Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ақпарат

Бүгінгі тақырып құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңарту мәселелері бойынша заң жобасын талқылау болып табылады.

Талқыланатын заң жобасы келесіге бағытталған қылмыстық-процестік кодекске енгізілетін түзетулерді көздейді:

– қылмыстық процесте азаматтарды қорғау деңгейін арттыру және жазалауды төмендету;

– қылмыстық процестің жарыстастығын, ең алдымен, адвокаттардың процестік мүмкіндіктерін кеңейту есебінен арттыру;

– қылмыстық істерді тергеп-тексеру процедурасын жеңілдету және қылмыстық процестің үнемділігін қамтамасыз ету;

– сотқа дейінгі сатыда сот бақылауын әрі қарай кеңейту;

– сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдары, прокуратура және сот арасында өкілеттіктердің қайталануын жою және анық бөлу.

Сонымен қатар, заң жобасының негізгі бағыттарының бірі сотқа дейінгі сатыда сот бақылауын параллельді кеңейтумен бірге сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдары, прокуратура және сот арасында өкілеттіктердің қайта­лануын жою және анық бөлу болып табылады.

Аталған  бағыт «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» 22-қада­мына сәйкес келеді, адамның және азаматтардың конституциялық құқын шектейтін барлық тергеу қызметі жөніндегі өкілеттілікті тергеу судьясына біртіндеп беруді көздейді.

Сонымен, тергеу судьясы жасырын тергеу әрекеттерін санкциялау бойынша өкілеттіктер, үлгілерді мәжбүрлеп алу және куәландыру бойынша өкілеттіктер берілетін болады. Кепілді санкциялаудың қайталануын жою мақсатында тек сот іске асырылатын болады.

Тәртіптің өзі де жеңілдетілген. Санкция беру туралы тергеушінің өтініш-хаты прокурор арқылы емес, тікелей сотқа барады. Оған тек хабарлайтын болады және егер ол келіспесе, ол өзінің позициясын сотқа жолдайтын болады.

Прокурор арқылы сотқа тек 3 санкция баруы тиіс – күзетпен ұстау, үйқамақ және экстрадициялық қамау.

Нәтижесінде соттан басқа ешқандай орган адамның құқықтарын шектей алмайды.

Жасырын тергеу әрекеттерін санкциялау.

Қолданыстағы қылмыстық-процестік кодекске сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының қаулысы бойынша жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу санкциясын Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры және оның орынбасарлары, облыс прокурорлары және оған теңестірілген прокурорлар береді.

Заң жобасы бойынша ұсынылатын редакцияға сәйкес, жасырын тергеу әрекеттері тергеу судьясының санк­циясымен, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді іске асыратын тұлғаның немесе осы Кодекспен тиісті қаулы шығаруға уәкілетті басқа лауазымды тұлғалардың  уәжді қаулы­сының негізінде  жүргізіледі.

Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу туралы қаулы шығарылғаннан кейін жиырма төрт сағат ішінде аталған тергеу әрекетін жүргізудің негізділігін растайтын материалдармен бірге тергеу судьясына ұсынылады.

Жасырын тергеу әрекетін санкциялау тиісті қаулының сотқа түскен сәтінен он екі сағат ішінде жүргізіледі.

Қосымша материалдарды сұрату қажеттілігі болған жағдайда, белгіленген мерзімнен асқанда, бірақ жиырма төрт сағаттан көп емес мерзімдегі қаулыны қарастыруға жол беріледі.

Шығарылған қаулының негізсіздігі жағдайында тергеу судьясы оны санкциялаудан бас тартады.

Жасырын тергеу әрекетін санкциялау барысында ұсынылған ақпараттың шынайылығына күмән болса, тергеу судьясы қаулыны санкциялап, жиырма төрт сағат ішінде оның заңдылығын процестік прокурордың тексеруіне бастамашылық етуге құқылы.

Процестік прокурор бес тәулік ішінде тиісті тексеру жүргізу және оның нәтижелері туралы тергеу судьясына хабарлауға міндетті.

Егер тексеру жасырын әрекет жүргізу туралы қаулының заңсыздығын анықтаған жағдайда, прокурор тергеу судьясына тиісті өтініш-хатты енгізуге міндетті.

Судьяға қатысты жасырын тергеу әрекетін санк­циялауды Қазақстан Республикасы Бас Прокурорымен келісілген сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының қаулысы бойынша Астана қаласының тергеу судьясы жүргізеді.

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорына қатысты жасырын тергеу әрекетін санкциялауды Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасарымен келісілген сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының қаулысы бойынша Астана қаласының тергеу судьясы жүргізеді.

Адамның құқықтарының пайдасына шешілетін новеллаларға 72-ден 48-сағатқа дейін, ал кәмелетке толмағандарды 24 сағатқа дейін соттың санкциясынсыз азаматтарды ұстау мерзімін қысқарту жатқызылады.

Қолданыстағы қылмыстық-процестік кодекске сәйкес, күзетпен ұстау бұлтартпау шарасын таңдау туралы қаулы, сот алдында оны санкциялау туралы өтініш-хат барлық тіркелген материалдармен бірге ұстау мерзімі өткенге дейін он сегіз сағаттан кешіктірмей прокуратураға ұсыну қажет.

Прокурор аталған өтініш-хатты келіскеннен кейін, оны растайтын материалдармен бірге ұстау мерзімі өткенге дейін он екі сағаттан кешіктірмей сотқа жолданады.

Ал талқыланатын заң жобасына сәйкес, күзетпен ұстау бұлтартпау шарасын таңдау қажеттілігі кезінде, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді іске асыратын тұлға сот алдында аталған шараны қолдануға санкция беру туралы өтініш-хатты қозғау туралы қаулыны шығарады. Қаулыға өтініш-хаттың негізділігін растайтын қылмыстық іс материал­дарының расталған көшірмелері тіркеледі.

Күдікті тұлғаны ұстау мерзімінде прокурор өтініш­хаттың негізділігін растайтын қылмыстық істің материал­дарымен танысуға құқылы.

Прокурор сотқа дейінгі тергеп-тексеруді іске асыратын тұлғаның өтініш-хатын зерттегеннен кейін, өтініш-хатпен келіседі немесе уәжді қаулымен оны қолдаудан бас тартады және (немесе) басқа бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселені шешеді.

Прокурор ұстау мерзімі аяқталғанға дейін сегіз сағаттан кешіктірмей тергеу судьясына күзетпен ұстауды санкциялау туралы өтініш-хатты қозғау туралы қаулыны өтініш-хаттың негізділігін растайтын қылмыстық іс материалдарының көшірмелерімен бірге ұсынуға міндетті.

Жетпіс екі сағатқа дейін ұстау мерзімі тек күрделі істер бойынша:

– аса ауыр қылмыстар бойынша;

– террористік немесе экстремистік қылмыстар бойынша;

– жаппай тәртіпсіздік;

– қылмыс тобының құрамында қылмыс жасау;

– заңсыз есірткі айналымы, кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылық, өлімге соқтырған қасақана әрекеттер бойынша;

– сонымен қатар, алыс жол немесе қатынас жол­дарының болмауы, сонымен қатар, төтенше жағдайлар шарты немесе төтенше жағдайлар салдарынан, тергеу судьясына тұлғаны уақытылы жеткізуді қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайда  жүргізіледі.

Жасырын тергеу әрекеттері жүргізілген тұлғаға сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы олардың нәтижелерімен таныстырмай, кейін хабарлау рәсімдерін енгізуді көздейді. Тұлғаға қылмыстық іс бойынша қорытынды шешімін енгізген сәттен алты айдан кешіктірмейтін мерзімде хабарлануы тиіс.

Аталған мерзімді тергеу судьясы сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының уәжді өтініш-хаты бойынша бір жылға дейін ұзартуы мүмкін.

Жасырын тергеу әрекеттері жүргізілген тұлға хабарланған сәттен он бес күн ішінде сотқа жүргізілген тиісті жасырын тергеу әрекеттерін заңсыз деп тану және келтірілген шығынды (ондай болса) өтеу туралы арызбен жүгінуге құқығы бар.

Тергеу судьясы сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы­ның уәжді өтініш-хаты бойынша, егер жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу дерек ақпаратын жариялау мемлекеттің, қоғамның мүдделеріне және үшінші тұлғалардың қауіпсіздігіне қауіп төндірсе, тұлғаны оған қатысты жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу туралы хабарламауға келісе алады.

Хабарлау тетігін енгізу адамның өз құқықтарын және бостандығын, егер ол бұзылса, заңнамада көзделген барлық тәсілдермен қорғауға мүмкіндік береді.

Қылмыстық процестің жарыстастығын арттыру мақсатында, заң жобасы тергеу әрекеттерін жүргізу туралы (жасырын тергеу әрекеттерін есептемегенде) өтініш-хатпен сотқа тікелей жүгіну арқылы дәлелдеме ақпаратын жинау бойынша адвокаттың құқықтарын кеңейтуді ұсынады.

Қылмыстық-процестік кодекстің ұсынылатын редакциясының  70-бабына сәйкес, іске қорғаушы ретінде қатысатын адвокат тергеу судьясы алдында сараптама немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының, жасырын тергеу әрекеттерін есептемегенде, атап айтқанда, қылмыстық қудалау органы осындай өтініш-хатты қанағаттандырудан негізсіз бас тартса немесе ол бойынша үш тәулік ішінде шешім қабылдамаса, тергеу әрекеттерін жүргізуді тағайындау туралы өтініш-хат мәлімдеуге құқылы.

Осылайша адвокаттар судья арқылы тергеушілерді өздеріне қажетті тексеру, тінту, эксгумация және басқа тергеу әрекеттерін жүргізуге міндеттей алады.

Тараптардың дәлелдемелермен алмасуы енгізіледі. Бұл сотты күтпей, адамның құқықтарын қалпына келтіруге қажет. Адвокаттардың қорғауы үшін аса маңызы бар дәлел­демелерді ашпау құқығы болады және оны тек судьяға ғана көрсете алады.

Күдіктіні және оның қорғаушысын істің материал­дарымен таныстыру аяқталғаннан кейін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді іске асыратын тұлға олардан өтініш-хат және не туралы мәлімдейтінін, басқа қандай арыздар бергісі келетінін анықтауға міндетті.

Сонымен қатар, күдікті және оның қорғаушысы қылмыстық іске міндетті тәртіпте тіркелетін қосымша дәлелдемелерді және басқа ақпаратты ұсынады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді іске асыратын тұлға қосымша тергеп-тексеру жүргізуге құқылы.

Тараптардың сол кездегі дәлелдемелерді және басқа материалдары толық көлемде ұсынбауы, оларды жол берілмейтін дәлелдеме ретінде тануға соқтырады.

Сонымен бірге, қорғау тарапы уәждерге қарамастан,  сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы  өзінің пікірінше, күдіктіні қорғау мүдделерін қамтамасыз ету үшін аса маңызды дәлелдемелерді ұсынбауға құқылы.

Осындай жаңалық тараптардың жарыстастығын және адамның құқықтарын қорғауды арттыруы тиіс.

Заң жобасы қылмыстық істерді тергеп-тексеруді жеңілдету және процесті үнемдеуді қамтамасыз ету мақсатында, алғаш рет қылмыстық процеске тергеп-тексерудің жаңа нысаны – бұйрықтық іс жүргізудің жаңа түрін енгізуді ұсынады.

Бұйрықтық іс жүргізу күдіктінің, азаматтық талапкер­дің өтініш-хаты негізінде, егер әрекет дерегі және оны жасаған тұлға анықталса, өз кінәсінің дәлелдерімен келіссе, оның әрекеттерін (әрекетсіздігін) саралаумен, соны­мен қатар, келтірілген шығын мөлшерімен келіссе, қылмыстық теріс қылық және ауыр емес қылмыстар бойынша қолданылатын болады.

Одан басқа, міндетті элемент жәбірленушінің, азаматтық талапкердің істі бұйрықтық іс жүргізу тәртібінде қарастырумен келісу болып табылады.

Қылмыстық теріс қылықтар туралы істер бойынша барлық материалдарды анықтау органының бастығы бекіткеннен кейін, прокурорға тоқтамай, қылмыстық істі мәні бойынша қарастыру үшін бірден сотқа жолдау ұсынылады.

Бұйрықтық іс жүргізу тәртібіндегі ауыр емес қылмыс бойынша қылмыстық істер, бұйрықтық іс жүргізу тәртібінде тергеу бөлімінің бастығына  анықтау органына келісу үшін, әрі қарай прокурорға – бұйрықтық іс жүргізуді қолдану туралы қаулыны бекіту үшін жолдануы тиіс, содан кейін прокурор істі зерттеп, бекіткен жағдайда, жиырма төрт сағаттан кешіктірмей, күдікті күзетпен ұсталған істер бойынша сегіз сағаттан кешіктірмей, қылмыстық іс сотқа жолданады.

Сотта қылмыстық іс келіп түскен сәттен 3 тәулікке дейінгі мерзімде судья сот отырысын өткізбей, өз бетінше қарастыруы тиіс.

Сөйтіп, адам өз кінәсін мойындаса, дәлелдер жеткілікті болса, айыппұлмен келіссе, онда ұзақ сотқа дейінгі тергеп-тексеру және қымбат сот отырыстары қажет емес, себебі іс түсінікті, ешкімнің күмәні жоқ және ешкім дауласпайды.

Бұйрықтық іс жүргізудің жалпы мерзімі сот қоры­тынды шешім шығарғанға дейін 8 тәуліктен аспауы тиіс. Ауыр емес істер бойынша прокурордың уақытын 3 тәу­ліктен бір күнге дейін қысқартты. Соттың 15 тәуліктің орнына, 3 тәулік уақыты болады.

Қылмыстық теріс қылықтардың және ауыр емес қылмыстардың қоғамдық қауіптілігінің дәрежесі оларды тергеп-тексеру шығындарына сәйкес емес.

Соған байланысты енгізілетін институт аталған санат бойынша қылмыстық сот ісін жүргізуді барынша жеңіл­детуге үндейді, жүргізілетін реформалау мақсаттарының бірі болып табылады.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта кейбір өңірлерде электрондық форматта пилоттық режимде қылмыстық істер тергеп-тексеріліп жатыр.

Алайда, қолданыстағы қылмыстық-процестік кодексте электрондық форматта сот ісін жүргізу реттелмеді.

Соған байланысты, талқыланатын Заң жобасына сәйкес қылмыстық-процестік кодекске жаңа 42-1 бабы енгізіледі (Қылмыстық сот ісін жүргізу форматы).

Аталған баптың нормаларына сәйкес, Қазақстан Республикасында қылмыстық сот ісін жүргізу қағаз және электрондық форматта жүргізіледі.

Қылмыстық процесті жүргізетін тұлға, өз қарауы бойынша, электрондық форматта қылмыстық сот ісін жүргізе алады, ол туралы уәжді қаулы шығарады.

Электрондық форматта қылмыстық сот ісін жүргізу әрі қарай мүмкін болмаған жағдайда, қылмыстық процесті жүргізетін тұлға қағаз форматқа өтеді, ол туралы уәжді қаулы шығарады.

 

Қосымша ақпарат алу үшін хабарласыңыз:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы қаласы бойынша департаменті» республикалық мем­лекеттік мекемесі.

Тел.: +7(727)2787300, 2787541,  +7(702)7012997

E-maіl: almaty@nab.gov.kz