«ҮЗДІК ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ БЕЗЕНДІРУ» байқауының жеңімпаздары анықталды

5

«Үздік жаңа жылдық безендіру» бай­қауына қаланың 295 кәсіпкерлік нысаны мен түрлі мекемелер қатысты. Ұйымдастырушылар  атап өткендей, жұмыстарды бағалау барысында нысан­дардың сыртқы келбеті мен маңайдағы аумақтарды безендірудегі креативтілік, көркемдік ерекшелік және  ұтымды композициялық шешім басты назарға алынды.

7

Конкурс 12 аталым бойынша өтті. Сонымен, «СКО үздік  безендіру» номи­нациясы бойынша «Mega Park», «Отелді үздік безендіру» бойынша «The Rіtz-Carlton Almaty» жеңімпаз атанды. Өнді­ріс орындары  арасында «Нобель» фарма­цевтік фабрикасы жүлдегер деп танылды. «Бизнес-орталықты үздік безендіру» жүлдесі Еуразиялық қам­сыз­дандыру компаниясына берілді. Оқу орындары  арасындағы бәсекеде № 157  мектеп пен С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жеңімпаз атанды. Тамақтану орындарын, медицина  және мәдени-демалыс мекемелерін безендіру бойын­ша (дүкендер, кафелер, мейрамханалар және басқалары) Urban coffee кафесі,  Vіlla deі Fіorі мейрамханасы, «Алматы» санаторийі, «Аптекаплюс» дәріханасы, Ayrat nadrov дүкені мен «Эллада» сұлулық салоны үздік деп танылды.

10

Алдағы уақытта ескеретін жәйт, «Жаңа жылдық үздік безендіру — 2019» конкурсына қатысу үшін өтінімді 2019 жылдың 1 қазанына дейін беру қажет, нысандарды безендіру 2019 жылдың 15 қа­рашасында аяқталуы және безендіру 2019 жылдың 1 желтоқсаны­нан 15 ақ­панға дейін сақталуы тиіс. Конкурсқа өз ғимараттарының сыртын және  жақын орналасқан аумақты безендірген кез-келген кәсіпорын, шағын  және орта бизнес нысандары, қала мекемелері қатыса алады.

 

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».