Алматы қаласы мәслихаты шешімін мемлекеттік тіркеу туралы АҚПАРАТ

VІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының  ХХV сессиясының 2017 жылғы 13 желтоқсандағы №184 «Қосымша дәрі-дәрмектерберу туралы» шешімі 2017 жылғы 26желтоқсандағы Алматы қаласы Әділет департаментімен нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 1441 нөмірімен енгізілді.

 

ШЕШІМ

2017 жылғы 13 желтоқсан                         № 184

 

Қосымша дәрі-дәрмектер

беру туралы

 

Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 9 бабы 1 тармағының 5) тармақшасына сәйкес,

VІ сайланған Алматы қаласыныңмәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Орфандық және сирек кездесетін аурулармен ауы­ратын азаматтардың жекелеген санаттарына амбула­ториялық емделу кезінде қосымша «Физионил» ерітіндісі, «Паливизумаб», «Куван» дәрілік заттары тегін берілсін.
  2. Алматы қаласы мәслихатының аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оны кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және ресми интернет-ресурста жариялауды қамтамасыз етсін.
  3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы Х.А.Есеноваға және Алматы қаласы әкімінің орынбасары М.А.Дәрібаевқа жүктелсін.
  4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

VІ сайланған

Алматы қаласы мәслихаты

XXV сессиясының төрағасы 

А. ТӨлепов.

 

VІ сайланған

Алматы қаласы мәслихатының хатшысы 

Қ. Қазанбаев.