«АЛМАТЫ АҚШАМЫН» ҚАЛАЙ АЛУҒА БОЛАДЫ?

img-20180101-wa0026

Бір жылдан бері алып мегаполистегі дүңгіршектерден «Алматы ақшамы» газетін таба алмай қойған жұртқа айтар жаңалығымыз бар.

Ендігі жерде «Алматы ақшамы» газетін «Еуразия-Пресс» ЖШС, «Эврика-Пресс» ЖШС, «Қаз-Почта» АҚ мекемелерімен қоса, қаладағы «Караван» АҚ-на қарасты 61 дүңгіршектен де сатып алуға болады.

Ең тиімдісі – басылымға жазылу. Газет үйіңізге өзі іздеп барып тұрады. «Алматы ақшамына» әр айдың 10-ына дейін жазылсаңыз, келесі айдың басынан бастап қолыңызға тие бастайды.