ПАДИШАХТАР ОЙЫНЫ

Алматыда шахматтан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты басталды

img_8417-05-01-18-06-35

Елдің спорт орта­лы­ғы – Алматыдағы Қа­зақстан-Британ тех­ни­калық университетінде шахматтан Қазақстан Республикасының чем­пионаты

11 жылда ал­ғаш рет туын желбі­рет­ті. Айтулы додаға елі­міздің түкпір-түкпірінен келген 800 спортшы бақ сынасатын болады.

Нұрлан СҮЙІН

Чемпионаттың салтанатты ашылу рәсіміне шахмат федерациясының, Қазақстан-Британ техникалық универ­ситетінің, Алматы қаласы дене шынық­тыру және спорт басқармасының өкіл­дері және шахматтан Әлем чемпионы Жансая Әбдімәлік қатысып, құттық­тауларын жеткізді.

– Баршаңызды Жаңа жылмен құт­тықтаймын! Мен алғаш рет ел бірін­шілігіне 2007 жылы қатысып, жең­ген болатынмын. Сондықтан айтарым, сіздер бірінші рет қатысып жатса­ңыздар жеңуге барлық мүмкін­дікте­ріңіз бар. Айта кетер жәйт, соңғы чем­пионат сол жылы өткен болатын. Қаты­сушыларға сәттілік, ал ата-аналарға шыдамдылық тілеймін, – деп тілек біл­дірді Халықаралық гроссмейстер Жансая Әбдімәлік.

shahmaty-v-sssr

Жарыс швейцариялық жүйе бойын­ша 9 кезеңнен тұрады. Чемпионатты өткізу форматы рапид пен блиц арқылы, қатысушылар санына байланысты төрешілер қауымының шешімімен анық­талады. Жеңімпаздар мен жүл­дегерлер қаңтардың 16-сы күні белгілі болады.

– Әр аудан төрт ресми ойыншыны, жеті жастық санатта тіркей алады. Сонда әр ауданнан 56 спорт­шыдан. Ал ел чемпионаттары, Әлем және халық­аралық жарыстардың жүлдегерлері жеке қатыса алады. Жарыстың жүлде қоры 1 800 000 теңгені құрай­ды. Біз осы турнирді өткізу үшін сайысқа қатысып, 2017 жылы оны жеңдік. Қатысушылар саны бойынша осы чемпионатта рекорд қойылды. Көптеген сұраныстар бойын­ша соңғы айда барлық қалаушыларға қатысуға рұқсат бердік. Осы жарыс олардың естен кетпес турниріне айна­латынына сенімдімін, – деп бөлісті Жан­сая Әбдімәлік академиясының президенті, Әлем чемпионының әкесі Данияр Аширов.

Жарыс ұйымдастырушылары – Қазақстан шахмат федерациясы, Алма­ты қаласының әкімдігі және Жансая Әбдімәлік академиясы. Ел бірінші­лігінің бас демеушісі – Шахмардан Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры.