МҮГЕДЕКТЕРГЕ АРНАЛҒАН ТҰРАҚҚА КӨЛІГІН ҚОЙҒАНДАРҒА 113 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНАДЫ

Керек дерек

Мәскеуде 150-ге жуық театр бар.

Голливуд қазақ киносына инвестиция салмақшы.

Евстигнеевтің жесіріне қалған төрт пәтер,  бір жер үй және жер тәркіленді.

Алматының 40-тан астам жаңа көшелері белгілі тұлғалардың есімімен аталады.

Ағымдағы жылдың тоғыз айында жасөспірімдер арасындағы қылмыс 2,6 пайызға төмендеді.

Энергия беруші ұйымдардың саны қысқарады.

АҚШ елшілігі Иерусалимге көшуі мүмкін.

Жарнама туралы жаңа заң күшіне енгенде бар­лық телеарналар әлеуметтік жарнама көрсетуге міндеттеледі, – деді министр Д.Абаев.

Қазақстандағы барлық аудан орталықтары жыл соңына дейін 4G желісіне қосылады.

Елбасы бизнеске қолайлы жағдай жасаған әкімді марапаттайды.

Ағымдағы жылдың жартысында елімізге 10 млрд. доллар инвестиция тартылды.

100 жаңа есім жайында 100 жаңа теленовелла түсірілмекші.

Келесі жылдан бастап әкімдіктегілер мемле­кеттік көліктерін тастап, таксимен жол жүреді.

Елімізде азық-түлік бағасы бір жылда 7,1 па­йызға өскен.

Петерборда Кенесары ханның кісесі сақтал­ғаны анықталды.

Өзбекстан халқы 32 млн.-нан асты.

Үндістан әскерилеріне қытай смартфондарын пайдалануға тыйым салынды.

Қияр шаршағаныңызды басады немесе бір тілімін 30 секунд тіліңіздің астына ұстасаңыз, жағымсыз иістен арыласыз.

Алдағы 5-6 жылдың ішінде Қазақстанға төртінші мұнай зауытын салудың қажеттігі жоқ, – дейді Бозымбаев.

Елбасы бюджеттік рәсімдерді жеңілдетуге арналған заңға қол қойды.

Д.Қасейінов ТҮРКСОЙ-дың бас хатшысы болып қайта сайланды.

Өзбекстан бір айға берілетін бірыңғай визаны бекітіп, оның құнын 40 долларға дейін көтерді.

Ағымдағы жылы елімізге келген шетелдік туристердің саны 5,8 млн.-ға жетіп, рекордтық көрсеткішке жетті.

Қарасай ауданында машина жасау зауыты ашылып, 200 адам жұмыспен қамтылады.

Алматыда 347 жүргізуші көлігін автотұраққа дұрыс қоймағаны үшін айыппұл төлеген. Одан қазынаға 34387700 теңге түскен. Ал енді мүгедектерге арналған тұраққа көлігін қойған­дарға 113 мың теңге айыппұл салынады.

Қырғыздар шекара үшін Қазақстанның үстінен жазған шағымын қайтарып алмақшы.

Мүгедек досын арқалап әлемді аралаған жігіттер тәнті етті.

Түркияда Назарбаевтың атына төрт бірдей көше берілген.