ӘЛЕМ ЖӘНЕ ЕЛБАСЫ

%d0%b5%d0%bb%d0%b1%d0%b0%d1%81%d1%8b

Тәуелсіздігімізді еншілеген небәрі  жиыр­ма алты жыл ішінде   ғасырға бергісіз жолдарды жүріп өткен, ұлттық мүддесімен,  өр рухымен, ешкімнен қаймық­пас қайсар­лығымен  әлемнің алпауыт мемлекеттерін мойындатып, «тар жол, тайғақ кешулерді»  бастан өткерген  Қазақ Елін  бүгінде әлем мойындап отыр,  басқаға жалтақтайтын күн келмеске  кетті. Қазақ  мемлеке­тімен  қазір әлем санасатын болды. Бұл – тарихи факт.

Әлемдік саясатта ғажайып брендтің біріне айналған «Қазақстан жолын» дүние жүзінің сарапшылары  Назарбаев моделінің айрықша жетістігі деп сипаттап отыр. Жаһанның ірілі-ұсақты мемлекеттерін өзінің серпінді даму жолымен аузына қаратқан Қазақ Елінің тыңнан қосылған сәтті тәжі­рибесін нысанаға алған  сарапшылар мен әлем қайраткерлері  Нұрсұлтан Назар­баевты  мемлекеттіліктің жаңа тарихи  моде­лін қалыптастырған ерекше тұлға, уникум құбылыс  ретінде бағалап,  Назар­баев феноменіне жаппай қызығушылық танытуда. Бұл  тақырып әлем баспасө­зінде Қазақстанның тәуелсіз қадамы басталғалы көтеріліп келе жатқаны белгілі. Өркениет­тіліктің дәмін ерте татқан шетелдік атақты сарапшылар да, құрлықтас  ірі көршілеріміз – ресейлік, қытайлық белгілі саясаткерлер мен ғалымдар да ұлттық мүдде мен ұлтара­лық бірлікті ұлықтай отырып, ұлан-ғайыр шекарасының тұтастығын тұғыр­лап, тама­ша дипломатиялық шеберлік­пен  қоңсылас елдермен де, әлем алпауыттарымен де тере­зесін тең ұстап отырған  Қазақ Елінің  бүгіні мен бола­шағына қызыға да қызғана қарай­тыны сөзсіз. Халқының сеніміне ие болып, қазақстандықтарды бір бағытқа  жұмыл­дырып, дамудың «қазақстандық үлгісін»  қалыптастыра білген  Елбасы феномені олардың жиі  «баратын»  тақырыбы.

 

Президент Назарбаев Одаққа біріктіре алатын көшбасшылардың қатарында

– Менің  ойымша қазір әлемде 5-6 ірі және өте беделді  саясаткерлер бар, солар­дың арасында Нұрсұлтан Назарбаев та бар. Мен оған сенемін және оның Қазақстанда жүргізіп  жатқан  барлық жұмыстарын толық қолдаймын. Ол  КСРО-ның ең мықты деген саяси қайраткерлерінің бірі».

Маргарет ТЭТЧЕР,        

Ұлыбританияның бұрынғы  Премьер-Министрі, «темірдей тарамыс ханым» атанған  әйгілі саясаткер.

 

%d0%bf%d1%83%d1%82%d0%b8%d0%bd

Сіз сөзсіз көшбасшысыз

– Қазақстанның қол жеткізген табыс­тары Сіздің атыңызбен тікелей байланысты. Сіздің еңбегіңізді өз отандастарыңыз ғана емес, миллиондаған ресейліктер де шынайы құрмет тұтады. Сіз еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық үдерістердің нағыз архи­тек­торы болып есептелесіз. Қазақстан үшін  Нұрсұлтан Назарбаев өте ерекше тарихи тұлға. Ол тек қана Қазақстанның Тұңғыш Президенті ғана емес, ол – қазақтық, қазақ­стандық мемлекеттіліктің іргетасын қалаушы.

Владимир ПУТИН,

Ресей Федерациясының Президенті.

photo_99292

Қасиетіне тәнтіміз

– Біз оның үлкен саяси көрегендігі мен аймақтық қауіпсіздік пен әлемдегі бейбіт­шілікті қамтамасыз етуді өзінің парызы санайтын қасиетіне тәнтіміз. АӨСШК-ні құру туралы идеяны алғаш рет Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1992 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессия­сында жария еткен болатын. Бұл бастама бүгінде өз өміршеңдігін дәлелдеп, Азия елдері арасында беделі биік, абыройы асқақ, ауқымды ұйымға ұласты.

Си ЦЗИНЬПИН,

Қытай Халық Республикасының Төрағасы.

 

%d0%be%d0%b1%d0%b0%d0%bc%d0%b0

Күш-жігеріңізді жоғары бағалаймын

– Өз тәуелсіздігін алған кезеңнен бері Қазақстан мәдени, конфессиялық және этностық алуандығынан қуат алуын жал­ғастырып келеді. Үкімет пен халық орасан әлеуетін танытатын нарықтық экономика құрды. Қазақстан халқы осы жетістіктерін орынды мақтаныш ете алады. АҚШ пен Қа­зақстан арасындағы стратегиялық әріп­тес­тік туралы үнқатысу қазіргі заманғы ша­қы­руларды шешуге деген ортақ ұста­ным­дары­мыздың куәсі болып табылады… Сіздің ұлт­аралық және діни төзімділікті ілге­рілетудегі күш-жігеріңізді жоғары баға­лаймын.

Барак ОБАМА,

АҚШ-тың бұрынғы  Президенті.

 

Талантты саясаткер

– Қазақстан Президентінің осынау сынақ алаңын жауып қана қоймай, тұтас өңірде ядролық қарудан ада аймақ құрға­нына зор қолдау білдіремін. Оның бұл қадамы біздің ядролық қарусыз әлемді құру ісіміздің ең берік іргетасы іспетті. Барлық елдердің басшылары Нұрсұлтан Назарбаевтан үлгі алып, оның жолымен жүруі тиіс. Мен БҰҰ-ның Бас хатшысы ретінде ядролық сынақ алаңының қақ жүрегінде тұрып, барлық әлем елдерін Қазақстаннан үлгі алуға шақырамын… Мен  Семейде болдым. Ол өңірге жасаған сапарым мен үшін баға жетпес тәжірибе. Семей полигонындағы сынақтар барысын­да зардап шеккен миллиондаған адамдар­дың қасіреті мен ондағы экологиялық ахуал­дың қиындықтарын суреттеуге тіл жетпейді. Тіпті оны елестетудің өзі аса ауыр. Егер Сіздің көрегендігіңіз бен басшылығыңыз болмаса, кім білсін, қазір де миллиондаған адам сол қасіретті бастан өткеріп жатқан болар ма еді? Мен Сізге Семей ядролық сынақ алаңын жапқан және Қазақстан аумағында барлық ядро­лық инфрақұрылымдарды жойған ұлттың басшысы ретінде шексіз ризалығымды айтқым келеді… Ядролық сынақтарды тоқтатып, ядролық қарулардан ада болу қажеттігін әлемге жар салып айтушы рөліне Жер бетінде Сізден лайық адам жоқ.

Пан Ги МУН,

 Біріккен Ұлттар Ұйымының бұрынғы Бас хатшысы.

 

Қазақстан маңызды рөл атқарады

– Қазақстан бүгінде Сіздің басшылы­ғы­­ңызбен қарқынды дамып келеді. Қазақстанның ықпалы алдағы уақытта да арта беретініне сенімдіміз. Біздер Ауғанстан бойынша бірлескен жұмысты белсенді түрде дамытудамыз. Қазақстан бұл мәселеде ма­ңызды және оң рөл атқарады. Қазақ­стан­ның болашағы зор, ал Ұлыбритания осы болашақтың маңызды бөлігі бола алады.

Дэвид КЭМЕРОН,

Ұлыбритания  және  Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің бұрынғы Премьер-Министрі.

 

Сенімді серіктесіміз

– Біз әр жолы Астанада болғанда, өзі­мізге әлдене алуға тырысамыз. Бұл қалада озық технология, қызғылықты архитекту­ралық ойлар бар. Қазақстанды біз Бела­русь үшін ең тиімді және перспективалы серіктес ретінде танып келеміз. Сіздің елде біз үшін әр түрлі жобаларды жүзеге асыруға ешқандай проблема жоқ. Бұл ынтымақтас­тығымыздың деңгейі жоғары екенін көрсетеді.

Александр ЛУКАШЕНКО,

 Беларусь Республикасының Президенті.

 

Астана – ең үлкен туынды

– Түркия Қазақстанның экономи­калық реформаларын жіті қадағалап отырады. Сіздің күш-жігеріңіздің арқа­сында Қазақстан тәуелсіздік жылдарында Орталық Азияның жарық жұлдызына – беделді, сенімді әрі қуатты мемлекетке айналды. Астананың құрылыс жұмыс­тарына түрік компаниялары мен жұмыс­шы­ларының да үлес қосуын түрік-қазақ ынтымақтастығының ең әсем нышан­дарының бірі ретінде бағалаймыз. Нұрсұл­тан Назарбаев – Түркі әлемінің лидері.

Абдуллаһ ГҮЛ,

Түрік Республикасының 11-Президенті.

 

Қазақстанмен жұмыс істеу әдісін жаңартуды қалаймыз

– Біз Қазақстанмен жұмыс істеу әдісін жаңартуды қалаймыз. Мұндағы қызметі­мізді толықтай жаңғыртуға мүдделіміз. Сондай-ақ, қауіпсіздік тұрғысындағы іс-шаралардың аса маңыздылығын атап өткім келеді. Атлантикадан Владивостокқа дейінгі аумақта тұрақтылықтың сақталуын қадағалау басты міндетіміз. Қауіпсіздік шаралары кешенді түрде жүргізілуі үшін бірлесе қадам жасауымыз қажет.

Ламберто ЗАНЬЕР,

ЕҚЫҰ-ның Бас хатшысы.

18557481_1461939700542878_5962588562526473628_n

Ұлы ұйымдастырушы

– Ашық-жарқындығы, шыншылдығы, тартымдылығы, адамға сүйіспеншілігі – мұның бәрі де Нұрсұлтан Әбішұлының табиғатына тән қасиеттер. Қазақ жұрты­ның, елінің көп ұлтты халқының алдын­дағы, тарихтың алдындағы жоғары жауап­кершілік сезімі оның бойынан әманда ажыраған емес. Ол ұлы ұйымдастырушы ретінде Қазақстанды Кеңестен кейінгі кеңістіктің дамыған мемлекеттерінің біріне айналдырды. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық саладағы табыстары тағы­лым аларлық. Нағыз басшы ғана осындай нәтижелерге жете алады, бұл жағынан алғанда, Нұрсұлтан Әбішұлы – өз халқы­ның даусыз басшысы. Ол – ТМД мен халықаралық қоғамдастықтың аса беделді саясаткерлерінің бірі деп санауға әбден лайық.

Эмомали РАХМОН,

Тәжікстан Президенті.

 

Франция Қазақстанмен ынтымақтастыққа мүдделі

– Сіздердің елдеріңіз экономикалық даму жөніндегі мақсаттарын табысты жүзеге асырып қана қойған жоқ, ол сон­дай-ақ, өзінің көршілерімен тең дәрежеде үнқатысу жүргізіп, ірі саяси мәні бар оқиға­ларға ықпал етуге мүмкіндік беретін маңызды саяси және дипломатиялық рөл атқарады.

Франсуа ОЛЛАНД,

Француз Республикасының Президенті.

 

Сіздің ел  Орталық Азияда  маңызды орын алады

– Қазақстан мен Чехия арасындағы түрлі саладағы ынтымақтастықты дамыту­дың маңызы зор. Бүгінде жаңа  Жібек жолының әлеуетін ашу бағытында жұмыс­тар жүргізіліп жатыр. Біз Сіздің елдің қазіргі дамуына ғана емес, оның әлеуетіне де Орталық Азиядағы маңызды орын алатынын ескере отырып баға береміз.

Милош ЗЕМАН,

Чех Республикасының Президенті.

 

Егер жолдасың қазақ болса, ешқашан жолыңнан адаспайсың

– Сенің жетістігің – қазақ халқының жетістігі. Саған Алла Тағала көп дарынды қасиет беріпті, соның ішінде маңыздысы – халқыңды сүйе білуің, оларға, бабалардың сөзіне адал болуың, басқарушылықты жетілдіре отырып, халқыңның сенімін ақтауың… Менің шынайы тілегім, өзбек пен қазақ әрқашан бір-біріне тірек болып жүрсін. Өзбектерде: «Егер жолдасың қазақ болса, ешқашан жолыңнан адаспайсың» деген мақал бар.

Ислам  КАРИМОВ,

Өзбекстан Республикасының бұрынғы Президенті.

%d0%bd%d0%b0%d0%b7%d0%b0%d1%80%d0%b1%d0%b0%d0%b5%d0%b2-aliyev14782523669

Жаңа астана орнатты

– Мен жаңа астананы көрдім. Мені құрылыстың қарқыны, адам қолымен сомдалып жатқан сұлулық қайран қал­дырды. Бұған Президент Нұрсұлтан Назар­баевтың сіңірген еңбегі орасан зор, ол күллі қазақ халқының күш-жігерін жұмылды­рып, іс жүзінде жаңа қала, жаңа астана орнатты.

Біз бір-бірімізге жақын, туысқан елдер­міз, халықтармыз. Біз Сіздердің табыс­тарыңызға әрдайым қуанамыз. Қазақстан халқына тың табыстар, бейбіт өмір және мол игілік тілегім келеді.

Ильхам ӘЛИЕВ,

Әзірбайжан Президенті.

 

Айрықша қайраткер

– Оның бір ғана  әлемдегі ең ірі  ядро­лық арсеналдан бас тарту туралы ерікті шешімі ушығып тұрған халықаралық жағ­дайды күрт өзгертіп жіберді… Қазақстан­дықтар неге Назарбаевпен мақтана алмайды?  КСРО  «сынығын» толыққанды мемлекетке айналдыра білген бірінші Президентімен қазақстандықтардың жолы болды. Кез-келген басқа лидер мұндай жетістікке жете алмас еді.

Дмитрий ВЕРХОТУРОВ,

саясаттанушы. 

 

«Ақыл-парасаты, күш-қуаты жағынан титандық тұлға»

– Көптеген әлемдік сарапшылар  эко­номикалық дағдарыс аяқталған соң Қазақ­станды  өте  тамаша жарқын бола­шақ күтіп тұрғанын болжап отыр. Олар мұны жүргізіліп жатқан экономикалық реформалармен және елдің шикізаттық байлығымен байланыстырады. Қазақстанға деген сенімнің кепілдігі – өте  танымал жалпыұлттық  лидер, экономикалық және әлеуметтік реформалар жүргізуде мол тәжірибесі бар Назарбаев болып табылады. Ол расында да ақыл-парасаты,күш-қуаты жағынан титандық тұлға. Халық арасынан шығып, өз еңбегімен, қажыр-қайратымен жалпы­планетарлық деңгейге көтерілген адам. Бүгінде  бұрынғы КСРО  аумағында, бүкіл Еуразия құрлығында да  саяси қуаты мен ойлау өресі жағынан  Назарбаевқа тең келер жыл адамы жоқ. 2005 жылы ресей­ліктер оны ТМД лидерлерінің арасындағы ең танымал саясаткер ретінде «жыл адамы»  деп атады. Содан бері  Қазақстан Прези­дентінің беделі жылдан жылға өсіп келеді. Мен  қызмет бабымен Ресей мен Қазақстан аймақтарын  жиі аралап жүремін,әңгіме барысында адамдар: «Қазақстанның жолы болды, оларда Назарбаев бар ғой»  деген жүрекжарды пікірлерімен бөліседі. Қазір Нұрсұлтан Назарбаев  посткеңестік кеңіс­тіктің басты саяси лидер-интеграторына айнал­­ды. Оның  мемлекеттердің Еуразия­лық Одақ форматына бірігуі туралы баста­масының өзі неге тұрады. Мен  ерте ме, кеш пе, Қазақстан Президенті  өз идеяларын жаңа  –  метамемлекеттік деңгейде жүзеге асы­­рудың   тарихи мүмкіндігіне ие болары­на сенімдімін. Меніңше,  Қазақстан көрсе­тіп отырған көшбасшылық моделдің табыс­ты  динамикасы әлі көп елдерге  үлгі болады».

Юрий СОЛОЗОБОВ,

саясаттанушы.

 

Теңдессіз идеолог

– Ол –  зор білімді, ХХІ  ғасырдың  бүкіл тынысын  түсінетін тұлға. Қазіргі кезеңнің ұлы саясаткерлерінің бірі  және  Еуразиялық құрлықтағы  интеграциялық процестердің теңдессіз идеологы.

Шыңғыс АЙТМАТОВ,

қоғам және мемлекет қайраткері, Қырғызстанның халық жазушысы.  

 

Мұсылман республикаларын Достастыққа тарта білді

– Орта Азия республикаларының ішінде ядролық қаруы бар бірден-бір елдің басшысы ретінде Назарбаев қана ядролық арсеналдарды бөлу жөнінде Батыста өрттей қаулаған дау-дамайларды ауыздықтай алады. Славяндар күш алып кетуі ғажап емес деген мұсылмандардың сезігін  де тек Назарбаев бір сабаға түсіреді. Бойы аса ұзын емес, мығым денелі және талғампаз (өзін ұстау мәнері ерекше) 51 жастағы Назар­баев­тың тамыз бүлігі кезінде реак­ция­шыл­дардың бетін қайтарып, парасатты бағыт ұстанғаны, қалыптасқан шекараны қайта жамауға тырысушылықтың саяси жанжалға әкеп соғатыны туралы Ельцинді ескерткені оған халықаралық бедел алып келді. Төңкерістен кейін республика басшылары кіретін Мемлекеттік кеңес тұжырымдамасын енгізген де Назарбаев болатын…

Н.Назарбаев саяси сезімтал адам, ал эко­номика саласындағы батылдығы Батыс­ты тамсандырып отыр. Олар: «Бизнес жасауға болатын нағыз адам сол», –деп бағалайды.

«Тайм» журналы. АҚШ.

 

Нұрсұлтанға  сәттілік тән

– Мәскеуде өткен халық депутат­тарының төтенше съезінде жұрттың бәрі Михаил Горбачевті күтіп отырғанда, оның орнына Назарбаев сөз алды. 1800-ге жуық  кеңестік парла­ментарийлер оның  тұнық даусын мұқият тыңдады, салмақты да парасатты жүзін көрді. Ол  осыдан 74 жыл бұрын больше­виктер құрған мемлекеттің  құрдымға кеткенін мәлімдеді.  Қауіпті миссия. Сол сәтте көпшілігі кәнігі шенеу­ніктерден құралған халық депутаттары  бұл реквиемді қалай қабылдайтыны, өздерінің мәртебелі  қызметтерін ерікті түрде доғаруға қалай қарайтыны белгісіз еді. Үш күннен кейін  бір мәскеулік әріптес-журналист  айтқан­дай, бұл «екінші  путч» та шешімін тапты. Оның авторлары – Горбачев, Ельцин және Назарбаев. Қазақстаннан шыққан саясаткер үшін бұл жеке триумф және ол өзі сан жылдар бойы армандап жүрген  –  республика егемендігі идеясы­ның жүзеге асқаны еді. Горбачевпен жақын араласқа­нына қарамастан ол 1990 жылы онымен қақтығысқа барды. Өз астана­сынан ол орталық биліктің жарлықта­рының  елдегі жағдайды бүлдіретінін айтып, айыптады. Әрине, оның олай деуіне толық негіз бар еді. Республика өндірісінің  70 пайыздан астамы тікелей мәскеулік бақылауда бола­тын. Отаршылдық кесте: кеңестік қорға­сынның, цинктің, титанның, магнийдің 70 пайызы, фосфор мен хромның 90 пайызы, күмістің 65 пайызы байлығы мол Қазақ­стан жерінен. Айыр­басқа орталық тек дотация береді. Жергі­лікті халық бұдан былай диктатураға төзбейді.

Назарбаев нарықтық экономиканы демократиямен ықпалдастыруға ұмтылаты­ны сөзсіз. Бірақ бұл өте үлкен тәуекел­шілдік. Қазақстан үлкен мемлекет,оның аумағы Франциядан бес есе үлкен. Мұнда 16 миллион адам, жүз ұлттың өкілі тұрады… Астана  базарына  бір рет барсаңыз болды, сіз ұлттық калейдоскопты байқайсыз. Келушілер  Ресей мен Азияның, Орта және Қиыр Шығыс  қиылыстарында жүргендей әсер алады. Бұл көпұлттылыққа келсек, Назарбаевтың  бір ғана «бас ауруы» бар, ол – ұлтаралық бірлік.  Көпке танымалды­лы­ғымен қуаттанған ол Қазақстан халқын  біріктіруге ұмтылады. Назарбаев, өзі де мойындағандай, өз республикасында демо­кратияның профессоры  болуы тиіс».

Жан-Марк ГОНЕН,

Францияның «Экспресс» журналының арнаулы тілшісі.