«МЕДЕУДЕ» БОЛУ БІР БАҚЫТ

«Спорттық Алматы» конькимен сырғанауды тегін үйрету сабақтарын жалғастыруда

%d0%bc%d0%b5%d0%b4%d0%b5%d0%be

Қарашаның  26-ы күні сағат 19.00-ден 21.00-ге дейін «Медеу» мұз айдынында «Спорттық Ал­маты» бағдарламасы аясында конькимен сырғанауды тегін үйрету сабақтары  өтеді.

Бағдарлама аясында кез-келген коньки тебуші тәжірибелі жаттықтырушылардың көмегіне жүгіне алады. Ал «Медеуге» келушілер  көптеген қызықты ойындарға қатысып, бағалы сыйлықтар ұтып алуға мүмкіндіктері бар.

Естеріңізге сала кетсек, билеттер мен конькиді жалға алу «Медеудегі» прейс­курантка сәйкес беріледі.

Ал  конькимен сырғанауға ақысыз түрде үйрету сабақтары желтоқсанның 24-іне дейін жалғасып, келесі жылдың қаңтар айында қайта іске қосылады.

Спорттық шараның басты мақсаты – қаладағы бұқаралық спорт түрлерін да­мытып, қала тұрғындары мен қонақ­тарын салауатты өмір салтын ұстануға шақыру болып та­былады. Акция  «Спорт­тық Алматы» бағдарламасы аясында биылғы жылдың 25 ақпа­нында басталған болатын. «Спорттық Алматы» бағдарламасы қаладағы бұқаралық спортты дамыту мақсатын көздейді.