АЙТЫСТЫ КЕЛЕШЕКТЕ ТЕАТР ЕТІП АШУ КЕРЕК

Зиялының СӨзі

%d0%b0%d1%81%d0%b0%d0%bd%d0%b0%d0%bb%d0%b8

Асанәлі ӘШІМҰЛЫ, Қазақстанның Еңбек Ері:

– Айтыс – Жүрсін Ерманға ғана емес, барша қазаққа керек өнер. Ол – әлімсақтан келе жатқан киелі өнеріміздің бірі. Қазақ дәстүрі мен салтынан, әдет-ғұрпынан бас тарта алмайтыны секілді, төл өнерінен де шеттеп қала алмайды. Ендеше, «Айтыс өнері – өнердің падишасы. Айтыста кемшілікті айтады, сынды айтады. «Сын түзелмей, мін түзелмейді». Мінімізді бетке басып, сынайтын адамдар – нағыз айтыс ақындары. Айтыс болғаннан кейін, әзіл-қалжың, сын болуы шарт. Сондықтан бұл өнер – халықтық өнер. Халықтық өнер – қазаққа туа біткен қасиет. Халықты қасиетінен айыруға болмайды. Айтысты келешекте театр етіп ашу керек.

 

(Алматыда өткен «Тәуелсіздікке тарту»

атты айтыста сөйлеген сөзінен).