Алматыда әуежайдың жаңа ұшу және қону алаңы ашылды

whatsapp-image-2017-12-01-at-14-09-18

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні Алматы әкімі Бауыржан Байбек ұшақтарды түрлі жағдайда қабылдайтын және ауа райына қарамастан аэродромның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін әуежайдың жаңа ұшу және қону алаңының ашылу шарасына қатысты.

Алааңды реконструкциялау өте қысқа мерзімде, мамыр мен қараша айлары арасында атқарылды. Жеке инвестиция есебінен төсеніш ұзына бойына өзгертілді, екі жаңа жылдамдық жолы жасалды, жарық сигналының жаңа жүйесі орнатылды, электр жабдықтар толық алмасытырылды. Немістер жасаған жарық сигналының жаңа жүйесі «III B» ИКАО категроияларының талаптарына сай және ұшақтарды көрінуі шектеулі (горизонтальды көрінісі кем дегенде 75 м, вертикалды көрінісі – 0 м), кезде де қабылдай береді, соның арқасында Алматы аэродромына ауа райы еш әсер етпейді.
«Бұрын ірі тасымалдаушылар тұманның салдарынан қона алмай, 7,5 млн. долларға дейін шығынға ұшырайтын. Бұл мәселе енді шешілді. Оның үстіне, аэродромда қар тазалайтын машиналалар дайын, олар сегіз метрлі қар тазалағыштар, мұзға қарсы техникалардың 1,5 жылдық млн. литр қоры бар, сонымен бірге әуе жолақтарын мұздан қорғайтын құрғақ қоспалар – реагенттер де жеткілікті. Біздің мндетіміз сапаны арттырып, сервисті жақсарту. Әуежай қысқы навигацияға толық дайын», — деді Алматының халықаралық әуежайының президенті Айбол Бекмұхамбетов қала әкіміне.
Қайта жасалған әуе жолақтарының арқасында жұмыс тиімділігі де артып, әуе судналарын қабылдау жақсарды.Келер жылы жаңа жылдамдық жолақтары ұштасқан кезде ұшу алаңдары тез дайын болуы барысында аэродромда ұшу- қону операцияларын өткізу қабілеті сағатына 13-тен 24-ке дейін өседі.
Бүгін Алматыда әуежай маңына жақын орналасқан Б. Майлин көшесіндегі Кіші Алматы өзені бойындағы көпір арқылы екі жақты көлік қозғалысы қамтамасыз етілді. Бұл көпірдің ұзындығы 42,6 метр, 1960 жылы салынып, апатты жағдайда болған еді. Енді ол қайта жаңғырып, іске қосылды.
Қала басшысына көпір конструкцияларын жаңарту барысында құрылыстың темірбетон қондырғыларының толық жаңарғаны, монолитті темірбетон плиткаларының орнатылғаны, көпір тіректерінің алмастырылғаны, инженерлік желілердің қайта салынғаны, асфальттың төселгендігі, басқа да жұмыстардың жүргізілгендігі баяндалды. Барьерлі және ұстайтын қоршаулар орнатылған.