«СПОРТ МЕНІҢ АУЛАМДА»

Бағдарламасы аясында чемпиондар лигасының финалы өтті

img_6033

Екі күнге созылған жарыс әл-Фара­би атындағы Қазақ Ұлттық университеті спорт кешенінде өтіп, оған Алматының әр ауда­нынан келген 800-ге жуық адам қатысты. Сайыстар ұлттық және жылжымалы спорт түрлерінен, сонымен қатар  бірнеше  байқаулар   өткізілді.

Чемпиондар  лигасы аясында жеткін­шек­тер асық ату, шағын футбол, бұқа­тар­тыс, секіргіш, арқантарту, жеңіл атле­тика, стритбол, тұмақ ұру, қол­күресі сияқты спорт түрлерінен өзара мықтыны анықтады. Сонымен қатар, отбасылар арасында «Біз мықтымыз» эстафетасы  өтті.

– Біз отбасымызбен келіп, баламыз­бен бірге қатысып көрейік деп шештік. Бізге бәрі ұнады. Спорттың құмарына кіріп, тіпті өзім спортпен шұғылданғым келіп кетті. Өте жақсы бағдарлама, осындай пайдалы бастамаларды үнемі қолдап, дамыту керек. Әкімге, ұйымдас­тырушыларға алғыс білді­ремін. Осын­дай жарыстарға қатыспағалы көп болыпты. Біз өзіміз Алатау ауданыңда тұрамыз. Балам ылғи есік алдында доста­рымен ойнайды. Алдағы уақытта тағы да келеміз деген ойдамын, – деді өз отбасымен келіп эстафетаға қатысқан Тимур Сады­қов.

Айта кетер жәйт, бұл чемпиондар лига­сы жарысы осы бағдарлама аясында қара­ша айында басталған болатын. Бірнеше кезеңнен тұратын сайыстың финалына тек өз аудандарының мықты­лары  келіп өнер  көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша, жеңімпаздар мен жүлдегерлер медаль­дар және дипломдар, ал футболшылар қосым­ша кубоктарға ие болды. Жалпы саны 28 комплект медалдар табысталды. Оларды құт­тықтауға осы жобаның жетекшілері, бапкерлері мен үйлестіру­шілері және дзюдодан халықаралық дәре­жедегі спорт шебері, көптеген жарыстардың жүлдегері Евгения Бодунова келді.

– Мен тоғызқұмалақтан бірінші орын алып, өте қуанып тұрмын. Өзім Түрксіб ауданынан келдім. Маған осы ойын қатты ұнайды. Мектептегі мұғалімім үйреткен болатын. Қазір 74- мектепте 8-сыныпта оқи­мын. Балалар­мен ылғи жиналып аулада футбол ойнай­мыз. Ол да өте қызық. Осын­дай жарыстар жиі болып тұрса жақсы болар­ еді, – деп  жеңімпаздардың  бірі Рамазан Назарбаев өз ойымен  бөлісті.

Естеріңізге сала кетсек, «Спорт менің ауламда» жобасы биылғы жыл­дың басында Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқарма­сының қолдауымен ашылған болатын. Қазіргі таңда 75 спорт алаңында 7500-ге жуық бала қатысуда.

 

Айдана ӘДІЛБЕКОВА,

Алматы қаласы ДШжС басқармасы баспасөз

қызметінің жетекшісі.