ЕЛІН СҮЙГЕН, ЕЛІ СҮЙГЕН ЕЛБАСЫ

11-%d0%b1%d0%b5%d1%82%d0%ba%d0%b5

Дүйсенбек ҚАНАТБАЕВ

 

ҚАСИЕТТІ

ҚАС ҚАҒЫМ 

 

Бар екенсің азаттығым, асқағым,

Бар екенсің арқа сүйер асқарым.

Көз алдымда… салтанатты

 сәттегі

Мәні мәңгі ескірмейтін қас қағым!

 

Көз алдымда… тіл жеткісіз

күй мүлдем,

Тосын жайдың болатынын

кім білген?

Құлап бара жатқан туды Елбасы

Ұстап қалды көз ілеспес

 қимылмен!

 

Айтар кезде «Ел тағдырын оңда!»

 деп

Бұдан асқан қандай кие болмақ

ед –

Көз алдымда… дүр сілкінген

 әлеумет

«Тәуелсіздік туы берік қолда!» деп.

 

Кең даламның қайта ашылып

 тынысы

Қуанышқа толды қуыс-қуысы.

Көз алдымда… тұрып қалды

 біржола

Елбасының ту ұстаған уысы! 

 

Күләш АХМЕТОВА

 

СЕН – ҚАЗАҚСЫҢ!

 

Сен – қазақсың!

Қазақ деген ел бөлек,

Қазақ салған соқпақ бөлек,

жол бөлек.

Киіз үйі Жер сияқты жұп-жұмыр,

Шаңырағы Күн сияқты дөңгелек.

Сен – қазақсың! Бір Алланың

 құлысың!

Адамға адам құл болғаны –

 құрысын.

Жойқын соғыс, зұлматтарда

 жойылмай,

Қалған ұлтсың. Қаһармансың!

 Ұлысың!

Сен – қазақсың! Ұлы дала –

тұғыры.

 Күмбір-күмбір күрескерлік –

 ғұмыры,

Тірескеннің дірілдеткен тізесін

Тұлпарының тұяғының дүбірі!

 Сен – қазақсың! Алғызбайтын

 барыссың!

Ар-ожданның асқағысың,

 намыссың!

Тағдырыңды танығысы келгендер

Тасқа басқан тарихыңмен

 таныссын!

Сен – қазақсың! Байырғы жұрт –

 түздегі ең,

Табиғаттан тән тамырын

 үзбеген.

Қолын жайып, Көктен өмір

 сұраған,

Жер бетінен жерұйықты іздеген.

Сен – қазақсың! Қазынасы – нәсіп,

 құт.

Қазақ болу – ғаламатқа

 ғашықтық.

Жерің, суың, тауың сұлу

 соншалық,

Көрген көзден кететіндей

жас ытқып!

Сен – қазақсың! Отаншылсың,

 тектісің!

Досыңа адал, дұшпаныңа кектісің.

Бұл далаға мұрагерлік, иелік –

Ұрпақтарға ұлы аманат деп

 түсін.

Сен – қазақсың! Айлалысың,

 ептісің!

Айбарлысың, ақылдысың,

 беттісің!

Көп болуға, Бір болуға тиіссің,

Көрмеу үшін жаттың езгі,

 тепкісін!

Сен – қазақсың! Рухы еркін, өзі

 еркін!

Мұзбалақсың, сорғалаған сөзі

 еркін!

Қайталанбас күйшісің сен құя

 алған

Домбыраның өзегіне өз өртін!

Сен – қазақсың! Келе жатқан бағы

 асып,

Адамзаттық ізгілікке жол ашып,

Дастарқаның – елшілігің ежелден,

Мейірбансың, меймандоссың қолы

 ашық.

 

Сен – қазақсың! Ғарышкерсің,

жаны – аспан.

Өрелісің, өз орнына таласқан.

Төрге лайық марқасқасың,

 мықтысың,

Төрткүл дүние саясатта

 санасқан.

Сен – қазақсың! Қазақ едің

 туғанда!

Онда дүние тағылымынан үлгі

ал да,

Ата жұрттан, Ана тілден

 айрылма,

Төбеңде Күн, төменде Жер

 тұрғанда!

 

Қайыпназар ШОТБАСОВ

 

ӨМІРІМІЗ ТҮБЕГЕЙЛІ ӨЗГЕРДІ

 

Осы күнге құмар болған бар текті,

Оның үшін азапты да сан шекті.

Абылайлар арпалысы тек емес,

Қабанбайлар бүгін үшін қан

 төкті.

Мақсат жоқта өміріңде мән кәне,

Тәуелсіздік сондықтан да ән көне.

Махамбеттің мерт болуы

сол үшін,

Соның үшін басын тікті хан Кене.

Талай жылдар тыңдап өстік

жат үнді,

Жаттың үні улады анық ақылды.

Егемендік аңсағаны үшін де,

Алашымның асылдары атылды.

Ызғырыңды күндер өтті ызғыған,

Сан кіжіндік бойда талай қызды

 қан.

Қайраттардың қиып қыршын

 өмірін,

Желтоқсанда әзер жеттік

біз бұған…

Енді қайтсек қазақ болып

 қаламыз,

Болашаққа қай деңгейде барамыз?

Бодандықтан қайтсе арылар

 санамыз?

Соны ұқпасақ көк тиын бар

 бағамыз!

Ойланатын талай істер бар

 тағы,

Тілімізде, ділімізде жарты әлі,

Егемендік еншімізге тиген бұл

Мойнымызға ауыр міндет артады.

 Өмір анық түбегейлі өзгерді,

Өзгергенін, міне, халқым көз көрді.

Тәуелсізбіз, не күтеміз өзге енді?!

Ойлан, қазақ, шын сыналар

кез келді!..

 

Сәрсенбек БЕКМҰРАТҰЛЫ

 

ӨН БОЙЫНАН

ШУАҚ ЕСІП…

 

Біздің халық қастер тұтып

күллі ісін,

Аялаған, әлпештеген тұңғышын.

Тұңғыш Ерге – бақыт, саулық,

бақ тілеп,

Жүрегімнен ұшырамын жыр-

құсын!

Тұңғыш деген тұңғыш қой

ол қашан да,

Тең келетін не бар оған жаһанда.

Төңірегіне алтын нұрын

шашпай ма,

Тұңғыш рет  таң арайлап атарда.

Тұңғыш тілек – бастауы ғой

 арманның,

Оған жетсең күліп шығар алдан

 күн…

Тұңғыш күлкі, тұңғыш шаттық,

 махаббат,

Жүрегінде сақталады әр жанның!

Қаймықпастан қарсы жүзген

 ағынға,

Өжеттік бар қазағымның

 қанында.

Тәуелсіздік алып келген тұңғыш

 күн,

Қалды ұялап қалың елдің

  жадында!

Бұлыңғыр кез бозаң тартқан

 кешегі

Артта қалып, ел атандық көшелі.

Бүкіл  халқың мақтанышпен жүр

 айтып,

«Елбасы» деп және «Ұлт көсемі».

Қайран жұртым арылды мұң-

шерінен,

Нұрын шашып күледі күн көгінен…

Бейбітшілік жайлы айтып әлемге,

Саңқылдадық Еуропаның Төрінен!

Өн бойыңнан шуақ есіп,

нұр тамып,

Халқың үшін жүрсің мұзды

 құрсанып…

Түркі әлемі мойындады Өзіңді,

Төрткүл дүние қазағыңды тұр

 танып!

Біздің халық қастер тұтып

күллі ісін,

Аялаған, әлпештеген тұңғышын.

Тұңғыш Ерге – бақыт, саулық

 тіледім,

Жаңғырта бер ата-баба үрдісін!

 

КӨк туыңды желбірет

 

Ту көтеріп келемін, ту көтеріп,

Көк туым желбірейді елге көрік.

Өмір атты дария аға берсін,

Ел еңсесін тастайын бір көтеріп.

 

Екпінді елім,

Көк майса жерім

Лүпіл қаққан жүрекке…

Қуаныш бердің.

Егемен елдің, айбынды ұлы,

Еңсесі биік ерлігі дастан,

Өрлігі таудай ілгері басқан,

Ардақты елдің бірлігі жастан.

 

Ынтымаққа шақырам,

 ынтымаққа,

Ер бірлігін ұстайтын бір тұраққа.

Жасампаз ел, қашан да ояу болар,

Көк туыңды желбірет бір

 құлатпа.

 

Бүбішхан Тікебаева.