Алматыда тағы бір тасымалдаушы автобустарды жаңартты

2

Алматыда көлік реформасы және қоғамдық көлік жүйесін тұрақтандыру аясында жылжымалы составты жаңалау жұмыстары жүруде. Бүгін «Isuzu» маркалы жаңа автобустар әлеуметтік маңызы бар №22 бағыт бойынша қызмет көрсете бастады.
Бұрындары Наурызбай ауданынан Орталық демалыс және мәдениет саябағына дейін баратын жылжымалы состватың талапқа сай еместігіне, қозғалыс жиілігінің нашарлығына қатысты шағым көп түсетін.
Бүгін аталған бағыт бойынша 2017 жылғы «Isuzu» маркалы 11 автобус (1-і резервте) жолға шықты, жаңа автобустарды «БаТу travel компаниясы» ЖШС сатып алған. Автобустар төмен еденді, сыйымдылығы орташа, жылжымалы пандустармен жабдықталған.
Бұрындары көлік реформасы аясында №70, 86, 65, 103, 50, 126, 112 бағыттар бойынша жаңа автобустар жүре бастады, №77 бағыт қайта ашылды.
Жалпы, биыл Алматыда 388 автобус алуға қаржы бөлінді, олардың 165-і бағыттар бойынша қызмет көрсетуде, қалған 233-і жыл аяғына дейін жолға шығады. Жеке тасымалдаушылар да 254 жаңа автобус алды, олардың 91-і бағыттарда. Жыл аяғына дейін тағы 20 автобус жолға шығады, қалған 163 автобус 2018 жылдың бірінші тоқсанында келеді.