Елбасының есімін қалай ұлықтасақ та лайықты

Мұрат Әділханов, Алматы қалалық мәслихатындағы «Нұр Отан» партиясы  депутаттық фракциясының  жетекшісі

Алматы тұрғындарының ұсыныстарын ескере отырып, қалалық мәслихат депутаттарының шеші­мімен Нұрсұлтан Назарбаев даңғылының  дүниеге келуі – шынайы өмірдің нәтижесі. Біз халықтың көптен күтіп жүрген көкейіндегі мәселесін құжат жүзінде бекітіп бердік. Алматылықтар үшін мұның ерекше рух көтеретіндей оқиға екені рас.

%d0%b5%d0%bb%d0%b1%d0%b0%d1%81%d1%8b

Оңтүстік астанадан басталған тарихтың ұлы көшінде жас мемлекетіміз өмірдің талай соқпақ­тарынан өткені белгілі. Орталық Азиядағы ең үлкен мегаполисте Тұңғыш Президенттің бастамасы бойын­ша ТМД елдерін құру туралы «Алматы Декларациясы», Конституция, мемлекеттік рәміз­дер, ұлттық валютамыз қабылданды, Қарулы Күш­терміз құрылды. Астананы Сарыарқа төріне көшіру туралы аса маңызды қаулы қабылданды.

Қаламызда Елбасының қолдауымен қандай ірі-ірі реформалардың жүзеге асырылғанын ел жақсы біледі. Бүгінде Алматы экономикасы 100 есеге, шағын және орта кәсіпорындар саны 130 есеге өсті. Егер, 90-жылдардың басында қаламыз ЖІӨ-нің оныншы бөлігін ұсынса, бүгінгі таңда еліміздің шикізаттық емес салық түсімдерінің бесінші бөлігін құрайды, шағын және орта бизнестің барлық өнімдері мен қызметтерінің төрттен бірі өндіріледі.

Ғылым мен техниканың жетістіктері енгізіліп, ІT-стартаптар халықаралық технопаркін құру қолға алынды, «Алатау» инновациялық технологиялар паркі базасында инновациялық  жаңалықтарды дамыту жүзеге асырылуда. Осының бәрі Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың дара басшылығымен іске асқан халық арманының көрінісі. Ендеше, ел тарихында теңдессіз тұлға ретінде танылған Ұлт Көшбасшысының есімін қандай дәрежеде ұлықтасақ та жарасады.

Біз Түркия, Татарстан, Иордания сияқты елдерде Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен аталатын көшелер бар екенін білеміз. Міне, осындай көшенің енді Алматыда болуы заңдылық деп ойлаймын.

Қаламызда, сонымен бірге, мәслихат шешімімен 42 көшеге еліміздің дамуына үлес қосқан көрнекті тұлғалардың есімдері берілгенін де жұрт назарына ұсынғым келеді.

ЕЛБАСЫ ЕСІМІНІҢ БЕРІЛУІ ӨТЕ ҚҰПТАРЛЫҚ ШЕШІМ

Әсем де әдемі Алматы шаһарының орталықтағы магистральды Фурманов көшесіне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беру туралы VІ шақырылған Алматы қаласы мәслихаты сессиясының шешімі көпшіліктің көңілінен шықты деп ойлаймын. Арғы мен бергінің алтын көпірі болған  бұрынғы Фурманов көше­сінде тұратын зиялы қауым өкілдері мен  тұрғындарын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев даңғылының тұрғындары атануымен құттықтаймын.   

 

Елбасымыздың «Еліміздің басты байлығы, ең қастерлі қазынасы жердің астында да емес, үстінде де емес – адамдардың жүрегінде» деген аталы сөзі еске жиі оралады. Алматы қаласының Елбасыға, Елбасының Алматы шаһарына ықыласының ерекше екенін, көптеген тарихи құжаттардың осында қабылданғанын әрі оларды жүзеге асыруда Алматының орны ерекше екенін атап айтқым келеді. «Алматы – тәуелсіздігіміздің алтын бесігі», «Мен  Алматыны жер жүзіндегі ең әдемі қала деп білемін» деуінің өзі неге тұрады!  Елбасының ерлікке пара-пар істерінің нәтижесін бәріміз көріп те келеміз, оған марқайып та отырамыз. «Алдымен – экономика, сонан соң – саясат» ұстанымының арқасында қазақстандықтардың жағдайы кеңестік кезеңмен салыстырғанда көп ілгерілегені  бәрімізге де байқалады, оны жақсы білеміз де. Мұның өзі ел экономикасының мүдделі жаңа арнаға түскенін айғақтайды. Әр істің басында Елбасының ерен еңбегі бары рас. Сондықтан да өз халқына, туған еліне жасаған еңбегіне  лайық көше атауының берілуі мезгілі  әбден жеткен мәселе деп білемін. Бұл Тұңғыш Президент күніне орай жүзеге асқанымен де ерекше есте қалатын болды. Елбасының барлық саладағы еңбегі мен көрегенділік бастамалары әлемдік, халықаралық сыйлықтар мен түрлі атақ-абыройларға, тиісті құрметтерге әбден лайық деп есептеймін.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Тәуелсіз еліміздің рухани жаңғыруының да Бас идеологы, ұлағатты істердің ұйымдас­тырушысы, рухани жебеушісі, көреген мәмлегерліктің бастама­шысы екеніне төрткүл дүние жұртшылығы куә. Қазақ елінің көшін аудармай, «Мәнгілік Елге» айналуына бар күш-қайратын аямай жұмсап, тыным таппай жүргендігі баршамызға мәлім.  Нұрсұлтан Әбішұлының өмір жолы ғибрат пен тағылымға толы,  дүниежүзілік өріс пен өрлеуді көздеп айтқан «Бақ та, тақ та таласқанға бұйыр­майды, халықтық істе жарасқанға бұйырады» деген сөзі бүгін де, болашақта да әлемді, елімізді ұйыстыра  түседі деп есептеймін.

«Ері жоқ болса ел – жетім, елі бағаламаса ер – жетім» дейді халық даналығы. Жаратқанға мың тәубе, бізде елін өрге сүйрейтін ер де, азаматын құрмет тұтатын ел де бар.

 

Кеңес қажы ШАЙМЕРДЕНОВ,

ҚР мәдениет қайраткері, дербес зейнеткер.