ТҰЛҒАТАНУ ҮРДІСІ ЖАЛҒАСА БЕРЕДІ

Өз ой-пікірімен де, іс-әрекетімен де көпшілікке темірқазық бола білетін дара тұлғалардың орны қашан да бөлек. Қоғам­дық санаға қозғау салатын да, үлгі-өнеге­сімен ел-жұртты соңынан ерте алатын да, адамның жанын ізгілендіріп, рухани баюға бағыт нұсқап, жол көрсе­тетіндер де – солар.   

«Алматы ақшамы» тұлғатану мәселе­леріне үнемі жіті көңіл бөліп, осы тақы­рып­ты жан-жақты тарата жазып келе жатыр. Оқырман бұған «Тұлғатану», «Тұлға-тағдыр», «Адам­дар. Жылдар. Тағдырлар», «Жарық жұлдыздар», «Бұрынғының адамдары-ай!» және тағы да басқа тұрақты айдар­ларымыз арқылы көз жеткізе алады. Бұл айдарлар аясында еліміздің және шет ел­дің кеудесі қазынаға толы кемеңгерлері мен ойшылда­ры­ның, қалам қайраткер­лері мен сахна саңлақтарының, өнер майталмандары мен спорт сайыпқы­рандарының ғұмырындағы қызықтар мен шыжықтар баяндалады.

Осы орайда біз «Биыл кімдердің мерей­тойлары болады?» деген сауалға жауап іздеп, бірауық күнтізбеге үңіліп, біраз ғалам­­тор ақтарған едік. Сол талпы­нысы­мыздың нәтижесін назар­ларыңызға ұсына отырып, босағамыздан бері аттап үлгерген 2018 жылы да газеттің тұлға­тану саласын­дағы игі дәстүрі әрі қарай жалғаса беретінін естеріңізге саламыз.

%d0%b0%d0%bc%d1%80%d0%b5-%d0%ba%d0%b0%d1%88%d0%b0%d1%83%d0%b1%d0%b0%d0%b5%d0%b2

 

Қаңтар

1 қаңтарда мәдениеттанушы-ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері  Мұрат Әуезов 75 жасқа;

3 қаңтарда ҚР еңбек сіңірген әртісі, актриса Ғазиза Әбдінәбиева 70 жасқа толды.

11 қаңтарда жазушы, аудармашы Сайлаубай Жұбатырұлы 70 жасқа;

17 қаңтарда саңлақ суретші, шарж шебері Еркін Нұразхан 65 жасқа;

24 қаңтарда кинорежиссер Ермек Шынарбаев 65 жасқа толады.

%d0%bc%d1%83%d0%ba%d0%b0%d0%bd-%d1%82%d0%be%d0%bb%d0%b5%d0%b1%d0%b0%d0%b5%d0%b2

Бұл айда Қазақстанның халық әртісі Бикен Римованың туғанына 95 жыл (01.01), көрнекті театр актрисасы Аққағаз Мәм­бето­ваның туғанына 95 жыл (01.01), Қазақ­станның еңбек сіңірген әртісі, әнші, актер Болат Сыбановтың туғанына 80 жыл (10.01), ҚР Мемлекеттік сыйлығының лау­реаты, жазушы-драматург Баққожа Мұқаи­дың туғанына 70 жыл (31.01) толады.

 

%d1%82%d0%b5%d0%bci%d1%80%d0%b1%d0%b5%d0%ba

Ақпан

1 ақпанда композитор, ҚР халық әртісі Алтынбек Қоразбаев 70 жасқа;

8 ақпанда Қазақстанның еңбек сіңірген қай­раткері, «Құрмет» орденінің иегері, актри­са Ғайникамал Байқошқарова 75 жасқа;

9 ақпанда Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, ақын Ғалым Жайлыбай 60 жасқа;

10 ақпанда сыншы, ғалым, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Зейнолла Серікқалиев 80 жасқа:

11 ақпанда Қазақстанның халық әртісі, актер, режиссер Юрий Померанцев 95 жасқа;

12 ақпанда даңқты желаяқ, КСРО рекорд­шысы, «Құрмет» орденінің иегері Әмин Тұяқов 80 жасқа;

%d1%81%d1%83%d0%bb%d1%82%d0%b0%d0%bd-%d0%ba%d0%be%d0%b6%d1%8b%d0%ba%d0%be%d0%b2

16 ақпанда ҚР ҰҒА академигі, фило­софия ғылымының докторы, профессор Жабайхан Әбділдин 85 жасқа;

18 ақпанда мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР ҰҒА академигі, экономика ғы­лымдарының докторы, профессор Кенже­ғали Сағадиев 80 жасқа;

22 ақпанда Қазақстанның еңбек сіңір­ген қайраткері, ұстаз, профессор Дариға Тұранқұлова 70 жасқа;

28 ақпанда Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ақын Әбубә­кір Қайран 60 жасқа толады.

Бұл айда Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, композитор Садық Кәрімбаевтың туға­нына 100 жыл (28.02), Қазақстанның халық әртісі,  Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, актер Кененбай Қожабековтің туғанына 90 жыл (09.02), Қазақстанның халық әртісі, актер Қарғамбай Сатаевтың туғанына 80 жыл (28.02), Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, график-суретші Салихитдин Айтбаевтың туғанына 80 жыл (15.02), Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, әнші Ермек Әбілдаевтың туға­нына 70 жыл (28.02), ақын, айтыскер Есенқұл Жақыпбековтің туғанына 65 жыл (10.02) толады.

%d0%b0%d0%b9%d1%82%d0%bc%d0%b0%d1%82%d0%be%d0%b2_%d1%87%d0%b8%d0%bd%d0%b3%d0%b8%d0%b7_%d1%82%d0%be%d1%80%d0%b5%d0%ba%d1%83%d0%bb%d0%be%d0%b2%d0%b8%d1%87

Наурыз

15 наурызда Қазақстанның халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лау­реаты, Қазақ Ұлттық Өнер универси­тетінің ректоры Айман Мұсақожаевамен киноре­жиссер Дәрежан Өмірбаев 60 жасқа;

17 наурызда дәстүрлі ән өнерінің май­талманы, термеші Жоламан Құжиманов 60 жасқа;

18 наурызда Қазақстанның еңбек сіңір­ген қайраткері, филология ғылымының докторы, публицист, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының дирек­торы Уәлихан Қалижан 70 жасқа;

24 наурызда «Түркі әлеміне қызметі үшін» халықаралық сыйлығының иегері, ақын Рафаэль Ниязбеков 75 жасқа;

25 наурызда «Шал» фильмі арқылы та­ныл­ған актер Ерболат Тоғызақов 70 жасқа толады.

%d1%80%d0%b0%d0%b9%d1%8b%d0%bc%d0%b1%d0%b5%d0%ba-%d1%81%d0%b5%d0%b9%d1%82%d0%bc%d0%b5%d1%82%d0%be%d0%b2

Бұл айда ғалым, қазақ тілі әдіснама­сы­ның негізін салушылардың бірі, педагогика ғылымының кандидаты, доцент Шам­ғали Сарыбаевтың туғанына 125 жыл (11.03), КСРО халық әртісі, композитор, дирижер Мұқан Төлебаевтың туғанына 105 жыл (13.03), әйгілі кинорежиссер, Қа­зақ­стан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Сұлтан Қожықовтың туғанына 95 жыл (10.03), Қазақстанның халық әртісі, даңқты диктор Әнуарбек Байжанбаевтың туғанына 95 жыл (26.03), Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Плати­налы «Тарлан» сыйлығының иегері, актер, режиссер Райымбек Сейтметовтің туға­нына 80 жыл (02.03), ҚР ҰҒА акаде­мигі, физика-математика ғылымының док­торы, профессор Мейірхан Әбділдиннің туғанына 80 жыл (16.03), М.Жұмабайұлы атындағы сыйлықтың лауреаты, ақын, аудар­машы Жарасқан Әбдіраштың туға­нына 70 жыл (07.03), Г.Андерсен атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты, жазу­шы, публицист Марат Қабанбайдың туға­нына 70 жыл (22.03), француз тілінің мама­ны, аударма­шы, әдебиетші Ғалымжан Мұ­қа­новтың туғанына 65 жыл (15.03) толады.

%d1%82%d0%b0%d0%b9%d1%8b%d1%80

Сәуір

2 сәуірде кинорежиссер Сламбек Тәуекел 70 жасқа;

3 сәуірде Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, әнші, профессор Кенжеғали Мыр­жықбай 65 жасқа;

4 сәуірде Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, киноактриса Жанна Қуанышева 60 жасқа;

9 сәуірде жазушы, Т.Айбергенов атындағы сыйлықтың иегері, халықаралық әдеби байқаулардың жүлдегері Төкен Әлжантегі 65 жасқа;

15 сәуірде Қазақстанның халық әртісі, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері, театр актрисасы Роза Әшірбекова 80 жасқа толады.

%d0%b1%d0%b8%d0%ba%d0%b5%d0%bd-%d1%80%d0%b8%d0%bc%d0%be%d0%b2%d0%b0

Бұл айда Алаш қозғалысының қайрат­кері, дәрігер, ұстаз, ғалым Халел Досмұхам­медұлының туғанына 135 жыл (24.04), сахна өнерінің шебері, КСРО халық әртісі, КСРО Мем­лекеттік сыйлығының иегері Қалибек Қуанышбаевтың туғанына 125 жыл (25.04), Қазақстанның Халық Қаһарманы, Халық­аралық Фадеев атындағы сыйлықтың лау­реаты, жазушы Қасым Қайсеновтің туға­ны­на 100 жыл (23.04), Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, актер, режиссер Нұрмұхан Жантөриннің туғанына 90 жыл (23.04), әдебиетші-ғалым, сыншы, аудармашы Жұмағали Ысмағұ­лов­тың туғанына 90 жыл (17.04), филология ғылымының докторы, профессор, жазу­шы-фантаст Абдулхамит Мархабаевтың туғанына 80 жыл (18.04), ҚР еңбек сіңірген бапкері, әйгілі балуан Әбілсейіт Айханов­тың туғанына 80 жыл (15.04) толады.

%d1%82%d0%b0%d0%ba%d0%b5%d0%bd

Мамыр

1 мамырда ақын, ән мәтіндерінің шебері Әбдірахман Асылбек 80 жасқа;

5 мамырда Қазақстанның халық әртісі, актер, профессор, ҚР Білім беру ісінің үздігі Тілектес Мейрамов 70 жасқа;

19 мамырда заң ғылымының док­то­ры, профессор Есберген Алауханов 60 жасқа;

20 мамырда ақын, аудармашы Жүкел Хамай 60 жасқа;

29 мамырда тарих ғылымының док­торы, профессор Талас Омарбеков 70 жас­қа толады.

%d0%b8%d1%81%d0%bb%d0%b0%d0%bc

Бұл айда қазақтың тұңғыш дәрігер қызы Аққағаз Досжанованың туғанына 125 жыл (25.05), қазақ кескіндеме өнерінің негізін салушы, Қазақстанның халық сурет­шісі Әубәкір Ысмайыловтың туғанына 115 жыл (13.05), журналист, жазушы, аудармашы Рахметолла Райымқұловтың туғанына 115 жыл (11.05), Қазақстанның халық әртісі, әнші, педагог, профессор Бекен Жылысбаевтың туғанына 95 жыл (09.05), ҚР ҰҒА академигі, әдебиеттанушы-ғалым, профессор Зәки Ахметовтің туға­нына 90 жыл (04.05), Қазақстанның халық суретшісі Сабыр Мәмбеевтің туғанына 90 жыл (01.05), жазушы, аудармашы, спорт журналисі Сейдахмет Бердіқұловтың туға­нына 85 жыл (09.05), жазушы-сықақшы, аудармашы Есенжол Домбаевтың туғанына 80 жыл (12.05), Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, көр­некті театр және кино актері Әнуар Молда­бековтің туғанына 80 жыл (20.05), Қазақ­станның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Сәкен Иманасовтың туғанына 80 жыл (02.05) толады.

%d0%bd%d1%83%d1%80%d0%bc%d0%b0%d1%85%d0%b0%d0%bd-%d0%b6%d0%b0%d0%bd%d1%82%d1%83%d1%80%d0%b8%d0%bd

Маусым

3 маусымда ҚР ҰҒА академигі, эко­номика ғылымының докторы, профес­сор, мемлекет және қоғам қайраткері Көпжасар Нәрібаев 80 жасқа;

4 маусымда Қазақстанның халық әрті­сі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, опе­ра әншісі Нұржамал Үсенбаева 60 жасқа;

6 маусымда филология ғылымының докторы, профессор Қансейіт Әбдезұлы 65 жасқа;

17 маусымда мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР Парламенті Сенатының төр­ағасы Қасымжомарт Тоқаев 65 жасқа;

20 маусымда ақын Тыныштықбек Әбдікәкімұлы 65 жасқа толады.

%d0%be%d1%80%d0%b0%d0%bb%d1%85%d0%b0%d0%bd-%d0%b1%d0%be%d0%ba%d0%b5%d0%b9

Бұл айда Алаш қозғалысының қайрат­кері, ақын Мағжан Жұмабайұлының туға­нына 125 жыл (25.06), Қазақстанның халық әртісі, театр және кино актері Мұхтар Бақты­гереевтің туғанына 85 жыл (15.06), театртанушы, аудармашы Кәдірбек Уәлиев­тің туғанына 80 жыл (20.06), Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, театр және кино актері Владимир Толоконниковтың туғанына 75 жыл (26.06), мәдениеттанушы, аудармашы, философия ғылымының кандидаты Әуезхан Қодардың туғанына 60 жыл (12.06) толады.

 

Шілде

22 шілдеде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, театр және кино актрисасы Қымбат Тілеуова 60 жасқа;

27 шілдеде композитор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Төлеген Мұхамед­жанов 70 жасқа толады.

%d0%b0%d0%bc%d0%b8%d0%bd

Бұл айда қазақтың әйгілі әншісі, атақты актері Әміре Қашаубаевтың туғанына 130 жыл, Қазақстанның халық әртісі, театр актрисасы Жамал Бектасованың туғанына 95 жыл (01.07), мемлекет және қоғам қай­рат­кері, «Экология» халықтық академия­сының академигі Кешірім Бозтаевтың туғанына 85 жыл (25.07), Қазақстанның халық әртісі, дирижер Төлепберген Әбді­рашевтің туғанына 70 жыл (26.07) толады.

Тамыз

4 тамызда Т.Айбергенов атындағы сыйлықтың, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлы­ғының лауреаты, ақын Қасымхан Бегманов 60 жасқа;

%d0%bc%d0%b8%d1%85%d0%b0%d0%b8%d0%bb

8 тамызда Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» және «Парасат» орден­дерінің иегері, кино актері Димаш Ахимов 70 жасқа;

10 тамызда Қазақстанның еңбек сіңір­ген қайраткері, композитор, әйгілі «Дос-Мұқасан» ансамблінің негізін қалаушы Мұрат Құсайынов 70 жасқа;

15 тамызда Қазақстанның халық әртісі, театр актрисасы Торғын Тасыбекова 80 жасқа; ал Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, әнші Ұлжан Айнақұлова 60 жасқа;

26 тамызда белгілі қазақстандық боксшы, Еуропа чемпионы, Мәскеу Олим­пи­адасының күміс жүлдегері Виктор Демьяненко 60 жасқа толады.

Бұл айда аудармашы, ұстаз, журналист Ісләм Жарылғаповтың туғанына 100 жыл (04.08), ақын, әдебиет зерттеушісі Қайнекей Жармағамбетовтің туғанына 100 жыл (25.08), ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ғафу Қайырбековтің туғанына 90 жыл (15.08), ақын, «Құрмет» орденінің иегері Өтежан Нұрғалиевтің туғанына 80 жыл (15.08), ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, жазушы Оразбек Сәрсенбайдың туғанына 80 жыл (20.08), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, кинотанушы, өнер тарихы профессоры Бауыржан Нөгер­бектің туғанына 70 жыл (06.08) толады.

%d0%b0%d0%bd%d1%83%d0%b0%d1%80-%d0%bc%d0%be%d0%bb%d0%b4%d0%b0%d0%b1%d0%b5%d0%ba%d0%be%d0%b2

Қыркүйек

4 қыркүйекте ақын, «Құрмет» орденінің иегері Жадыра Дәрібаева 70 жасқа;

9 қыркүйекте ҚР Мемлекеттік сыйлы­ғы­ның иегері, жазушы, драматург, «Құрмет» орденінің иегері Әкім Тарази 85 жасқа;

12 қыркүйекте Қазақстанның халық әртісі, биші Гүлжан Талпақова 70 жасқа;

13 қыркүйекте Қазақстанның халық әртісі, балетмейстер Болат Аюханов 80 жасқа толады.

Бұл айда ақын Тайыр Жароковтың туғанына 110 жыл (26.09), Социалистік Еңбек Ері, ғалым, шежіреші, атбегі Бошай Кітапбаевтың туғанына 95 жыл (02.09), мемлекет және қоғам қайраткері Михаил Есенәлиевтің туғанына 90 жыл (15.09), ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымының док­торы, профессор Тоқмұхаммед Садықов­тың туғанына 80 жыл (26.09), ҚР Мем­лекеттік сыйлығының лауреаты, жазушы-драматург Оралхан Бөкейдің туғанына 75 жыл (28.09) толады.

%d1%82%d0%be%d0%ba%d0%b0%d0%b5%d0%b2

Қазан

2 қазанда Қазақстанның халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, актер, режиссер Тұңғышбай әл-Тарази 70 жасқа;

11 қазанда тарих ғылымының докторы, профессор Хангелді Әбжанов 65 жасқа;

17 қазанда балалар жазушысы Шәкен Күмісбайұлы мен ақын Мінуар Әкімханов 75 жасқа;

24 қазанда Қазақстанның еңбек сіңір­ген қайраткері, Махамбет атындағы сый­лықтың лауреаты, ақын, журналист Қой­шығұл Жылқышиев 70 жасқа;

27 қазанда белгілі театр және кино актрисасы Майра Омар 60 жасқа толады.

Бұл айда жазушы, ұстаз, қоғам қай­рат­кері Спандияр Көбеевтің туғанына 140 жыл (01.10), Алаш қозғалысы жетекшіле­рінің бірі, публицист Халел Ғаббасовтың туғанына 130 жыл (01.10), ақын, жазушы, ағартушы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына 125 жыл (28.10), Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, актер Қалкен Әділ­шіновтің туғанына 105 жыл (15.10), Қазақ­станның халық жазушысы, драматург Тахауи Ахтановтың туғанына 95 жыл (25.10), Қазақстанның халық жазушысы, ақын Мұзафар Әлімбаевтың туғанына 95 жыл (29.10), Өзбекстанның еңбек сіңірген әртісі, қазақ актері, әншісі Мұхтар Өте­баев­тың туғанына 90 жыл (10.10), фило­софия ғылымының докторы, профессор, қоғам қайраткері Сәбетқазы Ақатайдың туғанына 80 жыл (11.10), Қазақстанның Мемлекеттік туының авторы, суретші, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Шәкен Ниязбековтің туғанына 80 жыл (12.10), Қазақстанның халық әртісі, композитор Әсет Бейсеуовтің туғанына 80 жыл (13.10) толады.

 

Қараша

 

11 қарашада ҚР еңбек сіңірген қай­рат­кері, суретші Есенгелді Тұяқов 70 жасқа;

15 қарашада ҚР ҰҒА академигі, фило­логия ғылымының докторы, про­фессор, әдебиет зерттеушісі Жанғара Дәде­баев 70 жасқа; ал тарих ғылымының докторы, профессор Әбдеш Төлеубаев 65 жасқа;

20 қарашада ақын, журналист Мәди Қайыңбаев 60 жасқа;

21 қарашада Қазақстанның еңбек сіңір­ген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері, театр актрисасы Рашида Хаджиева 70 жасқа толады.

Бұл айда ақын, жазушы, әдебиет сын­шысы Тәкен Әлімқұловтың туғанына 100 жыл (22.11), КСРО және Қазақстан­ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, допты хоккейден және көгалдағы хоккей­ден бірнеше дүркін КСРО чемпионы Эдуард Айрихтің туғанына 100 жыл (20.11), фило­логия ғылымының докторы, профессор, ақын, әдебиеттанушы Бақыт Кәрібаева 75 жасқа (02.11) толады.

Желтоқсан

 

5 желтоқсанда Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, жазушы, аударма­шы Құрманғазы Қараманұлы 75 жасқа;

15 желтоқсанда филология ғылым­ының докторы, ғалым, журналист, ұстаз Файзол­ла Оразаев 80 жасқа; ақын, аудармашы, «Құрмет» орденінің иегері Сейфолла Оспан 80 жасқа; ал Қазақстан Педагогикалық Ғылымдары Академиясы­ның академигі, Қазақстанның Еңбек Ері, «Алтын жұлдыз» және «Отан орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Аягүл Миразова 70 жасқа;

23 желтоқсанда ардагер журналист, аудармашы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Уахап Қыдырханұлы 85 жасқа; актер, режиссер, Қазақстан­ның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шапай Зұлқашев 80 жасқа; ал жазушы, қоғам қай­раткері Алтыншаш Жағанова 75 жасқа толады.

Бұл айда қазақ тіл білімінің негізін салу­шылардың бірі, белгілі түрколог, филология ғылымының докторы, про­фессор Сәрсен Аманжоловтың туғанына 115 жыл (27.12), жазушы, аудармашы, Мемлекеттік сыйлық­тың лауреаты Хамза Есенжановтың туға­нына 110 жыл (25.12), жазушы, аудармашы Жекен Жұмахановтың туғанына 105 жыл (02.12), Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын Қалижан Бекхожиннің туғанына 105 жыл (15.12), филология ғылымының докторы, профессор, әдебиет зерттеушісі Ханғали Сүйіншәлиевтің туға­нына 100 жыл (05.12), жазушы, аудармашы Өтебай Қанахиннің туғанына 95 жыл (17.12), филология ғылы­мының докторы, әдебиеттанушы-ғалым Мырзабек Дүйсенов­тің туғанына 90 жыл (20.12), Қыр­ғыз­станның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Шыңғыс Айтматов­тың туғанына 90 жыл (12.12), ақын, әде­биеттанушы Әбіраш Жәмішевтің туғанына 90 жыл (05.12), жазушы, драма­тург, әдебиет сыншысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауре­аты Асқар Сүлейменовтің туғанына 80 жыл (29.12), Қазақстанның еңбек сіңірген қайрат­кері, жазушы, журналист, баспагер Нұрмахан Оразбектің туғанына 80 жыл (01.12) толады.

* * *

Сондай-ақ, 2018 жылы көрнекті мемле­кет және қоғам қайраткері Темірбек Жүр­геновтің туғанына 120 жыл, Қазақстанның халық ақыны, күйші-композитор Нұрхан Ахметбековтің туғанына 115 жыл, күйші-домбырашы Төлеген Момбековтің туға­нына 100 жыл, жазушы Ақан Нұрманов пен талай жыл «Алматы ақшамы» газетінде Бас редактордың орынбасары болып қызмет атқарған журналист Бақытжан Жиенға­лиевтің туғанына 85 жыл, журналист, публицист, аудармашы, ұстаз Серік Әбді­райымұлының туғанына 75 жыл толмақ.

 

Әрине, мерейлі даталар тізімі мұнымен шектелмейді. Біз күн­тізбеге қарап отырып, өз наза­рымызға іліккен белгілі тұлға­ларды ғана атап көрсеттік. Ал біз ақтарған күнтізбеден табылма­ған, сөйтіп, абайсызда ұмыт қал­ған кісілер болса, олар немесе олардың туыстары түсіністікпен қарайды деп ойлаймыз.