ҚЫСҚЫ АЛАМАНДА АЛДА ЖҮРМІЗ

ҚР VІ қысқы    Спартакиадасы   мәреге   жетті

pecmlko5lyu

Нұрлан СҮЙІН

Республикалық қысқы ойындар қарашаның 11-і мен желтоқсанның 28-і аралығында өткізілді.

 Ашылу салтанаты Астанадағы «Қазақстан» спорт кешенінде өткен болатын. Спартакиада төрт жылда бір ұйымдастырылатын аламан. Оның басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттап, Қазақ­стан­­ның үздік спортшыларын  анық­тау және ұлттық құраманың толағай­ларын халықаралық жарыс­тарға дайындау болып  табылады.

Биылғы Спартакиада қысқы спорттың 17 түрінен өткізілді, оның 7-еуі Алматыда өтті. Олар – шорт-трек, керлинг, қыздар арасындағы шайбалы хоккей, фристайл (ски-кросс), шаңғы қоссайысы, шаңғымен тұғырдан секіру, таушаңғы  спорты.

Спартакиаданың қорытындысы бо­йын­­ша, Алматы құрамасының спорт­шы­лары жалпыкомандалық есепте 571 ұпай жинап, жеңіске жетсе, Шығыс Қазақстан облы­сының командасы 558 ұпаймен екінші орынға жайғасты. Ал үздік үштікті 388 ұпаймен Астана қаласының толағай­лары түйіндеді.

zk7lgmh0ioq

Айта кетер жәйт, бұл спартакиада Қазақстанның 14 командасының қатыс­уы­­мен еліміздің алты қаласы және облыс­тарында өткізілген болатын. Командалар жинаған ұпайлары арқылы рет-ретімен келесі орындарға жайғасты:  Алматы облысы (357), Солтүстік Қазақстан (353), Акмола (267), Қарағанды (205), Қостанай (148), Ақтөбе (140), Павлодар (122), Батыс-Қазақстан (102), Жамбыл (86), Оңтүстік Қазақстан (65) және Маңғыстау (56) облыстары.

Спорт түрлері бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер – Ерлер арасындағы шайбалы хоккей және конькимен жүгіру спортынан Астанада, мәнерлеп сырғанау­дан Шымкентте, биатлон және шаңғы жарысынан Алматы облысында, фристайл могул мен акробатика, сноуборд және шаңғымен бағдарланудан ШҚО, допты хоккейден Орал қаласында марапат­талды. Олар кубок, медаль және диплом­дармен  марапатталды.

Естеріңізге сала кетсек, ҚР 3-Спар­такиадасында Шығыс Қазақстан облысы­ның спортшылары жеңімпаз атанған болатын. Бұл  жолы олар алматылық­тар­дан  13 ұпай ұтылып, екінші орынды қанағат етті.

 

ҚЫСТЫҢ СӘНІ – СЫРҒАНАҚ

Тегін сырғанақ техникалық үзілістен соң жұмысын жалғастыруда

img_1906

Қаңтардың 5-і күні, Жібек жолы–Абылай хан кө­шесінде және Тұңғыш Президент саябағының алдында орналасқан тегін мұзайдындарында сағат 9.00–13.00 аралығында теxникалық үзіліс болған. Осы уақыт алығында айдындарға кіретін  кіреберістер  қардан тазаланды. Ал қаңтардың 6-ы  күні, дәл осы уақытта, 9.00–13.00 аралығында, теxникалық үзіліске бай­ланысты «Март» сауда орталығының алдында орналасқан мұз айдын уақытша жұмыс істемейді.

Естеріңізге сала кетсек, Алматы аудандарында 24 сағат  тегін жұмыс жасайтын алты мұз айдыны іске қосылған болатын. Сырғанақтарда жалға коньки беру, ыстық шәй, кофе, жеңіл тамақ ұйымдастырылған.

Жоба ұйымдастырушысы Алматы қаласының әкімдігі. Әкімдік қалалықтар көңілінен шыққан мұз айдындарының тағы да бірнешеуін ашуды жоспарлауда.

Қыстың сәні – сырғанақ. Салауатты шаһар Алматы әкімдігінің маусымдық бастамасы халық көңілінен шығуда.

 

Нұр ҚАЙЫР.

 

Қыс – қарымен қызық

Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Медеу ауданының әкімі Е.Жылқыбаевтың «Ұрпақтар сабақтастығы» бастамасымен жүзеге асып жатқан іс-шаралар легі әлі де жалғасын тауып жатыр.

 

Медеу ауданындағы Н.В.Карасева басшылық ететін №96 бөбекжай-балабақша бүлдіршіндері салауатты өмір салтын қалыптастырып, «Қыс – қарымен қызық» деп аталатын спорттық мереке өткізген еді. Қыс мезгілін жақсы көрмейтін бала жоқ. Әсіресе, аппақ қар үстінде шанамен сырғанап, аққала соққанды ұнатпайтын бала бар ма? Аула төріне қар қалашығын тұрғызған бүлдіршіндер әп-сәтте қардан аққала тұрғызып, төңірегіне түрлі кейіптегі аңдарды бейнеледі. «Таза ауа – жанға дауа» деген емес пе?

Бет қарыған аязды елең етпеген бүлдіршіндер енді бір сәт шаңғымен, шанамен сырғанап, қыс қызына берілді. Таза ауада спорттық жаттығулар да жасап үлгерді.

– Балалар үшін қыстың орны бір бөлек. Таза ауаның адам ағзасындағы орны ерекше екендігін еске алсақ, жас балалардың денсаулығы үшін қыстың орны тіпті ерекше. Сондықтан біздің ұжым бүлдіршіндеріне арналған оқу-қызметінде міндетті түрде қысқы ойындар, сыртқы серуен маңызды орын алады, – дейді балабақша меңгерушісі Наталья Карасева.

Р.Ескермесқызы.