КӨШЕ ҚАРДАН ТАЗАРЫП ЖАТЫР

Сенбіден бастап Алматыны ақ ұлпаға ораған қар Қазгидрометтің болжамы бойынша сейсенбі, 5 желтоқсанға дейін жаумақшы

27469-6-nebyvaloe_kolichestvo__ru

Көктайғақтың алдын алу үшін коммуналдық қызмет қар жауған сәттен бастап 180 құмшашыратқышпен қала жолдарына арнайы қоспа себуде.

Сенбі күні түннен бастап жексенбіге қараған мезгіл аралығында қала көшелері мен жаяу жүргіншілер жолын, соқпақ жолдарды қардан тазартып, күреу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 540 текше метр қар шығарылды.

Таулы және бөктерлі аймақтардағы жол бойын қардан тазарту жұмыстары жүргізілуде.

Көше бойларын қардан тазарту үшін 1416 адам жұмылдырылып, 526 арнайы техника шығарылды.

3 желтоқсан күнгі таңғы сағат 07.00 жағдай бойынша көктайғаққа қарсы 2440 тонна қоспа және 1053 тонна тұз қолданылған.

Қала әкімдігі мен аудан әкімдіктерінде қар тазалау жұмысын бақылау бойынша тәуліктік кезекшілік ұйымдастырылған.

pogudx1h0k6hf78aa8-70287332

Керек дерек

Көше бойларын қардан тазарту үшін 1416 адам жұмылдырылып, 526 арнайы техника шығарылды.

Көктайғаққа қарсы 2440 тонна қоспа және 1053 тонна тұз қолданылған. 

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».