Асқар Мырзахметов Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалды

photo_43961

Жамбыл облысына жаңа әкім таға­йындалды, — деп хабарлайды Тengrі­news.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Бұл қызметке Асқар Мырзахметов тағайындалды.

«Мемлекет басшысының жарлығымен Асқар Исабекұлы Мырзахметов  Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалды», — делінген хабарламада.

Осыған дейін облыс әкімі қызметінде 2013 жылдың желтоқсан айынан бастап  Кәрім Насбекұлы Көкірекбаев болған.

Еске салайық, 2017 жылы желтоқ­санда Асқар Мырзахметов ҚР премьер-министрінің орынбасары және Ауыл шаруашылығы министрі қызметінен босатылды.

2016 жылдың мамырында Асқар Мырзахметов Мемлекет басшысының жарлығымен Ауыл шаруашылығы ми­нистрі болып тағайындалған болатын.

Асқар Мырзахметов бұған дейін «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған еді.

2009-2015 жылдар аралығында Оң­түстік Қазақстан облысының әкімі болды. 2007—2009 жылдары «Оңтүстік» Әлеу­меттік-кәсіпкерлік корпорация «Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметін атқарды.

Сонымен қатар, әр жылдары Қазақ­станның Өзбекстандағы Төтенше және өкілетті елшісі болды, 2005-2006 жылдары Ауыл шаруашылығы министрі қызметін атқарды.