ЖОЛДАУҒА — ҚОЛДАУ

5-1

Жаныма жақын тақырып

Тәуелсіз Қазақстанның көпұлтты, тату халқын жарқын болашаққа баста­ған ҚР Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халыққа Жол­дауы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкін­діктері» деп айдар­ланыпты. Елдің эконо­микалық-кәсіпкер­лік орталығы – Алматыда тәуелсіздік тұсын­да жол-көпір құрылысы өндірісін жолға қойған құрылыс өнеркәсібі сала­сының өкілі маған өте жақын тақырыптағы Жолдау болды.

Мен Жолдаудың бастауында айтыл­ған төртінші өнеркәсіптік революция жағдайы тәуелсіздік жылдарында Алматыда да қалыптасқаны белгілі. Біз Алматы өндірісі­нің өкілі ретінде оның куәсі болдық. Таби­ғи шикізат, ірі өңдеу саласы жоқ Алматыда өнеркәсіптік революцияны шағын және орта бизнесті (ШОБ) дамыту, тұралап қалған өндіріс орындарын уақыт талабына сай жаңғырту негізінде, жаңа техноло­гия­лар, индустриалды-инновациялық жетістік­терді ендіру арқылы жасау мүмкін болды.

Тәуелсіз Қазақстанда экономиканы дамы­тып, өндірісті қалыптастыруда ешқан­дай ұлтқа, текке басымдылық берілмей кәсіби мамандардың көмегімен дамыту қолға алынды. Бүгінгі таңда Елбасы тапсыр­масы негізінде кәсіби жұмысшы мамандықтарын дайындау қолға алынып, кәсіби колледждерде тегін оқыту жолға қойылған.

Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайын өзіміздің өндіріс орны «Алматы көпір құрылымдары зауыты» (АЗМК) мыса­лында айтуға болады. АЗМК тәуелсіздік бастауында сайлау негізінде директоры бекітіліп, уақыт талабы бойынша қайта құрылымдалып, жанданған өндіріс орны. Зауыт бүгінгі таңда Қазақстан көпір құрылымдары саласының көшбасында тұр. Соңғы технологиялар бойынша жасалған зауыт өнімдері елдің барлық аймақтарында жол-көпір құрылысын қамтамасыз етіп, көрші мемлекеттерге де (Ресей, Өзбек­стан, т.б.) шығару деңгейіне жетті. Зауытта Елбасы Жолдауларында көр­сетілген даму жолдары қолға алынған.

– Зауытқа кәсіби мамандар дайын­дауда Алматыдағы оқу орындармен келі­сім-шарт жасасып, кәсіби құры­лыс­шы-мамандар өндіріске алынады. Зауыт өз есебінен біліктілікті шыңдау мақсатында қызметкерлерін отандық, шетелдік оқу орындарына оқуға жіберіп тұрды.

– Өндірісте жаңа технологиялар, инновациялар енгізіліп, нәтижесінде халық­аралық деңгейде бәсекеге қабі­летті өнім шығарып отыр.

– Зауыт жұмысшыларының әлеу­меттік жағдайы барлық жағынан қам­тылған. Басқа да, бүгінгі күн талабына сай жағдай­лар жасалған.

Осының барлығы Елбасы өз Жол­дау­ларында көрсетіп берген бағдар­ламалар негізінде жүзеге асуда.

ҚР Президентінің биылғы Жолдауы да өндірісшілерге ел дамуына үлес қосу мүм­кіндіктерін көрсетіп беріп отыр. Тәуелсіз Қазақстанның өндіріс сала­сын­да жүрген әрбір азаматы осыған өз үлесін қосады деп ойлаймын.

Ахмеджан ШАРДИНОВ,

«АЗМК-групп» ЖШС Дирек­торлар кеңесінің төрағасы, Алматы қалалық Қоғам­дық кеңесі комиссиясының төрағасы, «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің мүшесі, ҚХА президиум мүшесі.

 

БАСТЫ МІНДЕТ —БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ МАМАН ДАЯРЛАУ

Елбасымыз Н.Назарбаевтың жаңа  «Төртінші өнеркәсіптік революция жағ­да­йындағы дамудың жаңа мүмкін­діктері» атты Жолдауы еліміздегі әрбір саланың алдында тұрған басты міндет­тер мен мақсаттарды  тағы да айқын және нақты белгілеп берді.   Он кезең­нен тұратын Жолдаудағы «Адами капи­тал – жаңғыру негізі» атты  жетінші кезеңде айтылған «Үздік денсаулық сақтау ісі және дені сау ұлт»  бағыты арқылы Президентіміз  денсаулық сақтау саласында қызмет атқаратын және жоғары медициналық оқу орын­дарына  уақыт талабына сай мамандар даярлау бағытында үлкен жауапкер­шілік жүктеп отыр.  Білікті де білгір мамандар мен өз кәсібінің шеберлері қай кезде болсын, үлкен сұранысқа ие  екендігі даусыз. Бұл бағытта  еліміздегі  жоғары медициналық оқу орындарының қара шаңырағы болып саналатын    С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінде қазіргі таңда жаңа бағыттармен білім берудің халықаралық стандарттарына сай  жүйелер қолданысқа еніп, жаңа заманның жаңа талаптарына лайықты мамандар даярлау ісі қолға алынуда.  ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен Н.Назарбаев Университе­тінің медици­налық мектебінің тәжіри­белеріне сүйене отырып,  универси­теттегі бар­лық факультеттер  мектеп­терге бірік­тіріліп, университет клини­ка­сының жұмысын жандандыру,  сту­денттердің білім мен тәжірибені қатар алып жүрулеріне қажетті  жағ­дайлар жасау қолға алынуда. Сондай-ақ, оқу ор­нында үштілділік тұғырна­маға ай­рық­ша мән беріліп, латын тілін тек меди­цина тілі ретінде ғана емес, қолда­ныс тілі ретінде оқыту мәселелері талқыла­нуда. Осы Жол­дауда  айтылған  «Халық ден­­саулы­ғын және денсаулық сақтау жүйесі  туралы» Кодек­стің жаңа редак­ция­сын жасау жөніндегі ұсынысты толық қолдай­мыз.  Денсаулық туралы заң­ның да заман талабына сай болғаны абзал.

Талғат НҰРҒОЖИН,

С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина универси­тетінің ректоры, медицина ғылы­мы­ның докторы, профессор.

 

Жолдау қағидасы – тиімді басқаруды талап етеді

Елбасы биылғы халыққа арнаған Жолдауын екінші (жазбаша) тәсілде қолданып,  әдеттегідей жыл басында берді. Бұл, біріншіден, мемлекеттік органдардың үстіміздегі жылға арнал­ған жалпы жұмыс жоспары десек, екіншіден, ел тұрғындарына осы жылда қандай ауқымды мәселелер атқарыла­тындығын таныстыру, сонымен қатар, халықтың қандай жағдайларға дайын болуы керектігін айтып берді.

Әлем жыл санап емес, күн санап, тіпті сағат сайын өзгеріс үстінде. Жаңа жағдайлар, жаңа мәселелер кешегі құрған жоспарыңызға өзгеріс ендіруді, соған бейімделуді немесе қарсы тұруды талап етеді. Міне, сондықтан мемлекет деген «үлкен отбасына» өзінің ішкі дайындығын тағы бір пысықтап алу үшін, Мемлекет басшысының Жолдауы үнемі қажет.

Осыған дейінгі «Қазақстан-2050» Стратегиясында, «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» және  өзге де Жолдау­ларда көтерілген жұмыстар өз жалға­сын таба отырып, енді жаңаша рең береді. Әлем-мұхитында жүзіп келе жатқан жүздеген мемлекет-кемелердің арасынан алғашқы 30-ы ғана сыятын аралға қалай тездетіп жетуге болады? Үлкен сұрақ, ауқымды шара. Тынымсыз еңбек, мықты да ұтымды басқару, үнемді де, тиімді экономика, ең бастысы – рухани толысқан, ақылды адами капитал арқасында ғана іске асады. Жолдаудағы 10 басымдық осы айтылған­дарды түгелімен қамтиды.

Тиімді мемлекеттік басқару деп аталатын 8-басымдықта мемлекеттік органдарға кәсіпкерлер үшін қолайлы бизнес-климат жасау, оларды көлеңкелі бизнестен шығару жолдарын кешенді мемлекеттік қызмет көрсету арқылы «бір арыз» қағидатын ендіруді тапсырды. Естеріңізде болса, бұған дейін «бір терезе» принципі жұмыс жасаған. Яғни одан әрі жетілдіру жолы ұсынылып отыр. Айта кету керек, дамыған елдерде (ЭЫДҰ – Экономикалық ынтымақ­тастық және даму ұйымы) мемлекеттік бюджеттің 70-80%-ын бизнес өкілдері береді, бізде бұл көрсеткіш 30-40%-дың айналасында.

Сондай-ақ, бірдей лауазымдағы мемлекеттік қызметшілердің әр өңірде әр түрлі жалақысын өңірлік коэф­фициент пен балдық жүйеде есептеуді ендіру дұрыс шешім. Бұған дейін мемлекеттік қызметшілер мерекелер­дегі сыйақымен жағдайларын түзетіп келсе, енді нақты тиімді де нәтижелі атқарған жұмысына қарай тұрмысын жақсарта алады. Бұл – жұмыс жасауға ынталандырудың бірден-бір жолы.

Дәл осы саясатты аймақтардың өзіне қолдану арқылы олардың өзде­рінің өңірлік табысын арттыруды ішкі-сыртқы туризмді дамыту жолымен қарас­тыруды, шағын және орта биз­нестің корпоративтік табыс салығын аймақтарда қалдыруды, бір сөзбен айтқанда, орталықсыздандыруды одан әрі жетілдіруді жүргізу жолдарын тапсырды.

Жергілікті маңызы бар мәселелерді сол аймақтағы басқару органы бірінші көреді және түйінді тез арада шешу үшін де өз қоржынында қаражаттың болғандығы тиімді басқарудың ядросы болып қала бермек.

Әбіләзиз ИСАЕВ,

саяси ғылымының кандидаты,

Мемлекеттік және жергілікті басқару институтының доценті.       

 

Биік белестерге ұмтылыс

26 жыл тарих үшін қас-қағым сәт. Соның өзінде осынау қысқа мерзім ішінде тәуелсіз Қазақстан айтарлықтай табыс­тарға жетіп, әлем таныған мемлекетке айналды. Ендігі нысана – «Қазақстан-2050» даму стратегиясына сәйкес – жер жүзіндегі озық отыз елдің қатарынан ойып орын алу.

Осы мақсатта Елбасы бірнеше нақты мақсаттарды алға қойып отыр. «Ұлт жоспары – 100 нақты қадамның» 60 қадамы қазірдің өзінде ойдағыдай жүзеге асырылып, игі нәтижелерін беруде.

Тұнғыш Президентіміз Н.Ә.Назар­баев­тың Қазақстан халқына биылғы Жолдауы мұқым әлем жұрты Төртінші өнеркәсіптік революция, дәуіріне, экономикалық және әлеуметтік салалар­дағы тегеуірінді әрі қарқынды өзгерістер жасауға қадам басқан тағдыркешті кезеңге тұспа-тұс келіп отыр. Бұл тарихи Жолдау егемен елімізді түбегейлі өзгертуге даңғыл жол ашатынына кәміл сенеміз.

Жолдауда Елбасы Қазақстанның қарыштап дамуы үшін алда тұрған он басты міндетті саралап айтты.

Мәселен, әлеуметтік саланы алатын болсақ, адам капиталын жаңа сапаға көтеру көзделген: Осы мақсатта үстіміз­дегі жылы әлеуметтік салаға арналған бюджет қаражаты 12 пайызға өсіп, 4 триллион теңгеден асатыны атап көрсетіл­ген. Қариясын қадірлеген ел – қасиетті де құдіретті ел. Ендігі жерде қарияларға тиесілі базалық зейнетақы мөлшері жұмыс өтіліне сәйкес тағайындалып, орташа есеппен 1,8 есе көбейеді. Мұның өзі еліне ерен еңбек сіңірген, тәуелсіздік тұғырын қалаған, бүгінде зейнеткерлікке шыққан адамдар үшін үлкен қамқорлық.

Сол сияқты, тоғызыншы міндеттің де маңызы айрықша. Бұл заң үстемдігі мен жемқорлыққа қарсы күрес. Осы бір кесел ілгері басуымызға тұсау болып, қоғамды кібіртіктеуге, тіпті тұралауға мәжбүр етуде. Дана халқымыз «жерді небір құртады, елді жебір құртады» деп бекер айтпаған. Міне, Елбасымыз осы дертті асқындырмау үшін оның түп-тамырына балта шабу міндетін алға қойып отыр.

Иә, Жолдауда аталған келелі міндет­терді мүлтіксіз орындау үшін бүкіл қоғамның тас-түйін бірлігі мен ынтымағы қажет. Еңбектеген баладан бастап, еңкейген кәріге дейін баршамыз іске жұмылуымыз керек.

Х.БІРЖАНОВ,

Бостандық аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы.