Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: Құрылыс саласында негізгі құрылыс материалдары бойынша импортқа тәуелділікті жойдық

%d0%b5%d0%bb%d0%b1%d0%b0%d1%81%d1%8b-1%d0%b1%d0%b5%d1%82%d0%ba%d0%b5

Қазақстан Респуб­лика­сының Президенті,  Елбасы Нұрсұлтан Назар­баев «ЭКСПО Конгресс орталы­ғын­да» Индус­трия­­ландыру картасы жобаларын таныс­тыру және «Алтын сапа», «Парыз» сыйлықтарының жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне қатысты.

Akorda.kz хабарлағандай, Телекөпір аясында еліміздің барлық өңірінен 11 тікелей көрсетілім жүргізіліп, соның барысында Қазақстан Президентіне Индустрияландыру картасының ең маңызды нысандары көрсетілді.

– Индустрияландырудың ең маңыз­ды жобаларын іске қосу жыл сайынғы игі дәстүрге айналды. Біз бүгін метал­лур­гия, өнеркәсіп, құрылыс материал­дары, машина жасау, көлік және логис­тика салалары бойынша 25 жобаның іске асырылуын бастадық, – деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев ауқымды индустрияландыру бағытын ұстанғаны­мыздың дұрыс болғанын және оның уақыт талабына сай екенін атап өтті.

– Бүкіл еліміз бойынша бір мыңнан астам жаңа өндіріс іске қосылып, 100 мың­нан астам тұрақты жұмыс орын­дары ашылды. Біз бүгін «Gіessenhaus» жауапкершілігі шектеулі серіктесті­гінің алюминий қоспасын шығаратын, ал келешекте автомобиль дискілерін жасайтын жобасын іске қостық. POSKO, «Евразхолдинг», Tenarіs, «Поли­металл» сияқты өз саласының көшбасшысы саналатын белгілі тран­с­ұлттық компаниялар тартылуда, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті өндірістік кооперация және автомобиль құрас­тыру саласындағы ынтымақтас­тық мәселе­леріне назар аударып, қазақ­стандық автозауыттарда электромо­бильдер құрастырудың басталғанын айрықша атап өтті.

– Бүгінде Қазақстанда 18 белгілі брендке тиесілі автокөлік құралдары­ның түрлі модельдері жинақталады. Біз оларды Қытайға, Ресейге, Тәжікстанға, Өзбекстанға және басқа да елдерге экспорттаудамыз, – деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев шикізаттық емес сектордағы өндіріс көлемін артты­руға және оның ел экономикасындағы маңыздылығына ерекше тоқталды.

– Химия өнеркәсібі саласында «Еврохим» трансұлттық компаниясы күрделі тыңайтқыштар шығару жөнін­дегі зауыттың құрылысын бастады. 14 фар­мацевтикалық кәсіпорында халық­­аралық ДжиЭмПи стандарттары енгізіл­ді. Бүгін «Химфарм» акционерлік қоғамы «Польфарма» ірі фармацев­тикалық компаниясымен бірлесе атқа­ратын тағы бір жобаның іске асырылуы басталды. Құрылыс саласында негізгі құ­рылыс материалдары бойынша им­порт­қа тәуелділікті жойдық. Heіdel­berg, KNAUF, Basf, Sіka және басқа да шетелдік компаниялардың қатысуымен 180-нен астам жоба іске асырылды, – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті экономиканы әртараптандыру үшін инфра­құрылымды дамытудың маңызы зор екенін атап өтіп, «Нұрлы жол» бағдарла­масы аясында Еуразиялық мультимодель­дік көлік дәлізінің іске қосылғанын және «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықара­лық көлік дәлізі құрылысының аяқталға­нын айтты.

– Осы жылдар ішінде 2 мың шақырым темір жол, 5 мың шақырым автомобиль жолы салынды. Теңіз және әуе айлақтарына қайта жөндеу жұмыстары жүргізілді. Құрық портында темір жолға және автомо­бильге арналған паром кешені іске қосыл­ды. «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы және Ляньюньган теңіз порты жобаларын жүзеге асыру нәтижесінде Азия-Еуропа бағытында Қа­зақстан арқылы жөнелтілетін контей­нерлік жүк тасымалының көлемі жыл сайын еселе­ніп келеді. Бұл 2020 жылға қарай еліміз­дің тасымалдаудан түсетін табысын 5 мил­лиард долларға дейін арттыруға мүмкіндік береді, – деді Елбасы.

%d0%b5%d0%bb%d0%b1%d0%b0%d1%81%d1%8b-2-%d0%b1%d0%b5%d1%82%d0%ba%d0%b5

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрме­сінің табысты өткенін атап өтіп, Үкіметке көрмеде көрсетілген баламалы және жаңар­тылатын энергия көздері саласындағы ғылы­ми жетістіктерді тәжірибеге енгізіп, қолдану үшін жүйелі жұмыс жүргізуді тапсырды.

– ЭКСПО аумағында «Астана» халықаралық қаржы орталығы, «Жасыл» технологиялар мен инвестицияларды дамыту жөніндегі халықаралық орталық, ІТ-стартаптар халықаралық технопаркі құрылатын болады. Олардың уақтылы іске қосылып, толық жұмыс істеуін қамтамасыз ету керек, – деді Қазақстан Президенті.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы «Цифр­лық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында 4.0. индустриясының технология­ларын енгізіп, бұл салада индустриялық тұрғыдан дамыған елдермен және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттермен ынтымақтастықты нығайту қажет екенін айтты. Бұдан бөлек, Елбасы цифрлық технологиялар саласын­дағы заманауи машықтарды меңгерген мамандарды дайындаудың маңызды екеніне назар аударды.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Инвестициялар жөніндегі комитетінің мүшесі болып, Ынтымақтас­тық­тың елдік бағдарламасына қол қойға­ны­мызды, сондай-ақ ұлттық инвестиция­лық стратегияның қабылданғанын, соның арқасында елімізде көптеген трансұлттық компаниялар мен стратегиялық инвестор­лар табысты жұмыс істеп жатқанын айтты.

Осыған орай, Мемлекет басшысы Үкі­метке шет елдерге шығарылған капиталды елге қайтару үшін мүмкіндік туғызу, қазақ­стандық тауарларды экспорттық нарық­тарда ілгерілету жөнінде шаралар қабыл­дауды, сондай-ақ кәсіпкерлікті дамытуға және бизнес ортаны жақсартуға ерекше мән беруді тапсырды.

Іс-шара соңында Қазақстан Президенті «Алтын сапа» байқауының сыйлықтарын тапсырды. Атап айтқанда, «Үздік индус­трия­лық жоба» сыйлығы – «Gіessenhaus» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директорлар кеңесінің тең төрағасы В.Ли­туевке, «Үздік инновациялық жоба» сый­лығы – «Recyclіng Company» жауапкер­шілігі шектеулі серістестігінің жоба жетекшісі А.Рябининге, «Сапа көшбас­шысы» сыйлығы – «Қазфосфат» жауап­кершілігі шектеулі серіктестігі басқарма­сының төрағасы М.Есеновке, «Үздік азық-түлік тауарларын және/немесе ауыл шаруа­шылығы өнімдерін шығаратын кәсіпорын» сыйлығы – «Абзал және Ком­пания» толық серіктестігінің директоры М.Ералиевке берілді. «Парыз» байқауының Гран-при жүлдесі Еуразиялық топтың жетекшісі А.Машкевичке табыс етілді. Бизнесті жүргізу жеңілдігі жөніндегі өңірлер мен қалалардың рейтингі нәтижесі бойынша арнайы сыйлық Астана қаласы­ның әкімі Ә.Исекешевке берілді.

 

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».