Газеттің өзі де рас, сөзі де рас

Баспасөз – 2018

imag8010_0

Халықтың мұңы мен мұқтажын сарапқа салып айтатын газеттер саны аз емес. Мәселен, «Алматы ақшамын» алайықшы. Осы газеттің әрбір санын асыға күтушілер көп. Өйткені, газетте жарияланатын мақалалардың тұшым­дылығы, тұжырымдылығы, маңызды­лығы көпшіліктің көңілін баурап алған. Сондықтан бұл газет аптасына үш рет шықса да, оқырман басылымының әр санын асыға күтіп, қызыға да құмарта оқиды.

Өз басым осы газеттен оқыған жаңалықты қатарлас азаматтарға айтқалы жатсам, олар менен бұрын оқығанын айтып, ұялтып жатады. Сонда бұл газеттің қаншалықты беделді және ондағы жазылған дүниенің құны еселей артқандығын білдіреді. Халыққа нағыз керекті материалдарды басып отырған редакция басшысы Қали Сәрсенбайға мың алғыс! Дегенмен, газетті бір адам шығармайды, ұжымдағы қалам­герлердің арқасында халыққа жететіні белгілі. «Алматы ақшамы» – өз міндетін үлкен абыроймен алып жүрген әрі газеттер ішіндегі оқырманның іздеп жүріп оқитын басылымы.

Осы газеттің бір мерейтойында қалалық әкім қызметін ұзақ жыл атқарған Ахметжан Есімов: «Көп газеттің ішінде «Алматы ақшамына» ерекше назар аударамын. Газеттің әрбір саны мазмұны жағынан, қаланың мәселесін жан-жақты көтеру жағынан көпшіліктің көңілінен шығып отыр. Мен әр мақаласын оқудан еш жалықпаймын. Газеттер осындай мәселелерді көтере білсе, халықтың жүрегіндегі сөзді айтты деп есептеймін» деп бұл газеттің беделін бір көтеріп тастағаны бар.

Қарап отырсақ, қазіргі кезде осы газетке бір ғана қалаішілік мәселелерден басқа, еліміздің басқа аймақтарынан да мақала беруші авторлар көбейген. Олардың ішінде көршілес Ресей және Еуропа елдерінен де мақала жазған авторлардың барын байқап жүрміз. Соған қарағанда, «Алматы ақшамы­ның» адымы қарыштап алға басып, газетке көпшілік тарапынан ынта-ықыластың артуы алдағы жылдары да таралымының көбейе түсетініне сендіретіндей. Біз де соған тілектеспіз!

 

Киікбай ІЗЕТҰЛЫ,

ардагер-журналист.

 

Шипажайлар шипа болсын!

Бәйгеге қатысып, бағыңызды сынаңыз!

Ұтсаңыз да, ұтпасаңыз да ұтылмайсыз!

 

«Алматы ақшамына» ең көп жазылған кә­сіп­орындар мен ұйымдардың  1000 шаршы сан­тиметр жарияланымын тегін орналастырамыз.    

 

Мұнымен қоса, «Алматы ақшамына» бір жылға жазылған оқырманның жүрекжарды құттықтау лебізін (мерейтоймен, туған күнмен, т.б.) бір рет тегін жария­лайтын боламыз.

Газетке бір жылға жазылып, бір құттықтау бере ала­сыз! Сіз үшін бұл үш есе арзанға түседі, жыл бойы­на газет оқисыз. Жазылу түбіртегін қоса алып келуді ұмытпаңыз!

Ұтыс ойынына да қатысыңыз, құттықтауыңызды да беріңіз.

Ұтсаңыз да, ұтпасаңыз да ұтылмайсыз!

Анықтама телефондары:

292-66-50, 292-66-48.

Мекен-жайымыз: 050022, Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 106 А (Масаншы көшесімен қиылысы), «Алматы ақшамы» газетінің редакциясы.