АЛМАТЫНЫҢ АПТАСЫ

%d0%b0%d0%bb%d0%bc%d0%b0%d1%82%d1%8b-%d0%b4%d0%b5%d0%bc%d0%b0%d0%bb%d1%83%d0%b3%d0%b0

Алматы – демалуға ыңғайлы туристік орын

Ресейлік сарапшылар жаңа жылдық демалыс кезінде демалуға ыңғайлы қала­лар­­дың тізімін жасапты. Тізімге ТМД айма­ғындағы қалалар енген. Демалуға ыңғайлы  орындар тізімінің ішінде Алматы қаласы да бар. Ол үштіктер қатарында тұр. Рейтинг 30 желтоқсан мен 8 қаңтар аралығындағы туристердің сұранысы негізінде жасалыпты. Нәтижесінде Алма­ты сұранысқа ие қалалардың үштігіне еніпті.

Сондай-ақ, бұл тізімде Минск, Баку, Тбилиси, Ереван бар. Ресейліктердің көбі Алматыдағы Шымбұлақ курортында демалуды жөн санайды екен. Баку қала­сында ресейліктер 4 күнге, Минск қала­сында – 3-5 күнге, Тбилисиде – 3-5 күнге, Ереван қаласында – 3 күнге, ал Алматыда 6 күнге тоқтаған.

%d1%82%d1%80%d0%b0%d0%bc%d0%b2%d0%b0%d0%b9

трамвайлар бәссаудаға қойылады

Барлығы сатылымға 13 вагон шыға­рыл­мақ. «Tatra KT4D маркалы» трамвай құрамының сатылатыны туралы хабар­лама Электронды сауда алаңы сайтында шықты. Бұл техника 2013 жылы Берлинде сатып алынған екен. «Алматыэлек­тро­транс» ЖШС сатып алған 17 вагонның 13-і бәссауда арқылы сатылмақ. Қосымша құжаттарда вагондардың техникалық жағдайы қанағаттанарлық деп көрсетіл­ген. Сарапшылардың айтуынша, бұл тех­ника пайдалануға жарамды. Әр вагон­ның бағалау құны 103 510 000 теңгеге белгі­ле­ніп отыр. Бәссауда бағаның төмен­деуімен жүреді. «Бұл сауда түрінде бастап­қы баға төмендей береді. Бірінші келісім берген тұлға сатып алушы болады» делін­ген Электронды сауда алаңының сай­тында.

%d0%bf%d0%b0%d1%80%d0%ba%d0%b8%d0%bd%d0%b3

Тағы екі автотұрақ ақылы болады

Алматының Гоголь көшесіндегі екі автотұрақ ақылы режимге өтеді.  «Алматы СпецТехПаркинг» ЖШС-нің хабарла­уынша, автотұрақтар Гоголь көшесінің, яғни қаланың орталық ауданындағы бөлігінде ашылады.

Біріншісі Гоголь көшесінің Зенковтан Назарбаев көшесіне дейінгі бөлігінде орналасып, №1001-ші ақылы тұрақ айма­ғына енгізіледі. Екіншісі, Гоголь көшесінің Абылай хан көшесінен Назарбаев көше­сіне дейінгі бөлігінде ашылады. Сөйтіп, ол №1002-ші ақылы автотұрақ аймағына кіретін болады. Аталған тұрақтарда ақпараттық тақта мен ескерту белгілері орнатылып, паркоматтар қойылады.

Айта кетейік, Алматыдағы ақылы тұрақтарда көлік қалдыру үшін жүргізу­шілер сағатына 100 теңге төлеуі қажет. Ақшаны паркомат және телефоннан СМС хабарламамен немесе «Парковки Алматы» қосымшасы және Qіwі, «Касса 24» терминалдары арқылы төлеуге болады.

%d0%b1%d0%b0%d0%bb%d0%b0%d0%bb%d0%b0%d1%80

Алматыда 101 бала дүниеге келді

Алматы перзентханалары Жаңа жыл түнінде тоқтаусыз жұмыс істеді. Мәселен, 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні Алматыда 101 бала дүние есігін ашты. Оның 53-і ұл, 48-і қыз бала екен. Дәрігерлердің айтуынша, алматылықтар биыл Жаңа жылды қарсы алуда қауіп­сіздік мәселелеріне мән бере бастаған. Денсаулық сақтау басқармасы басшысы­ның орынбасары Нұржан Исабековтің айтуынша, биыл жедел жәрдем шақыру­шылар саны аз болған. Өткен жылдары 40 рет шақырылған болса, биыл 24 адам медициналық көмекке жүгінген. Олардың ішінде пиротехника­лық өнімнің жары­луынан зардап шеккен 3 адам ауруханаға жатқызылды. Ал астан, ішімдіктен улан­ған адам болмады.

 

Дайындаған – Н.АСЫЛ.