ТӘТТІ КОМПАНИЯНЫҢ СЫЙЫ

«Шин-Лайн» қызметкерлері балалар үйінің тәрбиеленушілерін «Медеуге» апарды

mas_7561

Жаңа жылдың қарса­ңында қайырымдылық іс-шараларымен көрініп жүрген «Шин-Лайн» ком­­па­ниясы «Ков­чег» балалар үйінің тәр­бие­ленушіле­ріне мерекелік сый жаса­ды. Компания қызметкер­лері балаларды арнайы автобус­пен «Ме­деу» мұз айдынына  апа­рып, мере­ке ұйымдас­тырды.

Нұрлан СҮЙІН

Қысқы каникулды мерекемен бастаған «Ковчег» тәрбиеленушілері мұз айдынында коньки теуіп, мерекелік бағдарламаны тамашалады. Балаларға «Шин-Лайн» өнімдері тәтті балмұздақ­тар таратылды. Бұл мереке «Медеу» кешенінің басшылығы мен «Іnstructors of Almaty» мектебінің кәсіби жаттық­ты­ру­шыларының қолдауы арқасында өтті», — дейді «Шин-Лайн» қызметкер­лері. Ал көтеріңкі көңіл-күй мен мұз­дағы би бағдарламасына аниматорлар жауап берді. Олар сүйікті мульт­фильмдер желісі бойынша қойылымдар көрсетті. Балалар болса аяқтарына коньки іліп, «Рекордтар фабрикасы­ның» мұз айдынында армансыз сырға­нады. «Шин-Лайн» компаниясы­ның балмұздақтарын да қалағанынша тәт­тіледі. Ал іс-шараға келе алмаған бала­ларға компания қызметкерлері балмұз­дақтарды балалар үйіне жеткізіп берді.

– «Ковчегтің» балалары біраздан бері біздің достарымызға айналған. Біздің компания балалар үйіне үнемі қамқорлық көрсетіп, олар да «Шин-Лайн» өнімдеріне үйреніп алған. Міне, жаңа жылдық мерекені де «тәтті» қылып өткізуді жөн көрдік. Жалпы, «Шин-Лайн» әлеуметтік жауапкершілігі жоғары компания ретінде, ата-анасыз балалар, басқа да мәселелерге аса мән береді, – дейді «Шин-Лайн» компания­сының менеджері Ирма Вострова.

mas_7473

Расында да компания көңілі қаяу балаларға бір күн болса да алаңсыз мереке сыйлады.

– Таудың таза ауасы, белсенді дема­лыс және тәтті сыйлықтар, біздің бала­лар үшін шынында да керемет мереке болып жатыр. Біз осынау мейрамды ұйымдастырушыларға таза, балалық махаббатпен рахмет айтамыз, – дейді «Ковчег» балалар үйінің дирек­торы М.Сугакова.

«Шин-Лайн» компаниясының негізі 1995 жылы қаланған.

«Евромонитор» сараптамасы бойынша «Шин-Лайн» Қазақстан нарығының 35 пайызын балмұздақпен қамтамасыз етеді.

Компания балмұздақтың 140 түрін шығарады.

Компанияда екі мыңнан астам адам жұмыс істейді, Қазақстан мен Ресейде 15 филиалы бар.

«Шин-Лайн» «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі» бағдарла­масының қатысушысы.

 

Кәсіпкерлік – нарықты дамытудың кепілі

Қазіргі таңда Елбасының зор қолда­уына ие болып отырған кәсіпкерлікті қолдау, шағын және орта бизнесті дамыту бәсекеге қабілетті мемлекеттердің қата­рына енуді діттеген Қазақстан үшін өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Өйтке­ні, кәсіпкерлікті өркендету, түптеп кел­ген­де нарықты дамытудың кепілі. Кон­сти­туцияға сәйкес, республика азамат­тары кәсіпкерлік қызмет еркінді­гіне, өз мүлкін кез-келген заңды кәсіп­керлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқылы. Осы ретте әрбір азамат кәсібін ашып, мемлекет қолдауына ие бола  алады. Заңды тұлға­ларды тіркеу тәртібін оңтай­ландыру – жеке кәсіпкерлікті мемлекет­тік қолдау мақсатында жасал­ған қадам. Сондықтан қолданыстағы заңна­маларға заман тала­бы­на сай өзгерістер үздіксіз енгізіліп келеді. Ал заңдағы сол өзге­рістерді халық­қа, кәсіп­керлерге жеткізу, насихат жұмыстарын жүргізіп, құқықтық кеңес­термен ақпа­раттандыру – әділет органдарына жүк­телген міндет.

А.МАХАМБЕТОВ,

Алатау ауданы

Әділет басқармасының басшысы.

 

Балабақшадағы тағылымдық кеш

Алматыдағы №8 балабақшада «Отан деп соққан жүрегім, Тәуелсіздік – тірегім» атты Қазақстан тәуелсіздігінің 26 жылды­ғына арналған әдеби-сазды кеш өтті. Балабақша меңгерушісі Күлдархан Кәрі­баеваның салтанатты құттықтауымен ашылған кешке балабақ­ша­ның кіші топтары, ата-аналар, арнайы қонақтар қатысты. Мерекелік шараны кіші топтың тәрбиешісі Советгүл Нұрға­былова ұйымдастырды. Шараның мақса­ты балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, олардың қызығушылықтарын арттыру болатын.  Балалар алдын-ала дайындал­ған сценарий бойынша өнер көрсетіп, кештің мазмұны мен тақырыбын жан-жақты ашты. Кеште тәрбиешілерінің басшылығымен балдырғандар асқақтата ән салып, би биледі. Атап айтқанда, кішкентай болса да, кештің тізгінін ұстап, жүргізген Бектас Рафиқовтың өнеріне, сондай-ақ, Кәусар Дүйсекеева, Айлан Бақытжан, Інжу Серікқали, т.б. балдыр­ған­дардың айтқан тақпақтарына, салған әндеріне көрермен риза болды. Ойындар ойналып, тақпақтар айтылды. Сөйтіп, олар үлкен қуанышқа кенелді. Балалар­дың жүздерінен ерекше ризашылықты байқау қиын болған жоқ. Осылайша №8 балабақшаның қызметкерлері барша тәрбиеленушілердің таным көкжиегін кеңейту мақсатында осындай игі істерді атқарып келе жатқаны өте құптарлық.

С.НҰРҒАБЫЛОВА,

мектепке даярлық тобының жетекшісі.