АЛМАТЫНЫҢ ТӨЛ КОМАНДАСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

img_0535

Нұрлан СҮЙІН  

2017 жылдың қыркүйек айының аяғында көпшілікке таныстырылған Алматының континенталдық AppleTeam велокомандасы UCІ халықаралық лицензиясына ие болды.

Бұл лицензия алдағы уақытта коман­даның үлкен дәрежедегі урларға қатысуына мүмкіндік береді. Ол туралы ақпарат федерацияның ресми сайтында xабар­ланды. Осыған орай команданың спорттық директоры өз ойымен бөлісті.

– Біз, әрине, өте қуаныштымыз. Осыны ұзақ күткен едік және сол үшін тынбай еңбек еттік. Енді біз өзімізді команда ретінде көрсетуіміз керек, алға әзірге ешқандай биік мақсаттар қоймай­мыз. «Алматы Тур» көпкүндігінде Алма­тыда өнер көрсетеміз деп үміттенемін. Барлық ұйымдасты­рушылар біздің осы лицензиямызды күткен еді, енді жаңа жоспарлар мен кестелерге өзгерістер енгізілуі мүмкін, сондықтан олар­дың да  ұсыныстарын күтеміз, – деді Евгений Яковлев.

Айта кетер жәйт, AppleTeam құра­мында UCІ-ға кірген 15 жас әрі кәсіпқой велоша­бандоз бар. Олар енді Алматының және Қазақстанның намысын үлкен жарыстарда қорғамақ. Атап айтсақ, Илья Давиденок, Артур Федосеев, Дмитрий Риве, Ислам Усманов, Шакир Адилов, Николай Зайцев, Антон Лав­рентьев, Вадим Галеев, Олег Земляков, Илья Горбушин, Павел Гацкий, Дмит­рий Лукьянов, Мақсат Аязбаев, Алек­сандр Гладилин, Юрий Щербининдер халықаралық дәрежеде өнер көрсететін болады.

img_0536

– Бұл біз үшін өте жағымды жаңа­лық. Осы лицензияны біз ұзақ күттік, сендік, бірақ күмәнданған кездер де болды. Алай­да, осы жылға біз желтоқсан айынан дайын­далып келеміз, қазір Ыстықкөлде қызу дайындық үстіндеміз. Алда көптеген жарыстар күтіп тұр, барлығы да жақсы болады деп ойлай­мын, – дейді AppleTeam капитаны Мақсат Аязбаев.

Биылғы жылы спортшылар 16 турға қаты­сатын болады, оның ішінде жылда өтетін «Алматы Тур» да бар. Қазір команда Ыстықкөлде өтіп жатқан жиында алдағы болатын жарыстарға дайындық жүргізуде. Одан ары Түркияға аттанып, сол жақта өз бақтарын сынап көретін болады. Алғашқы жарыстардың нәтижесі бойынша үздік спортшылар анықталмақ.