ІX ЖАЗҒЫ УНИВЕРСИАДАНЫҢ ЖАБЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

dsc_0700

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетімен бірігіп  ЭКСПO-2017  халықаралық көрмесіне арналған Қазақстан Рес­публикасы жоғары оқу орындары студенттерінің ІX жазғы Универсиа­дасының жа­былу салтанатын өткізді.

Салтанатты шараға Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының бас директоры, «ҚР құрметті спорт қайраткері» С.Ш.Мұс­тафаев, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ректоры, география ғылымының докторы, профессор Қ.М.Баймыр­заев, Қазақ спорт және туризм ака­демиясының тәрбие және бұқаралық спорт жөнін­дегі проректоры, педа­гогика ғылым­ы­ның кандидаты, профессор М.Ес­қалиев және Қазақстан Респуб­ликасы студенттік спорт федерация­сының бас хатшысы Ж.Т.Акедиловтар қатысты.

Сонымен қатар, 1988-89 жылдары Мэдисон жарысындағы, КСРО-ның бес дүркін чемпионы, 1985, 1986 және 1989 жылдары топтық жарыста әлем чемпионы, велошабандоз М.Қ.Саты­балдиев, ҚР еңбек сіңірген жаттық­тырушысы, Талдықорған қаласын­дағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған спорт мектеп-интернатының директоры Р.А.Хамитов, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Алматы облы­сының дзюдо күресінен бас жаттық­тырушысы С.Т.Чарапиев, 1996 жылғы Атланта олимпиадасының қола жүлдегері М.С.Мамыров, 2008 жылғы Бейжің олимпиадасының күміс жүлдегері Н.М.Теңізбаев, Халықара­лық дәрежедегі спорт шебері, Алматы облысының ауыр атлетикадан бас жаттықтырушысы О.Е.Эм, Алматы облыстық Ішкі істер департаментіне қарасты «Динамо» спорт кешенінің директоры А.Т.Қасеновтер қатысты.

Жетісу өңірінде жастарды білім алуға, ғылым мен спортты ұштастыруға үндеп, студенттер арасында бұқаралық спорттың дамуына мұрындық болып жүрген  І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ректоры, география ғылымының докторы, профессор Қ.М.Баймырзаев өз сөзінде ІX жазғы Универсиаданың жеңімпаз­дары мен жүлдегерлерін  құттықтап, алдағы уақытта бұдан да жоғары жетістіктерге жетулеріне  тілектестігін  жеткізді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының бас директоры, «ҚР құрметті спорт қайраткері» С.Ш.Мұс­тафаев  студенттері Универсиадаға қатысқан жоғары оқу орындарының ректорларына ризашылығын  білдірді. Универсиада жарыстарын ұйымдас­тыру­шылар, жеңімпаздар мен жүлде­герлер, олардың   оқытушылары мен жат­тықтырушылары  Қазақстан Респуб­ли­касының  Білім және ғылым министрі Ерлан Кенжеғалиұлы Сағадиевтің грамотасымен, Ұлттық ғылыми-прак­тикалық дене тәрбиесі орталығының кубогымен,  естелік медальдармен және гүл шоқтарымен марапатталды.

Жалпы командалық есеп бойынша бірінші орынды әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің коман­дасы, жүлделі екінші,үшінші орын­дарды  І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті мен М.Х.Ду­лати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің командалары иеленді. Тиісінше 4–6 орындарды Қ.А.Яссауи атындағы қазақ-түрік университетінің, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің, Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлтттық универ­ситетінің командалары ен­шіледі. Қазақ мемлекеттік қыздар университеті 7-орын­ға табан тіреп, «Жеңіске деген жігері үшін» деген  арнайы марапатқа ие болды.

Кеш соңында І.Жансүгіров атын­дағы Жетісу мемлекеттік универ­ситетінің өнер және дене шынықтыру факультетінің деканы, педагогика ғылымының кандидаты, профес­сор Е.Қ.Өтегенов М.Оспанов атын­дағы Ақтөбе мемлекеттік медици­налық университетінің өкіліне Республикалық студенттік спорт федерациясы мен   Универсиада туын табыстады.

2018 жылғы VІІ  қысқы Универ­сиада жарысы спорттың 12 түрінен С.М.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің спорт кешендерінде өткізілетін болады. Осы университет  өкілі VІІ қысқы Уни­версиада болатын спорт кешендерін таныстыру рәсімін өткізді.

ІX жазғы Универсиаданың жабылу салтанаты үлкен концерттік бағдар­ламаға ұласты. Универсиадаға  қатысу­шылар кеш соңында   І.Жансүгіров атын­дағы Жетісу мемлекеттік уни­верситеті көркемөнерпаздарының  арнайы концерттік бағдарламасын  тамашалады.

 

             «Ақшам-ақпарат».