ЖАҢА АВТОБУС БАҒЫТТАРЫ АШЫЛДЫ

%d0%bd%d0%be%d0%b2%d1%8b%d0%b5-%d0%bc%d0%b0%d1%80%d1%88%d1%80%d1%83%d1%82%d1%8b

Алматыда көлік  реформасын және қоғамдық  көлік жүйесін тұрақтандыру аясында жылжымалы составты жаңалау және бағыттар желісін ұлғайту жұмыстары жүріп жатыр. Осыған орай, кеше  сыйым­дылығы шағын автобустар қатынайтын жаңа екі бағыт – №46  және №122  бағыттар ашылды. 

Жетісу ауданы тұрғындарының талап-тілектері бойынша № 46 бағыт ашылды. Ол «Первомайка» ықшам ауданын – Әмбебап базарды – «Құлагер» елді-мекенін – Жетісу аудандық әкімдігін – Жансүгіров көшесін қамтып, «Алматы-1» теміржол вокзалына дейін барады. Бұл бағыт бойынша  жылжы­малы составтың 10 бірлігі (он автобус) қызмет көрсетеді, жүру аралығы – 10 минут. Болжамдағы жолаушылар легі –  тәулігіне 3000  адам.

Алатау ауданындағы «Рахат» және «Мәдениет» елді-мекендері тұрғындарын көлікпен қамту үшін бұрын бір ғана автобус қатынайтын №122 бағытына  трассификация бойынша өзгеріс енгізілді. Енді бұл бағыт мына аймақтарды  қамтиды: «Рахат», «Мәдениет» ықшамаудандары –  №196 мектеп – М.Шоқай көшесі – Орта­лық – ҮАК – Саялы – АвтоХҚКО – Ақын Сара көшесі – Б.Момышұлы көшесі –  Универсиада көшесі –  Алатау ауданының  ХҚКО. Кешеден бастап бұл бағыт бойынша бес автобус жүруде,  интервалы – 20 минут.

Естеріңізде болса, мұның алдында Алма­тыда көлікті реформалау аясында №22, 70, 86, 65, 103, 50, 126, 112 бағыттар бойынша жаңа  автобустар жолға шығып, №77 бағыт қайта  жаңарып, №201 магис­тральды бағыт ашылған еді.

Жалпы, көлікті реформалау аясында Алматыға  биылғы жылы сыйымдылығы әр түрлі 388 автобус сатып алынған бола­тын, олардың 210-ы әр түрлі бағыттар бойын­ша жолда жүр. 180  жаңа автобус ақпан айының соңына дейін кезең-кезеңмен бағыттарға шығады. Бұған қоса, жеке тасымалдаушылар да 254 жаңа авто­бус алды, олардың 91-і  қала жолдарында қызмет көрсетіп келеді.

 

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».