ЖОЛ УАҚЫТША ЖАБЫЛАДЫ

%d1%81%d1%85%d0%b8

«Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысындағы көлік жол айрығының құрылысы» нысанының бір бөлігі болып табылатын «Шығыс» жер үсті жаяу жүргіншілер өткелінің құрылыс-монтаждау жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Сейфуллин даңғылы бойындағы көлік қозғалысының сызбасына өзгерістер енгізіледі.

Осыған орай, 2018 жылғы 8 қаңтарда, сағат 22.00-ден 9 қаңтар күнгі таңғы сағат 6.00-ге дейін Сейфуллин даңғылының Рысқұлов даңғылынан Ақпаев көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы тоқтатылады. Көлік қозғалысы Жансүгіров көшесі арқылы жүзеге асырылады. Іргелес көшелерде көлік қозғалысы өзгеріссіз жүргізіледі.