткіш  болып  отыр.

Мемлекет  басшысының технологиялық серпіліс жаңару кезеңіндегі  білім беру сапа­сынының бәсекеге қабілет­тігін арт­тыруды   көтеруін  ұлттық идея  формуласы  ретінде  қарастыру  керек.

Президенттің жаһандық технологиялық жаңғырудың келелі де күрделі мәселесін айқындай, сараптай ұсына отырып, осын­дай ахуалда – индустриялық   революция  жағдайында да елімізде қазақ тілінің басым­­дығы  сақталады,  болашақта оның  одан  әрі қарай  дамуына зор  көңіл  бөлі­неді  деген түбегейлі  орнықты, ашық пайы­мы көңілге сенімді оптимизм, мақтаныш ұялатады.

«Төртінші   өнеркәсіптік  революция  жағдайындағы  дамудың  жаңа  мүмкін­діктері» мемлекеттің жаңа технологиялық өзгеріске және экономиканың сапалы түрде дамуына батыл қадам басуына ықпал етеді. Бұл – Қазақстанның аймақта және әлемде экономикасы мықты елге айналуына жол ашпақ.

Бүгінде  электрондық саланы  тиімді  қолданысымызға енгізбей  белгілі  бір  биікке  жету  мүмкін  емес. Бұл – әлемдік  технологияның  озық  жетістіктері. Елбасы Нұрсұлтан  Назарбаев ұсынған цифрлық технология, ЗD-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету  сияқты  денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту  соны да аса күрделі талаптар. Және бұл өзгеріс­тердің барлығы еңбек өнімділігін арттыруға жол  ашады.  Технологиялық жаңғырудың  шешуші басымдықтарының бірі – адами капитал сапасын жақсарту екендігіне Президент   тағы да назар аударып  отыр. Яғни индустриялық революция жасау,  оған ілесу, оның адамзатқа  жеткізіп  отырған игіліктерін игеру, оларды еліміздің өндірісіне батыл енгізу,  бүгінгі  күннің  басты  ұстанымы  болуы  тиіс. Мұны  Мемлекет  басшысы  әріден  байқап  отыр.

Жолдауда Президент индустриялан­дыру, ақпараттық-технологиялық шешім­дерді енгізу,  кәсіпорындарды  жаңғырту  және  «Ақылды  технологияларды»  дамыту қажеттігіне  басымдық  берді.

Цифрландыру – заман талабы.   ХХІ  ғасырда  онсыз  өмір  сүру  мүмкін  емес.  Міне,  осы  мәселелердің  бәрі  Президент  Жолдауында  жан-жақты  қамтылған.

 

Өзекті мәселелер қамтылған

Әміржан НӘБИЕВ,

«АТРИКС-СТРОЙ» ЖШС бас директоры,

Алматы қалалық мәслихатының депутаты

«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкін­діктері» деп аталатын Жолдау біріншіден, «Қазақстан-2050» даму стратегиясына, «100 нақты қадам» — Ұлт жоспарына негізделіп, 10 нақты міндеттерді алға қойып отыр. Мемлекет басшысы қойылған міндеттердің әрқайсысына дәл түсініктеме бере отырып, оның болашақтағы тиімділігі мен нәтижесіне тоқталған. Сондай-ақ, онда ел дамуының әр саласындағы өзекті мәселелері қамтылған. Жаңа мақсаттар мен міндеттердің, жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын Жолдау халықтың болашаққа деген сенімін нығайтары сөзсіз.

Бесінші бағытта Елбасы құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу жөнінде тоқталды. Өзім құрылыс саласының өкілі ретінде зама­науи технологияларды құрылыста пайдалану аса маңызды екенін жақсы білемін.

«Құрылыс салудың жаңа әдістерін, заманауи материалдарды, сондай-ақ, ғимараттардың жобасы мен қала құрылы­сының жоспарын жасағанда мүлде басқа тәсілдерді қолдану керек», – деп, Елбасы атап өтті. Бұл ретте айта кетсек, біздің «Атрикс Строй» құрылыс компаниясы салынып жатқан ғимараттардың сапасына, экологиялық тазалығы мен энергиялық тиімділігіне жоғары талап қойып, алдағы уақытта интеллектуалды басқару жүйелерімен жабдықтауды көздеп отыр. Бұл, әрине, тұрғындарға қолайлы әрі тиімді болып, жаңа заманауи талаптарға сай екенін көрсетеді.

Алматының құрылыс саласы қарқынды саналатыны белгілі. Бұл саланың өзі арты­нан шағын және орта бизнесті ілестіріп отырады. Жалпы, Алматы құрылыстың қарқынды дамуы арқасында ірі экономи­калық орталық ретінде қалыптасып, еліміздің әлемдік деңгейдегі заманауи мегаполисіне айналды десек те болады.

Осы орайда Алматы қаласы әкімдігі жұртшылықпен бірлесіп, инфрақұрылымды жүйелі түрде жақсартуға, тұрғындардың жайлы өмір сүруі үшін жағдай жасауға бағытталған жұмыстарды табысты атқарып жатқанын атап өткім келеді. Панфилов, Жібек жолы көшелеріне, «Астана» алаңына кешенді қайта жөндеу жүргізілді. Жаяу жүргіншілердің серуендеуіне арналған алаңдар жасақталды. Бұл жұмыстардың нәтижелеріне бәріміз куә болдық. Қаланы абаттандыру, жаяу жүргіншілер мен жол қозғалысындағы көлік жүргізушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тиімділігіне бағытталған заманауи шешімдер алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

«Елімізде баспанамен қамту көрсеткіші соңғы 10 жылда бір тұрғынға шаққанда 30 пайызға өсіп, бүгінде 21,6 шаршы метрді құраса, бұл көрсеткішті 2030 жылы 30 шаршы метрге дейін жеткізу керек», – деді Елбасы. Айта кетсек, тұрғын үй жинақтау жүйесі аясында Алматыда 6 мыңға жуық жалдамалы пәтер, оның ішінде Атлеттер қалашығынан 1748 пәтер берілді. Осылайша қаламызда кезекте тұрған әрбір үшінші отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді.

Жолдауда қарастырылған барлық басымдықтарды тұтастай қолдап, олардың жүзеге асуына атсалысуымыз қажет. Осы тұрғыда біздер депутаттардың алдында тұрған басты міндет – маңызды құжатты әрбір тұрғынға жеткізіп, түсіндіру.

 

ЖҰРТҚА ЖАҚЫН ЖОЛДАУ

Қазақ елінің Тұңғыш Прези­денті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына биылғы «Төр­тінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы өзінің нақтылығымен әрі дәлелділігімен айшықты. Әсіресе, оның жетінші міндетінде рухани жаңғыруымыздың негізі – адами капиталға көп көңіл бөлінген. Бұл ретте «Ұстазы мықтының ұстамы мықты» дегендей, мектеп­ке дейінгі білім беруден бастап, орта мектеп пен жоғары оқу орын­дарына дейін қамтылған жаңа бағдарламалар мен стандарттар 2021 жылға дейін жасалынуы тиістілігі айтылған.

Мұның ішінде еліміздегі уни­верситеттердегі  педагогика кафедралары мен факультеттерін дамыту көзделіп, ондағы білім берудің барлық деңгейінде мате­ма­тика және жаратылыстану   ғы­лымдарын оқыту сапасы күшей­тіліп, тегін кәсіптік-техникалық  білім  беру мен жоғары оқу орын­дарына қажетті бағдарлама жасау­ға құқық беріліп, оларға ака­демиялық еркіндік заңна­малық тұрғыдан бекітілу тиістілігі тапсырылған. Сонымен қатар, ұлтымыздың әлеуетін арттыру үшін мәдениетіміз бен идеоло­гиямызды одан әрі дамытып, өзінің төл тарихын, тілін, мәде­ниетін жақсы білетін, қазіргі заманға лайық деңгейде шет тіл­дерді меңгерген жаһандық көзқа­расы бар азаматтар біздің қоға­мымыздың идеалына айналуы тиістігі көрсетілген.

Еліміздің ең үлкен мегаполисі Алматының төрінде орналасқан Бостандық ауданындағы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті мен Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техника­лық зерттеу университеті, сондай-ақ, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті Жол­даудың жетінші міндетінде көрсе­тілгендей, жасанды интеллектпен  және «үлкен деректермен»  жұмыс істеу үшін ақпараттық техноло­гиялар бойынша білім беруге өз үлестерін қосып, металлургия, мұнай-газ химиясы, агроөнер­кәсіп кешені, биотехнология және ІТ-технологиялар салаларын зерттеу ісінде басымдық беретін жоғары оқу орны ғылымын дамы­туға айтарлықтай үлес қосары айдан анық.

Ал енді Жолдаудың сегізінші міндетінде әкімшілік шығындарды азайту үшін ведомствоға бағы­нышты нақты қажетті ұйымдарды мүмкіндігінше біріктіріп, босаған қаражатты мемлекеттік қызмет­шілердің факторлық-баллдық шкалаға негізделген жаңа еңбек­ақы жүйесін енгізуге бағыттау, орталықтағы және өңірлердегі мемлекеттік қызметшілер жал­а­қы­­сының диспропорциясын қысқартып, сондай-ақ,  жұмыс­тың сипаты мен тиімділігі еске­рілетін болады. Бұл айтылғандар іске асқан жағдайда мемлекеттік қызметке тұрғысы келетіндердің саны артып, сапасы көтерілері сөзсіз.

Б.ЖАМБЫЛОВ,

 «Нұр Отан» партиясы Бостандық аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары

 

Тарихи маңызы бар құжат

Жыл сайынғы  Президентіміз  Нұрсұлтан Әбішұлы Назар­баев­тың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы жарияланды. Бұл жылы Елбасымыздың «Төртінші өнер­кәсіптік революция жағдайын­дағы дамудың жаңа мүмкін­діктері» атты тарихи  құжатының  куәсі болдық.  Өйткені, Прези­денттің әрбір Жолдауы – терең тарихи маңызы бар құжат, әрі  келешекке бағдар.

Әрбір жарияланған Жолдауда Елбасы айқындаған  нақты жос­пар-стратегиялар, батыл шешім­дер, қалыптасқан дағдарыс жағ­да­йында егемендікті, аумақ­тық  тұ­тас­тықты  қамтамасыз ету, өнді­рісті тұрақтандыру, экономи­калық байланыстарды  күшейту  және Қазақстан Республикасы­ның  халықаралық аренадағы беделін арттыру  жөніндегі батыл шаралар  болып,  тәуелсіздігі­міздің шынайы нығаюына   негіз болып келеді.

Жолдау –  Үшінші жаңғыру  және  Төртінші  өнеркәсіптік  ре­во­­люция  жағдайындағы Еліміз­дің дамуына  бағытталған. Елбасы­мыз өзгермелі әлемнің бір бөлігі ретінде, Қазақстанның  жаңа тех­нологиялық дамудың жетістік­терін пайдалана отырып, 30 дамы­ған мемлекеттер қатарына кіру мүмкіндігін тездетуінің қажеттігін  саралап отыр. Бұл мәселелерді жүзеге асырудың нақты 10 негізгі бағытын  айқындаған  Елбасы, халыққа оны жүзеге асырудың негізі  бүкіл Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымағында екендігін түсіндіріп өткен.

Басты мақсат, міндеттер мен басым  бағыттар айқындалған  Жолдауда Президент еліміздің әлемдегі түрлі сынақтарға төтеп  беріп, қарқынды экономикалық  даму жолына бет алғанын  атап өтіп, әрбір міндеттің   нақты даму жолын көрсетті. «Бірінші кезекте  –  Қазақстандық индустрия  жаңа жоғары  технологияны енгізу­де көшбасшы бола білуі тиіс. Екіншіден, ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту керек. Қазір ақпараттық-технологиялық  тың шешімдерді енгізу талап етіледі. Бұл шығарылатын өнімдердің  үлесін арттыруға  және оларды тереңдете қайта өңдеуді меңгеруге мүмкіндік береді», – деді Прези­дент. Ал агроөнеркәсіп  кешенін  жаңа технологиялық деңгейге көтеру арқылы Қазақстанның экспорттық әлеуетіндегі шикізат­тық емес өнімнің үлесін  арттыру  үшінші міндет ретінде жүктелген.  Төртіншіден, Мемлекет басшысы көлік және логистикалық  инфра­құрылымды одан ары дамыту, тран­зиттік  тасымалдау  арқылы пайданы көбейтуді  қарастырған.  Бесінші міндет болса құрылыс сала­сында жаңа жоғары  зама­науи  технологияларды тиімді қол­дану арқылы  халықтың  тұрмыс деңгейін арттыруды көздейді.

Елбасы Қазақстандағы қаржы секторының  «қайта жандануын» алтыншы міндет етіп, қарапайым халықтың мүддесіне  сай банк жүйе­сінің  реттелуін  талап етті. Жетінші және сегізінші басым­дықтарда Жаңа сападағы адам капиталы мен  тиімді мемлекеттік басқару  мәселесіне тоқталды. Ол   заманауи білім беру жүйесі озық және  бәсекеге қабілетті бүгінгі эко­номикалық сұранысқа  жауап беруі қажет дей отырып, мұғалім беделінің өсуін талап етті. Орта білім  беру саласында оқытудың жаңар­­тылған  білім беру маз­мұны­на  көшудің басталғандығы, оған  педагогтардың біліктілігін арттыру қажеттіліктері, оқулықтар мен кадр мәселесі бойынша жоға­ры оқу орындарында  педагогтарды дайындау  мәселесіне мән беру керек екендігін айта келіп,   жас­өс­­­пі­рімдерге математикалық,  жара­­тылыстану пәндерін терең меңгеру, сонымен қатар,  әр түрлі  технопарктер мен бизнес  инкуба­торлар желісін құру керек екен­дігін ескертті. Сонымен қатар, Мемлекеттік тілдің беделін көтеру, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеру қазақстандықтардың  міндеті  екендігі, яғни  жасөспі­рім­дердің  өзгеріске  бейім  және жаңа  білімді  меңгеру  үшін бәсе­кеге қабі­летті  болу керектігін  тәптіш­теді.  Тоғызыншы  міндетке тоқтал­ған Елбасы  Заңның құзы­реттілігі мен  жемқорлықпен кү­рес мемле­кеттік саясаттың  басым бағыты­ның бірі болып қалатын­дығын атап өтті. Оныншы міндет ретінде  «Смарт сити» техноло­гиясының  енгізілуі  арқылы өркендеп келе жат­қан қалалар  мәселелерін тиімді түрде шешу инвесторлардың қызығушы­лығын туғызатынын жеткізді.

Міне, Жаһандану — әлемдік интеграцияға бейімделіп, өз мемлекеттілігіміздің тұғырын биік ұстанып, инновациялық техноло­гиялар алып келетін өзгерістердің бәріне дайын болуымызға үлкен нұсқау беріліп отыр. Бұл міндет­тердің орындалуы  Қазақстан мем­лекеті саясатының іргелі қа­ғидаты болған  ұлтаралық келі­сімді және  саяси тұрақтылықты сақтау құндылықтарымен тығыз байланысты. Қазақстан халқы бұл міндеттердің  табысты жүзеге асырылып және оның нәтижесі жоғары болатынына нық сенімді.

«Цифрлық дәуір» талаптарына сай, саналы түрде заманға лайық жаһандық ауқымдағы құндылық­тарды қабылдап, Қазақстанның жарқын болашағы жолында бірлі­гіміз нығая  берсін, ағайын! Нақ­ты айтылған сөз адамның алғы күн­деріне сенім тудырады, келе­шегін көмескі етпейді.

Шавкат УМАРОВ,

Алматы қалалық мәслихатының депутаты,

Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі,

Әуезов аудандық Нұр Отан партиясының Саяси кеңес мүшесі,

А.Розыбакиев атындағы №153 мектеп-гимназия директоры

 

Нақты міндеттерді анықтап берді

Білім беру саласы — еліміздің дамуының негізгі тірегі. Бүгінде еліміздің әлемдік көшбасшылар қатарынан көрінуі бәсекеге қабілетті білім беруден басталады. Мемлекет басшысы «Төртінші өнер­кәсіптік революция жағдайындағы даму­дың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына   Жолдауында жас ұрпақтың  болашағы үшін білім саласындағы нақты міндеттерді анықтап  берді. Жолдауда  жүзеге асырылуға тиіс он негізгі бағытты  айқындады.  Жетінші бағытын «Адам капи­талы – жаңғыру негізі» деп атап,  білім сала­сына арнауы біздер, ұстаздар қауымы  үшін үлкен міндеттерді алдыға қояды. «Барлық жастағы азамат­тарды қамти­тын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйе­мізді құруды жеделдету қажет», – деп атап көрсетуі білім саласындағы реформа­лардың нәтижелі болуын, отандық біртұтас үздіксіз білім беру жүйесінің бәсекеге қабілетті отан­дық моделін қалыптастыруды талап етеді.

Бүгінде жалпы білім беру ұйымда­рында  1,2,5,7-сыныптар мемлекеттік бағдарламаға сәйкес жаңартылған білім беру мазмұнында білім алуда. Әрине, бұл орайда айтылып жатқан әр түрлі пікірлер де аз емес. Жол­дауда  Елбасы «Білім беру бағдарламала­рының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейімді болуы және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс, — деп  ұстаз­дар қауымының алдында тұрған ең басты мақсат пен міндеттерді белгіледі.  Бұл орайда мұғалім­дерді оқыту және олардың кәсіби білікті­лігін арттырудың тиімді жолдарын жүйеге қойып, білімді сапалы меңгеру әдісте­мелерін дамыту қажет.

Бәсекеге қабілетті білім еру үдерісін қалыптастыру — еліміздің экономика­сының дамуы, өркениеттің өркендеуінің кепілі. Әлем­дегі орын алған қаржы дағда­рысына қара­мастан, білім беру саласын­дағы бюд­жеттік шығындар  қысқарған емес. Олай болса, мұғалімдер тиісті білім мен біліктілігін алған соң, әлемдік   жоғары сұранысқа ие болатын деңгейіне жетуі тиіс.

Әлем алдында  елімізді жарқын етіп көрсететін білімді, білікті жастар болса, білім беру сапасының бір критерийі — шәкірт­теріміздің еңбек нарығында кәсіп­тік қажеттілігі.  Қазіргі ғаламдық даму көшіне ілесу  үшін  білім беру жүйесі жаңа талап­тарға бағытталуы тиіс.  «Білім беру­дің бар­лық деңгейінде математика және жараты­лыстану ғылымдарын оқыту сапа­сын кү­шейту», — деп баса айтуын   нарық талабына сай болу деп білеміз.  Қорыта келе,  білім берудің жаңа сапасы – бел­сенді еңбегімізге байланысты.

Айымгүл Иманғалиева,

 Медеу ауданы

№163 мектеп-лицей директоры.

 

Жаңару мен жақсару — жақсылықтың нышаны

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының сарабдал саясатының бір тармағы іспеттес мақсат бір, ұстаным да біреу. Елдің ертеңін рухани жаңғырумен ұштастырып, Қазақстан халқының бейбіт өмір құшағында парасат­тылықпен ғұмыр кешуіне жағдай жасау.

Кез-келген кезеңдерде халықты рухани сусындатып, болашақ ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздардың алатын орны ерекше және сол бір жоғары деңгейінен төмендемек емес. Қараға да, ханға да «А» деген әріптің сыны­ғын үйрететін ұстаз. «Ұстазы мықтының, ұстанымы мықты» деп, о заманнан қасиетті халқымыз ұстаз болмайынша ешбір жаңарудың болмайтындығын ерекше айтқан болатын. Тура осы ұстаныммен Елбасының әр сөзінен ұстаздарға деген басымдылықты байқауға болады. «Шәкірті жоқ ұстаз тұл» дейді дана халқымыз. Олай болса, ұстаздарымыздың мейлінше шәкірттері көп болуын қамтамасыз ету үшін әлеуметтік жағдайының жоғары болуына ықпал етілуі керек. Осы тұрғыда жыл сайын ұстаздар жалақысына қосылып жатқан үстемелерді үлкен қолдау деп білеміз.

Қазіргі таңда жаңа бағдарламаға сәйкес жүргізіліп жатқан жұмыстар барысында ұстаздар заманауи көзқараста білімдерін асырып, уақыт талабына сай шәкірттер тәрбиелеу үрдісін игеріп келеді. «Талаптыға нұр жауар» демекші, ізденімпаз ұстаздар осы жылы 30—50% көлемінде жалақылары көтерілетіндігі біздерді қуантады.

«Отанымыздың көркеюі әркімнің жаңа «цифрлық дәуір» талаптарына сай болуына байланысты», — деді Елбасы өз сөзінде. Бұл дегеніміз, даму талаптарына сай қызмет етудің жаңа үлгілерін қарқынмен үйреніп, іске асыруды меңзеп тұрған тапсырма деп білеміз.

Ел игілігі үшін атқарылып жатқан игі шараларға қолдау көрсету — азаматтық парыз.

Алмасбек Нұғман,

Алматы телекоммуникация және машина жасау колледжінің директоры.