ДЕПУТАТТАР ЖОЛДАУДЫ ТАЛҚЫЛАДЫ

img_1464

Нұрислам ҚҰСПАНҒАЛИ

Таяуда сайлаушылармен кездесіп, есеп беру жұмысы аясында М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуника­циялар академиясына Мәжіліс депутаттары Бейбіт Мамраев пен Кәрібай Мұсырман қонаққа келді. 

Кездесуге академия басшылығы, про­фессорлық-оқытушылық құрам, кафедра меңгерушілері, ардагер-ұстаздар және басқа да қызметкерлер қатысты. Жиында Парламенттегі әлеуметтік-мәдени даму комитетінің жұмысымен таныстырып қана қоймай, Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаевтың биылғы Жолдауында көрсетілген негізгі мақсаттарды талқылау мәселесі де қарастырылды.

Қос депутат тарапынан «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Елбасы Жолдауына байланысты түсіндірме жұмыс­тары жүргізіліп, ондағы міндеттерді оңтай­лы жүзеге асыруға байланысты қатысу­шылардың ой-пікірі мен ұсыныстары тыңдалды. Сонымен қатар, Жолдаудағы көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыруға, адами капиталдың жаңғыру негізіне және жемқорлықпен кү­реске қатысты мәселелер көтеріліп, сарап­тама жасалды. Академиядағы кафедра меңгерушілері М.Кульгильдинов, А.Мол­гаждаров, Д.Ескендіровалар да халық қалаулыларына көкейдегі сұрақтарын қойып, ой-пікірлерін ортаға салды.

Кездесудің қорытындысында қонақтар академия қабырғасында Парламенттегі Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысын өткізіп, оқу орнымен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға шешім қабылдады.

Сондай-ақ, Б.Мамраев пен К.Мұсыр­ман академияның оқу-тәжірибелік зертха­наларымен танысып, мұражайдағы қонақ­тарға арналған кітапқа өз қолтаң­баларын қалдырды.