Алматыда арнайы техниканы тіркеу тәртібі 3 сағатқа дейін қысқартылады

Ауыл шаруашылық және жол-құрылыс техникасын тіркеу және есептен шығару 3 сағаттан аспайды. Қызмет көрсету сапасы мен жылдамдығын арттыру мақсатында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді енді мамандандырылған ХҚКО-да көрсететін болады (Саялы ықшам ауданы, Ақ-Қайнар көшесі, 1).
Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру шеңберінде жоба бастамашы болды.
Қызметтер «бір терезе» принципі бойынша көрсетіледі, яғни құжаттарды қарау және мамандандырылған техникаларды тексеру бір жерде өтеді. Бұған дейін осындай рәсім 15 күнтізбелік күн болатын.
Бұдан басқа, бұл жерде тракторларды, тіркеу құжаттарын және мемлекеттік нөмірлік белгілерді басқару құқығына куәліктер берілетін болады.
Айта кетейік, 2017 жылы Алматыда арнайы техниканы басқару үшін және тіркелген 1718 көлік құралдарына 42 куәлік берілді.