АЛҒА ҚОЙҒАН МАҚСАТЫҢЫЗ ҚАНДАЙ?

%d0%b6%d0%be%d1%81%d0%bf%d0%b0%d1%80-16-%d0%b1%d0%b5%d1%82%d0%ba%d0%b5

Адамда не көп, ой көп, мақсат көп. Жыл сайын жаңа жылды жаңа бір үмітпен күте­тініміз де сондықтан. Біз бірнеше оқырманымызға хабарласып, алдағы жоспары, мақсаты туралы ой бөліскен едік. Сонымен, өткен жылғы жүзеге асырам деген жоспарларыңызға көңіліңіз тола ма? Биылғы мақсат ше?..

c%d0%b0%d1%83%d0%b0%d0%bb%d0%bd%d0%b0%d0%bc%d0%b0-1

Бибігүл ТӨЛЕГЕНОВА, КСРО Халық артисі:

Елге барып  шәкірттерімнің Өнерін кӨрсетіп қайтсам, деген де ойым бар

– Жыл енді бас­талып жатыр ғой. Дегенмен, іштей «осы­ны биыл жүзеге асыр­сам-ау» деген ойлар адамда болады. Оның бәрін, әрине, Алла біледі. Сосын ден­саулыққа байла­ныс­ты. Әсіресе, менің жасымдағы кісілер үшін. Үлкен апаның жағдайы белгілі ғой, мақсаты не болушы еді? Елдің амандығы, Отанымызда бейбітшілік болса екен деймін. Жастарымыз кездейсоқтықтан аман болсын. Тәрбиелі болып, ата-анасының үмітін ақтаса деймін. Денсаулық болып жатса елге барып қайтсам, шәкірттерімнің өнерін көрсетіп, өзімнің тәрбиелеп жүрген өнерпаз қыз-жігітті көрерменімен қауыштырсам деген де ойым бар.

Астанада өтетін Н.Тілендиев атындағы конкурсқа барып, жастарымыздың бағыт-бағдарын көріп, солардың өнеріне оң сапар тілесем деймін. Үлкен кісі болған соң, бәрі денсаулыққа байланысты болады екен. Қазір Гөзел деген қызымның қолындамын. Өздігімнен былай-былай шыға алмаймын. Қызыма масылмын. Кейде сырқаттанып, ауруханаға түсіп қалып жатам. «Бір күн ауру, бір күн сау» дегендей. Менің жасым­дағы үлкен кісілер немерелерінің басынан  сипап, солардың қылықтарын қызықтап отырады емес пе? Мен де немерелеріме барып, бір сәт ширап қайтамын.

%d1%81%d0%b0%d1%83%d0%b0%d0%bb%d0%bd%d0%b0%d0%bc%d0%b0-2%d0%b0

Әлмұхамед БАЙМАХАНҰЛЫ,

физика-математика ғылымының док­торы:

 

ДенсАулықты қолға ала бастадым

– Адам болып мына өмірге келген соң ой да көп, мақ­сат-мүдде де жетер­лік. Біздің қазақ көбіне «сәтін салса» деп ойға алған жос­парын айта бермейді ғой. Сіздер сауал қойған соң айтайын. Өзім өмір бойы ғылым саласында келе жатқан адам­мын. Физика ғылымында «Қатты денелер» деген сала бар. Өзім сол ғылым бойынша докторлық диссертация қорғағанмын.

Өткен жылы бірнеше магистрантым мен докторантым қорғап, 5 деген баға алды. Бұл да мен үшін өткен жылдағы үлкен табыс дер едім. Қазір зейнеттемін. Немерелерімнің алды 8-сыныпта оқиды. Соларға ата болып, ақыл-кеңес айтып отырмын. Зейнетке шығып, енді денсаулықты қолға алып жатқан жәйім бар.

 

%d1%81%d0%b0%d1%83%d0%b0%d0%bb%d0%bd%d0%b0%d0%bc%d0%b0-3Әлімғазы РАЙЫМБЕКОВ,

(Тана әжейдің Тайлағы):

 

«Немереме келіншек іздеп жүрмін»

– Әрбір жылдың өзіндік ерекшелігі бар. Қазақ үшін өткен жылдың да, келер жылдың да қашаннан өзіндік орны болған. Осыдан елу жыл бұрын, яғни ширек ғасыр бұрын атақты «Тақиялы періш­те» фильміне түсіп, Тана әжейдің баласы Тайлақты сомдаған едім. Міне, елу жылдан соң Тана әжей сияқты мен де немереме келін іздеп шықтым. Өмірде емес, әрине, Құсман Шалабаевтың «Тақиялы періште-2» фильмінде.

 

????????????????????????????????????

Құсман ШАЛАБАЕВ,

қоғам қайраткері:

 

Жастарға ғибрат болатын кітап жазсам деймін

– Жаңа жылда жоспарлап отырған жұмыс көп. Ең алдымен, еліміздің өсіп-өркендеуіне өз үлесімді қоссам дей­мін. Адам мынау өтірік өмірден мәң­гілік өмірге аттан­ғанда соңында жар­қын бір іс, жақсы сөз қалуы керек қой. Өйт­кені, бүгінгі бар­лық дүние, дүние-мүлік, қаржы, байлық бәрі адамның артында қалатын дүние. Қалатыны — ізгілік, жасаған жұмысың, істеген ісің. Сондықтан рухани байлығы­мыз мол болсын дегім келеді.

Нақты мақсатыңыз дегенге айтарым, әрбір тіршіліктің басын ұстап жүрген жас­тарға ғибрат болса деген оймен бір кітап жазу ойымда. Ол кітапты оқып қана қоймай, нәтиже шығарса деймін. Ол – философиялық тұрғыдағы дүние. Сәтін салса, көктем шыға наурызда «Тақиялы періште-2» фильмін көрермендерге тарту еткелі отырмыз.

zhannat_mugamedovna_20180112_153354

Жанат ҚАРМАН,

Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайының директоры:

 

Жоспар да, мақсат та кӨп

– Өткен жыл да өзіндік өрнегімен өте шықты. Жаңа жыл басталысымен қоңыр тіршілігімізге кірісіп те кеттік. Өткен жыл менің есімде қандай ерекшелігімен қалды десеңіз, мен айтар едім…

Өзімнің көптен бері қолға алған, армандап жүрген «Мәңгілік махаббат мекені» радиохаба­рымның жүзеге асқандығы. Сол махаббат мекенінде елімізге танымал талай тұлға­лармен сұхбаттастық. Тыңдарман қауым­ның ықыласы ерекше болды. «Туған жерге туыңды тік» деген ұранмен өзімнің туған жерім Екібастұздың 60 жылдық мерей­тойына қатысып, «Елге тағзым» атты концерттік бағдарламамен барып қайттым.

«Махабат жыршысы – Роза» атты хал­қымыздың сандуғашы Роза Рым­баевамен сұхбат-концерттің телевизиялық нұсқасын жасадық. Биылғы жылға да алға қойып отырған мақсаттарым өте көп. «Мәңгілік махаббат мекені» атты радио-хабарды жандандыру басты мақсатымыз болып тұр. Қазан айында телевизиялық нұсқасын жасап, гала-концерт өткізу де жоспардағы дүние.

Танымал композитор Лұқпан Жолда­совпен бірлесіп жазған «Алаш аты асқақ­та» деген әнге бейнебаян түсіріп, халыққа жеткізу де биылғы жылдың үлесінде. Биылғы жылдың қаңтарында Ө.Жолдас­беков атындағы Студенттер сарайының ашылғанына тура 20 жыл толып отыр. Алдағы жылы қарашаңырақ — айтулы оқу ордасы әл-Фараби атындағы Ұлттық университетке 85 жыл толады. Осыған орай, Студенттер сарайына күрделі жөндеу жүргізіліп, мерейлі мерекені жап-жаңа сарайда қарсы алсақ деп армандаймын.

 

Сауалнаманы жүргізген –

Рая ЕСКЕНДІР.