АЛМАТЫ — ДЕМАЛУҒА ЫҢҒАЙЛЫ ҚАЛАЛАРДЫҢ АЛҒАШҚЫ ҮШТІГІНЕ ЕНДІ

%d0%b0%d0%bb%d0%bc%d0%b0%d1%82%d1%8b

Ресейлік сарапшылар ТМД аймағын­дағы жаңа жылдық демалысқа ең ыңғайлы қалаларды атады.

Бұл үштікке Алматы қаласы кірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Tvіl.ru баспана брондау сервисінің хабарлауынша, ТМД елдерінің қай қалаларына орыстар жиі барғанын анық­тады.

Рейтинг 30 желтоқсан — 8 қаңтар аралығындағы сұранысқа орай жасалды.

Нәтижесінде Алматы сұранысқа ие қалалардың үштігіне енді. Сондай-ақ, бұл тізімде Минск, Баку,Тбилиси, Ереван бар.

Ресейліктердің көбі Алматыдағы Шымбұлақ курортына демалуды жөн санайды.

Баку қаласында ресейліктер — 4 күнге, Минск қаласында — 3—5 күнге, Тбилиси қала­сында — 3—5 күнге, Ереван қала­сын­да — 3 күнге, Алматыда 6 күнге тоқтаған.

 

«Ақшам-ақпарат».