ТӨЛЕГЕН АҚЫН МӘСКЕУДІҢ ТӨРІНЕ ШЫҚТЫ

aibergenov

Жақында Мәскеуде ақиық ақын Төлеген Айбергеновтің 80 жылдығына орай «Бір тойым бар…» атты әдеби-сазды кеш өтті. «Байтақ мекенім» қоғамдық қорының бастамасымен ұйымдастырылған кештің Ресейдің бас қаласында өтуіне қол ұшын созған Мәскеудегі Халықтар достығы мен ұлттық мәдениеттердің дамуын қолдаудың «Астана» қоры және Алматы қаласының әкімдігі болатын. 

Ақын Төлеген Айбергенов ара­мызда болса, биыл 80 жасқа толар еді. Ұлттық әдебиетімізде құйрық­ты жұлдыздай ағып өткен талант иесін Мәскеу жұртшы­лығы да еске алды. Төлеген Айбер­генов – қазақ поэзиясында биік шыңға шыққан ақын. Ол өзінің қысқа ғұмырында халқына мол мұра қалдырды. Төлегеннің өзі кеткен­мен, соңында асау жыры қалды. Сол себепті, қазақ өлеңіне өзіндік әдемі өрнегімен келген талантты ақын  күні бүгін­ге дейін ел есінде. Мәскеуде өткен еске алу кеші – соның дәлелі.

%d0%b0%d0%b9%d0%b1%d0%b5%d1%80%d0%b3%d0%b5%d0%bd%d0%be%d0%b2-%d0%bc%d0%be%d1%81%d0%ba%d0%b2%d0%b0

– Өзі 30-ақ жыл ғана өмір сүрсе де, оның поэзиясының ұмы­тылмай келе жатқанына биыл 50 жыл толды. Алдағы уақытта да осы халық бар жерде, ел бар жерде әкемнің шығармашылығы жоғал­майды, әрі қарай да жалғаса бере­ді, жастар да іздейді деген үміт­теміз, – дейді ақынның қызы Сал­танат Айбергенова.

Төлеген ақынның жырларын жас та, жасамыс та сағынды, іздеп келді. Әсіресе, қазақ поэзиясына сусап жүрген мәскеулік қандаста­рымыз үшін бұл кеш ерекше әсерлі болды. Олардың ішінде ұлттық мәдени орталықтардың өкілдері, жоғары оқу орындары­ның оқытушылары мен Мәскеуде білім алып жатқан қазақ студент­тері

де бар.

Мәдени шара қазақ және орыс тіл­дерінде өтті. Сахна төрінде ақынның жырлары оқы­лып, оның өлеңдеріне жазылған әндер шыр­қалды. ҚР Еңбек сіңір­ген қайрат­кері Сәуле Жанпейі­сова, әнші-сазгер Роза Әлқожа өнер көрсетті, ақын Бауыржан Баба­жан­ұлы, Төлеген ақынның қыз­дары Сал­танат, Махаббат, Құсни, Айнар және т.б. сөз сөйлеп, өлең оқыды.