ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚҚА ТОЛЫ ЖЫЛ БОЛДЫ

Алматы қаласында бір  адамның денсаулығын жақсартуға жұмсалатын шығын 17081 теңгеден 55 мың теңгеге жетіпті

%d0%bd%d1%83%d1%80%d0%b6%d0%b0%d0%bc%d0%b0%d0%bb

Нұржамал БАЙСАҚАЛ

Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасына жуырда ғана жаңа басшы тағайындалды.  Ден­сау­лық сақтау саласында  аты-жөні  көпшілікке таныс Серікбол Му­синов алматылық ақ халатты абзал жандармен өткізген алғашқы жиынының еліміздегі ұлық мереке­лердің бірі Тұңғыш Президент күнімен сәйкес келуін жақсылық­қа жорып, басқарманың жыл басынан бері атқарған жұмыста­рына шолу жасап өтті.

Жаңа басшы көз жүгірткен жетістік­терге біз де құлақ түріп  көрсек, Алматының денсаулық сақтау саласында оң өзгерістер көп көрінді. Ең бастысы туу көрсет­кіші көбейіп, ана мен бала өлімінің  көр­сеткіші  төмендеген. Туберку­лез ау­руына шалдыққандар саны азайып, осы аурудың салдарынан болатын өлім-жітім көрсеткіші 36 па­йызға төмендепті.  Денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаражат көлемі соңғы он жылда 5 есеге артып, ол 19,5 миллиард теңгеден қазіргі  кезде 99,5 миллиардқа жетіп отыр.

Алматы қаласында бір  адам­ның денсаулығын жақсар­туға жұм­салатын шығын 17081 теңгеден 55 мың теңгеге жетіпті.   Денсаулық­ты жақсартуға деген оң көзқарас, қала тұрғындарының  салауатты өмір салтын ұстануына қажетті барлық жағдайлар қарас­тырылуы­ның нәтижесінде тұрғын­дардың өмір сүру жасы 5,5 жасқа ұлғайып, ол қазір 75  жасты құрап отыр.

Алматы қаласы Орта Азия және Қазақстан бойынша  Дүние­жүзілік Денсаулық сақтау ұйымы­ның  «Саламатты қала» жобасына енге­нін де Серікбол Мусинов мақта­нышпен айтып өтті. Меди­циналық туризмді дамыту қарқын­ды жүр­гізілуде. Халыққа стацио­нарлық және басқа да медициналық көмек көрсетуде жекеменшік медицина мекемелерінің үлесі артып келеді. Жеке инвестиция есебінен емхана, ЭКО орталығы құрылды.  Қазіргі кезде Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқар­масына қарасты емханалар мен ауруханаларда МӘМС жүйесі бойынша жүйелі жұмыстар атқа­рылуда. Бүгінгі күнге дейін қала емханаларына 1 миллион 800 адам тіркеліп,  өз мәртебелерін анықтап үлгерген. Жаңа басшы Алматының жаңа емдеу нысандарын салу,  күр­делі жөндеуді қажет ететін меке­мелердің  күрделі жөндеуден өткі­зі­­луін де жақсы бағалап өтті. Же­дел жәрдем көліктерінің жаңар­тылып, бұл сала жұмы­сының жаңаша ұйымдастырылуы, қала­дағы ең ірі ауруханалардың бірі  — №4 қалалық клиникалық ауруха­наның қабылдау бөлімінің науқас­тарға кешенді көмек көрсететін  «Emer­gency romm»  жүйесіне көшуі де Алматының денсаулық сақтау сақтау саласындағы үлкен жаңа­лық­тардың бірі екендігін атай келіп,  басқарманың жаңа басшысы осы жетістіктерді одан ары қарай  арттырып,  келер жылы да осы қар­қында жұмыс істеуге әріптестерін шақырып, Алматының ақ желеңді абзал жандарын Тұңғыш Прези­дент күні мерекесімен құттықтады.