Алматыда «Нұр Отан» партиясының мулььтимедиялық мұражайы ашылды

whatsapp-image-2017-11-30-at-18-56-13-3

ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалында білім, денсаулық сақтау, мәдениет пен бизнес саласы өкілдерін партия қатарына қабылдау және «Нұр Отан» партиясының алғашқы мультмедиялық мұражайын ашу шараларының салтанатты рәсімі өтті.
Мұражайдан «Нұр Отан» партиясының құрылуы мен қалыптасу тарихын, партияның маңызды құжаттарын, сонымен қатар партия Төрағасына тиесілі профессор мантиясын, кітаптарды, партия билеттерін және басқа да заттарды көруге болады.
Мұнда келушілер жобадағы партия тарихының, заманауи дизайн мен жаңа технологиялардың өзара үйлесім тапқан ерекше концепциясын бағалай алады.Иинтерактивті панелдер (multi-touch-screen) дәстүрлі мұражай сөрелерін алмастырған. LED-экраннан 10 гигабайтты ақпаратты цифрлы экспозиция түрінде көруге болады.
Мұражайды ашудағы басты мақса т- тарихи әрі мәдени, қоғамдық- саяси ақпаратты жинақталған тарихи құжаттар негізінде зерттеу және насихаттау.
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен біз Тәуелсіздікті, еліміздің әлеуметтік- экономикалық даму жетістіктерін, Қазақстанның халыаралық аренадағы беделін байланыстырамыз. Біз дамыған мемлекеттер қатарына енуге ұмтылудамыз, Мемлекет басшысы жүргізіп отырған жаңару мен реформалар бәсекеге қабілетті елдер қатарына енудің басты шарты. Біз партия көшбасшысы Н. Назарбаевқа тірек болуға және Қазақстанның игілі жолында бірге жұмыс істеуге тиіспіз!», — деп үн тастады жаңа партия мүшелеріне Алматы әкімі Бауыржан Байбек, ол сонымен қатар Алматы қаласының тәуелсіздік жылдары қолжеткен жетістіктерінің бәрі Мемлекет басшысының есімімен тікелей байланысты екенін қадап тұрып айтты.
Салтанатты шара барысында партия билеттерін «Тамаша» театрының көркемдік жетекшісі Асылбек Боранбай, радиожүргізуші Диана Снегина, №140 мектеп –гимназияның педагогы, жыл мұғалімі Гүлбану Әбжанова, репродуктивті медицина Институты бас дәрігерінің орынбасары Лазат Айтқожина,«ABM GROUP» ЖШС басқармасының төрағасы Азамат Молдақасымов, GoSport негізін қалаушы, «Khan Consulting»ЖШС-тің бас директоры Әнуар Манабаев және «Традиции народа Семиречья» қоғамдық бірлестігінің президенті Семен Шихотов алды.
Бүгінгі күні жалпы республика бойынша 1 миллиондай партия мүшелері бар. Тек Алматы қалалық филиалының өзінде ғана 90 мың адамды біріктіріп отырған 750 бастауыш партия ұйымдары ойдағыдай жұмыс істеуде. Партияның қалалық филиалы заңдылықты жетілдіру туралы 30 ұсыныс енгізген болатын, оның жартысынан астамы Парламен Мәжілісінде мақұлданды. Партия филиалында күн сайын он мыңдай өтінімдер қаралып, жүйелі шешімдер қабылдануда. 10 ай ішінде мемлекеттік органдарға 100-ден астам ұсыныс жіберілген, олардың 80%-ы қабылданды.