ҚАЗАҚСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУДІҢ ПРОАКТИВТІ ПРИНЦИПІНЕ ӨТУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

9-1

2017 жылғы 29 желтоқсанда бала тууға байланысты мемле­кеттік қызметті проактивті тәсіл­мен ұсыну бойынша пилоттық жоба іске қосылды.

Азаматтар мен мемлекет қарым-қатынасының жаңа нұсқасы болып табылатын бұл жобаға сәйкес мемлекет халықты олардың қажеттіліктерін алдын-ала болжап, тиісті қызметтер және сервистермен дер кезінде қамтамасыз етеді.

Алғашқы кезеңде проактивті прин­цип адамның өмірге келуіне қатысты қызметтер бойынша жүзеге асырылды. Жаңа босанған анаға автоматы түрде оның сәбиіне беретін аты-жөні сұратылған хабарлама келеді. Басқа мәліметтерді тіркеуші орган тиісті ақпараттық жүйелерден жинап, ал өзге деректерді SMS хабарлама арқылы ата-анадан сұрайды. Сондай-ақ, телефон арқылы шот нөмірін жіберіп, жәрдем­ақыларды рәсімдеуге және балабақшаға кезекке қоюға болады. Ал халыққа қызмет көрсету орталығына баланың куәлігін алып кету үшін ғана келу керек немесе үйге жеткізу қызметін пайдала­нуға болады.

Проактивті қызметке қол жеткізу үшін мобильді азаматтар базасына тіркелу қажет. Ол үшін азаматтар портал­дағы жеке кабинетінде телефон нөмірін жеке сәйкестендіру нөміріне байланыстырып қоюлары тиіс. Оны азаматтар халыққа қызмет көрсету орталығындағы «Connectіonpoіnt» өзіне-өзі қызмет көрсету секторын пайдаланып, қажет болған жағдайда оператордың кеңесіне жүгіну арқылы жасай алады.

Бүгінгі таңда 4 мыңдай әйелге SMS-хабарлама арқылы құттықтау келіп, телефонның көмегімен бала тууды тіркеуге ұсыныс жасалды. Алайда, жоба жүзеге асырылғаны уақыттан бері оны тек әрбір алтыншы әйел ғана мұндай мүмкіндікті пайдаланған.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қазақстан­дықтарды осы пилоттық жобаны талқы­лауға шақырады: сіздер проактивті қызмет көрсету жөніндегі ойларыңызды ортаға салып, шағым-ескертулер болса, ашық айтып, ұсыныс жасай аласыздар. Пікірлеріңізді мемлекеттік корпора­цияның Facebook желісіндегі ресми парақшасында қалдыра аласыздар.

 

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».