ҚАЛАЛЫҚТАР ҚАПЕРІНЕ!

Алматы қаласында қаңғыбас иттерді және мысықтарды аулау және жою ережесінің жобасы

  1. Жалпы ереже
  2. Алматы қаласында қаңғыбас иттерді және мысықтарды аулау, ұстау және эвтаназия Ережесі (бұдан әрі – Ереже) тұрғындардың денсаулығын қорғау,   жануарлардың аса қауіпті жұқпалы және инва­зиялық аурулары (құтыру, токсоплазмоз, эхино­коккоз және т.б.) бойынша қала аумағының эпзоти­калық саулығын қорғау  және иттер мен мысық­тардың санын реттеу мақсаттарында Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзіндік басқару туралы», 2002 жылдың 10 шілдесіндегі «Ветеринария туралы» Заңдарына және Қазақстан Республика­сының 2014 жылдың 5 шілдесіндегі «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес әзірленген.
  3. Ереже қаңғыбас иттерді және мысықтарды аулау, ұстау және эвтаназия тәртібін, сонымен бірге қаңғыбас иттерді және мысықтарды аулау бойынша жұмыстарына талаптарды (ветеринарлық, санитарлық-гигиеналық, техникалық) анықтайды.
  4. Ережеде келесі түсініктер қолданылады:

1) қаңғыбас (қадағалаусыз)жануарлар – бұл  адамның күтуінсіз қалған немесе адамның бақылауынсыз көбеюге қабілетті жартылай еркін топтарды құрған үй жануарлары;

2) биостерилизация  – бұл  хирургиялық жолмен жануар­ларды ұрпақ өрбіту (репродуктивті қабілеттерінен) айыру;

3) жануарлардың эвтаназиясы – бұл жануар­лардың өлім алды зардап шегуін болдырмайтын  адамгершілік жолмен жансыздандыру (өлтіру);

4) мамандандырылған кәсіпорын – Алматы қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария Басқармасымен құрылған мал дәрігері саласында қызмет атқаратын, сонымен бірге қаңғыбас иттерді және мысықтарды аулаумен және олардың өлекселерін жинаумен айналысатын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын;

5) уақытша ұстау изоляторы –  ауланған жануарларды уақытша ұстау үшін арнайы жабдықталған бөлме.

  1. Қаңғыбас иттерді және мысықтарды аулау тәртібі
  2. Қаңғыбас жануарларды аулау, тасымалдау, уақытша ұстау және мамандандырылған кәсіпорын­мен жүзеге асырылады.
  3. Аулау мамандандырылған кәсіпорынмен бекітілген қаңғыбас жануарларды аулау кестесіне сәйкес, сонымен бірге жеке және заңды тұлғалардың арызы бойынша жүргізіледі.
  4. Қаңғыбас иттерді және мысықтарды аулау бойынша жұмысқа медициналық тексеруден өткен, құтыруға қарсы алдын алу екпесін (вакцинация) алған психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлердетіркеуде тұрмайтын адамдар жіберіледі.
  5. Аулауға рұқсат етілген құралдарда жатқы­зылады: тамақ қармақ жемдерін, гелді жабыны бар өздігінен тартылатын ілмектерді, биологиялық объектілердің қозғалысын шектейтін құрылғы (дозасы нұсқаулыққа сәйкес – жануардың уақытша қимылсыздануына жетелейтін, ҚР заңнамасына сәйкес қолдануға рұқсат етілген, қимылсыз қалды­ратын дәрі-дәрмек құйылған «ұшатын  найзасы», ұшатын инелері» бар пневмо құрылғылар), торларды,  ауланған жануарлардың жылжуы үшін тіркеуіш-ілмектерді, аулағыш торлы дорбаларды, сонымен бірге аулау сәтінде жануардың қаза болуына жетелемейтін басқа да құрылғыларды қолданумен.
  6. Аулауға кәсіпорында тіркеуде қалған жануар­лардан басқа, қоғамдық орындарда (көшелерде, аула аумақтарында, саябақтарда, гүлзарларда,  саябақ массивтерінде және басқа жерлерде) иесіз, жетектеп жүрген адамсыз жүрген қаңғыбас жануарлар жатады.
  7. Ауланған жануарлар уақытша ұстау изоляторларына жеткізіледі, ол жерде жануардың иесіне қайтарылғанға немесе үшінші тұлғаға табыс етілгенге дейін (жеті) күн болады.
  8. Жануарда иесінің бар екендігі туралы куәлан­дыратын чип, таңба, бирка, қарғыбауы анықталған жағдайда жануар 60 (алпыс) күн изоляторда болады.
  9. Жануар иесінің қайтарылған жағдайда жануарды ұстаған адам және жануар қарауында болған адам иесінен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны пайдаланудан алған пай­даларын шегерумен жануарды ұстаумен байланысты өз шығындарын өтеп беруді талап ету құқығы бар.
  10. Белгілі ауланған жануар буралы ақпарат қаңғыған иттерді аулау күні мамандандырылған кәсіп­орынның веб-сайтында жарияланады және онда мамандандырылған кәсіпорынның байланыс теле­фон­дары, ауланған жануар туралы ақпарат (фото, аулау ауданы, сипаттамасы) беріледі.
  11. Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның қызметкерлерімен қаңғыбас иттерді және мысықтарды аулауды жүзеге асыру уақытында ауланған иттерді және мысықтарды иеленуге, сонымен бірге оларды басқа адамдарға табыс етуге жол берілмейді.
  12. Ауланған жануарларды тасымалдау
  13. Ауланған жануарларды тасымалдау мамандандырылған ұйымның арнайы белгісі және телефон нөмірі көрсетілген техникалық жағынан іске жарамды, арнауы металл торлармен жабдықталған авто көлікте ( бұдан әрі – арнайы авто көлікте) жүзеге асырылады.
  14. Ауланған қаңғыбас иттерді және мысық­тарды жануарлардың өлекселерімен бірге тасымалдауға жол берілмейді.
  15. Ауланған жануарларды тасымалдау итке немесе мысыққа жарақат тигізуге немесе денсау­лығына қандайда бір басқа зиян тигізуге жол бермейтін әдістермен жүзеге асырылады.
  16. Күн сайын жұмыстың аяқталуы бойынша автокөлік құралының кузовына, сонымен бірге бар құрылғыларға және металл торларға санитарлық тазалау және дезинфекциялау жүргізіледі.
  17. Қаңғыбас иттерді және мысықтарды уақытша ұстау изоляторында ұстау
  18. Ауланған қаңғыбас жануарлар күзетілетін объект болып табылатын уақытша ұстау изол­торларына орналастырылады, оны күзету объек­тілерді күзетуге лицензиясы бар ұйыммен жүзеге асырылады. Изоляторға бөгде адамдардың кіруіне рұқсат етілмейді.
  19. Қаңғыбас иттерді және мысықтарды тіркеу, ұстау, қоректендіру, қарау эвтаназия бойынша шаралар, сонымен бірге изоляторды қажетті құрал-жабдықпен жабдықтау мамандандырылған кәсіп­орын­мен жүзеге асырылады.
  20. Уақытша ұстау изоляторына түскен қаңғы­бас жануарларға клиникалық тексеру және тіркеу жүргізіледі.
  21. Уақытша ұстау изоляторы металл тор­лармен және вольермен жабдықталған болуы қажет.
  22. Ауланған жануарларға сәйкес күтім және толыққанды қоректендіру жүргізілуі тиіс. Бөлмеде босатылған торларды механикалық тазалау және дезинфекция күн сайын жүргізілуі керек.
  23. Ауланған жануарларды жаңа иесіне қайтару тек ғана міндетті биостерилизациялау, аталықсыз­дандыру және чип орнатудан (сәйкестендіру) кейін жүзеге асырылады.
  24. Ауланған иттерді және мысықтарды қайтару және (немесе) табыс ету тәртібі
  25. Мамандандырылған кәсіпорынға ауланған жануарларды қайтару және (немесе) табыс ету туралы жүгінген кезде иесі немесе жүгінген адам ұсынуы қажет:

1) жеке куәлігін;

2) итке және мысыққа мал дәрігерлік паспорты және (немесе) иесімен фото суретін;

3) жануар волонтерге табыс етілген жағдайда – волонтердің тіркеу куәлігін.

  1. Мамандандырылған кәсіпорынның қызмет­кер­лері ауланған жануарларды жаңа иелерге үшінші тұлғаның жануарды сақтауы және сәйкес күтімді қамтамасыз ету міндеттілігі көзделген шарт бекіткен соң табыс етуге құқылы.

26.Жаңа иелеріне табыс етер алдында ауланған иттер және мысықтар жануарлар және адам үшін ортақ аса қауіпті ауруларға диагностикалық зерттеу және барлық қажетті мал дәрігерлік-алдын алу шара­ларын жүргізумен  міндетті карантиндендіруге жатады.

  1. Диагностикалық зерттеулер және мал дәрі­герлік өңдеулер жүргізу ҚР «Ветеринария туралы» Заңының 25-бабының 2-т. сәйкес жүргізіледі.
  2. Ауланған иттерді және мысықтарды жаңа иесіне табыс ету биостерилизациялау, аталықсыз­дандыру шараларын жүргізген соң, чип енгізу жолымен сәйкестендіру жүргізумен міндетті мал дәрігерлік алдын алу шараларын өткізгеннен кейін зертханалық зерттеулердің теріс нәтижелерін алған­нан соң және мал дәрігерлік паспорт табыс етілген­нен кейін жүзеге асырылады.
  3. Қаңғыбас иттерді және мысықтарды жою тәртібі
  4. Ешкіммен сұрау салынбаған ауланған жануарлар мерзім өтуі бойынша үшінші тұлғаға болмаса әрі қарай ұстау үшін қорғалатын орынға табыс етіледі, болмаса жансыздандырады (ұйықта­тылады) және жойылады.
  5. Ешкіммен сұралмаған иттерді және мысықтарды жансыздандыру (ұйықтату) ҚР заңнамасымен тыйым салынбаған дәрі-дәрмектермен оларды қолдану бойынша нұсқаулыққа сәйкес эвтаназия жолымен жүргізіледі.
  6. Жануарлардың эвтаназиясы басқа жануар­лар орналасқан блоктан бөлек мамандандырылған бөлмеде жүргізіледі.
  7. Жануарлардың өлекселерін құрту маман­дандырылған кәсіпорынның мал қорымында жүргізіледі, онда«Беккари» шұңқырлары бар және өлекселерді өртейтін пештер орнатылған.
  8. Мал қорымының аумағы және онда бар құрылғылар мал дәрігерлік-санитарлық нормаларға сәйкес ұсталуы қажет.
  9. Ереже талаптарын бұзғаны үшін жауаптылық
  10. Мамандандырылған кәсіпорындарға жануар кәсіпорында болған кезеңде жануарға тигізген зиян және қаза болуы үшін жауаптылық артылады.
  11. Осы ереженің талаптарын бұзған жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының қолда­ныстағы заңнамасына сәйкес жауаптылыққа тартылады.

Алматы қаласында иттерді және мысықтарды ұстау және серуендету  ережесінің  жобасы

  1. Жалпы ереже
  2. Алматы қаласында иттерді және мысықтарды ұстау және серуендету Ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының 2014 жылдың 5 шілдесіндегі «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) және Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзіндік басқару туралы», 2002 жылдың 10 шілдесіндегі «Ветеринария туралы» Заңдарына сәйкес әзірленген.
  3. Ереже Алматы қаласында иттерді және мысықтарды ұстау және серуендету тәртібін реттейді.
  4. Ереже иттер және мысықтардың барлық иегерлеріне, меншік түріне қарамастан барлық заңды және жеке тұлғаларға (Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің, Қазақстан Республикасының мемлекеттік Күзет қызметінің адамдарды құтқару бойынша, сонымен бірге қылмыспен күрес және қоғамдық тәртіпті күзету бойынша жұмыстарды орындайтын кәсіпорындары,  ұйымдары және мекемелерінен басқа) иттерді және мысықтарды серуендететін (бұдан әрі – иесі)  барлық адамдарға қолданылады.
  5. Ережеде келесі түсініктер қолданылады:

1) иттер және мысықтар – иелерімен тұрғын үйлерде,  басқадай бөлмелерде немесе аймақтарда ұстайтын үй жануарлары;

2) мал дәрігерлік емхана – мал дәрігерлік емдеу – алдын алу қызметімен және  ауру жануарларға мал дәрігерлік көмек көрсетумен айналысатын ұйым;

3) мал дәрігерлік паспорт – халықаралық үлгідегі құжат, онда жануарларды тіркеу, популяциясын және эпизотикалық жағдайды бақылау мақсатында жануардың иесі, түрі, жынысы,  тұқымы, чипінің нөмірі болмаса жануардың таңбасының нөмірі (егер мұндай бар болса), жануардың түсі және туған күні, сонымен бірге жануарға жасалған екпелер көрсетіледі;

4) қаңғыбас жануарлар – иесін анықтау мүмкін емес, иесінен қашып кеткен және иесінің немесе жауапты адамның тарапынан қадағалаусыз иттер және мысықтар;

5) қысқа қарғыбау – ұзындығы 1,5 (бір жарым) метрден аспайтын қарғыбау;

6) бақыланбалы ұзындықтағы қарғыбау– иесіне жануарды кез-келген уақытта бақылауды ұстауға мүмкіндік беретін ұзындығы реттелетін қарғыбау (брезентті қарғыбаулар,  рулетка – қарғыбаулар, синтетикалық қарғыбаулар және т.б.);

7) иттерді серуендету – жануардың табиғи физикалық және физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін  тұрғын үйден немесе басқа бөлмелерден  немесе ұстау аумағынан тыс жерлерде жануарлардың қарғыбауда болуы ( иесінің аса жауап­тылығы талап етілетін иттер үшін қарғыбауда және тұмылдырықта);

8) мысықтарды серуендету – жануардың табиғи физикалық және физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін  тұрғын үйден немесе басқа бөлмелерден  немесе ұстау аумағынан тыс жерлерде жануарлардың қарғыбауда болуы;

9) иттерді еркін серуендету – жануардың табиғи физикалық және физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін   иесінің қатысуымен иттерді серуендетуге арналған алаңдарда немесе үйрету алаңдарында жануарлардың қарғыбаусыз және тұмылдырықсыз болуы (иесінің аса жауаптылығын талап ететін иттерден басқа);

10) иттерді серуендетуге арналған алаң – Қазақстан Республикасының қолданыстағы құрылыс стандарттарына сәйкес жобаланған иттерді еркін серуендету үшін арнайы бөлінген оқшауланған көгалдандырылған аймақ;

11) иттерге арналған үйрету алаңы – Қазақстан Респуб­ликасының қолданыстағы құрылыс стандарттарына сәйкес жоба­ланған  иттерді үйрету үшін арнайы бөлінген қоршалған аймақ;

12) құзыретті орган – сәйкес салада қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

13) мамандандырылған ұйым – жергілікті атқарушы органмен құрылған қаңғыбас иттерді аулаумен айналысатын және жануарларға ауруларға қарсы вакцинация жүргізуді жүзеге асыратын ұйым;

14) тіркеуші орган – иттерді және мысықтардың сәйкес­тендірудің бірыңғай базасына рұқсаты бар мамандандырылған ұйымдар,  мал дәрігерлік емханалар;

15) эвтаназия – жануарларды адамгершілік  дәрі-дәрмекті жолмен жансыздандыру (өлтіру).

  1. Иттерді және мысықтарды тіркеу тәртібі
  2. Алматы қаласының аумағында тұратын барлық иттер және мысықтар иттердің және мысықтардың сәйкестендірудің бірыңғай базасына міндетті түрде тіркеуге жатады.
  3. Тіркеу мамандандырылған ұйыммен немесе мал дәрігерлік емханамен жүзеге асырылады.
  4. Тіркеу иттерді және мысықтарды сатып алған күннен кейін екі апта бойында жүргізіледі. Жаңа туылған жануарлар бір айлық жасынан.
  5. Тіркеуші орган тіркелген үй жануарлары және олардың иелері туралы ақпаратты иттерді және мысықтарды сәйкестен­дірудің бірыңғай базасына енгізеді.
  6. Иттердің және/немесе мысықтарды тіркеу кезінде мал дәрігерлік паспорт беріледі: тіркеу сәтінде жануардың мал дәрігерлік паспорты бар болған жағдайда, жаңа мал дәрігерлік паспорты беру шарасы міндетті болып табылмайды.
  7. Тіркеу кезінде тіркеуші органмен жануар иесінің ақы төлеуі есебінен жануарға сәйкестендіру микрочипін енгізу жүзеге асырылады. Чиптеу шарасы міндетті сипатқа ие.
  8. Иттерді және мысықтарды тіркеу және/немесе қайта тіркеу кезінде иелері келесі деректерді ұсынады:

1) иесінің жеке басын куәландыратын құжатта бар ақпараты;

2) иесінің жеке сәйкестендіру нөмірін;

3) иесінің нақты тұрғылықты мекен-жайын;

4) иесінің байланыс нөмірін;

5) лақап атын, жынысын,  туған күнін, реңін,  жануардың  тұқымын;

6) қажеттілігі жағдайында егерде мұндай бар болса  жануардың тегінің нөмірі туралы ақпаратты.

  1. Иттің және/немесе мысықтың иесі тіркеуші органды жануардың шығуы туралы (сату, жоғалып кетуі, көшуі, басқа адамға беру және өлгені жайлы) жануарларды Алматы қаласы жануарлардысәйкестендірудің бірыңғай базасынан тіркеуден шығару немесе қайта тіркеу үшін хабарлауы қажет.
  2. Тіркеу және чиптеу шараларын мал дәрігерлік тіркеу куәліктеріне алған мамандандырылған ұйым және мал дәрігерлік емханалар жүргізеді.
  3. Эвтаназия және/немесе иттердің және/немесе мысықтар қаза болған жағдайда мал дәрігерлік паспорт жануар бұның алдында тіркеуде болған ұйымға табыс етуге жатады, тіркеу және есептен шығару шаралары үшін жауаптылық аталған жұмысты жүргізген ұйымға жүктеледі.
  4. Иттерді және мысықтарды ұстау

15.Иттердің және мысықтардың тұқымдарын өсірумен, баспана, қонақ үй, тәлімбақ ұйымдастырумен айналысатын жеке және заңды тұлғалар  бөлмелерге  қойылатын мал дәрігерлік-санитарлық талаптарды сақтауы,  тізілімде болуы,  қоршаған ортаны ластамауы қажет.

  1. Азаматтарға, кәсіпорындарға, мекемелерге және ұйымдарға тиесілі иттер және мысықтар үш айлық жасынан бастап тұқымына қарамастан міндетті түрде құтырудан вакцинация егуге жатады.
  2. Иттерді, мысықтарды бақылаусыз өсіруге тыйым салынады. Иттің, мысықтың иесі үй иттерінің және мысықтарының қаламаған төлдерінің пайда болуын оларды уақытша оқшаулау, контрацептивтік құралдарды пайдалану немесе аталықсыздандыру (стрелизация) арқылы сонымен бірге  үш айлық жастан асқан,  бірақ жасына сәйкес құтыруға қарсы вакциназия егуден өтпеген иттерді және мысықтарды ұстаудың алдын алу  бойынша шараларды қолдануы тиіс.
  3. Көріністік көрсеткіштер бойынша азаматтарға, кәсіпорындарға, мекемелерге және ұйымдарға тиесілі иттер және мысықтар үш айлық жасынан бастап жұқпалы ауруларға қарсы вакцинация егуге жатады (аурулардың тізбесі көріністік жағдайларға байланысты).
  4. Тоқсанына бір реттен сирек емес иттердің және мысықтардың тері паразиттері және гельминттерінен алдын алу өңдеуін жүргізу керек.
  5. Жануарларды басқа өңірлерден қалаға кіргізу немесе қаладан шығару кезінде өзімен бірге жануардың мал дәрігерлік паспорты, вакцина егілген күні көрсетілген жануардың денсаулығының күйі туралы анықтама болуы және келесі талаптарды сақтау қажет:(Кеден одағының шешімі, Мал дәрігерлік құжаттарды беру Ережесі және олардың бланктеріне талаптарды). Бұл тармақты алып тастау туралы наразылық бар болды.

– қалаға кіргізілетін жануарға жасына сәйкес кіргізу сәтіне дейін кем дегенде 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын вакцина егілген болуы қажет;

– қаладан шығарылатын жануарға жасына сәйкес кіргізу сәтіне дейін кем дегенде 12 (он екі) күнтізбелік ай бұрын вакцина егілген болуы қажет;

– вакцина егудің минималды жасына жетпеген иттерді және/немесе мысықтарды кіргізу немесе шығару жағдайында (иттер және мысықтар үшін-  үш айлық жас)  жануарды қалаға паспортына вакцина егу туралы белгісіз кіргізуге немесе шығаруға жол беріледі.

  1. Иттің және/немесе мысықтың иесі ретінде 18 жасқа толған адам бола алады: айрықша жауаптылықты талап ететін ит тұқымының иесі ретінде 21 жасқа толған адам бола алады.
  2. Иттерді және/немесе мысықтарды көпшілік тұратын жерлерде (жатақханаларда) ұстауға және/немесе санитарлық-гигиеналық, зоогигиеналық талаптарды және осы Ереженің келесі шарттарын бұзу кезінде пайдалануға тыйым салынады.

Иттерді және/немесе мысықтарды бірнеше отбасы тұратын тұрғын үй бөлмелерінде тек ғана өзінің тұрғын ауданына ұстауға ( жатақхана бойынша тұратын көршілерінің жазбаша келісім бойынша);

Итті кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің, азаматтардың бау-бақша және саябақты коммерциялық емес бірлестіктерінде, демалу базаларында байлап ұстау ( әрі иттің суға және тамаққа еркін жете алуы мүмкіндігі болуы қажет, байлауы жануардың қалыпты мұқтаждарына кедергі келтірмеуі тиіс немесе жабық металл торда (вольерде)  ұстауға болады.

  1. Иттер және/немесе мысықтарға қонақүйлер және баспаналарды көпқабатты пәтерлерде ұйымдастыруға жол берілмейді.
  2. Рұқсат етілмейді:

1) иттерді және/немесе мысықтарды көпшілік қолданатын орындарда (алаңдарда, жер төлелерде, шатырдың астында, іргелес балкондар немесе лоджияларда және көпшілік қолданатын басқа қоймалық бөлмелерде) ұстауға;

2) иттерді және/мысықтарды үйдің маңындағы аймақтарда (жеке тұрғын үйлердің үй маңы аймақтарынан басқа);

3) жатақхана ас үйінде және дәліздерінде.

  1. Мал-дәрігерлік ережелерді сақтау кезінде және қонақ үй әкімшілігімен келісім бойынша иттерді және/немесемысықтарды иесімен бірге қонақ үйге орналасуына тыйым салынбайды.
  2. Иттер жануардың қашуына, адамдарды немесе басқа жануарларды тістеуіне және/немесе бас салуына жол бермейтін аймақтарда ұсталуы қажет.
  3. Аймақта иттің бар екені туралы кіру кезінде иттің суреті және «Ит күзетеді! Охраняется собакой!» жазуы бар мөлшері 20х30 сантиметрден кем емес сәйкес тақтайшамен ескерту болуы тиіс.
  4. Иттерді және мысықтарды балалар және жасөспірім­дердің мекемелерінде, жазғы және қысқы сауықтыру санатори­ялық-курорттық мекемелерде (санаториялар, демалыс үйлері, пан­сионаттар) құзырлы органның рұқсатымен ұстауға рұқсат етіледі.
  5. Иттерді және мысықтарды терісін және етін сату, қайта өңдеу және тұтыну үшін ұстауға, аулауға рұқсат етілмейді.
  6. Алматы қаласының аумағында иттер айқасын және жануарларға қатысты қатыгездікке жол берілетін басқа шараларды ұйымдастыру және өткізуге рұқсат берілмейді ( жануарға жарақат тигізбейтін арнайы ережелер бойынша иттердің жұмыс сапаларын тексеру және күзетші-иттерді өсіру үшін тұқымдық іріктеу жүргізуге мүмкіндік беретін тексерулерден басқа).
  7. Пәтер меншік иегерлерінің кооперативтері, бау-бақша қоғамдастығы саябақ кооперативтері:

1)  жер төлелерді,  шатыр астын және басқа да қоймалық бөлмелердің ішінде қаңғыбас жануарлардың кіруіне мүмкіндік бермейтін тұрғындық қордың техникалық пайдалану ережелеріне және нормаларына сәйкес ұстауды қамтамасыз етеді;

2) жануарларды аулаумен айналысатын ұйымдарға өздерінің аймақтарындағы қаңғыбас иттер және мысықтар туралы хабарлайды;

3)  мамандандырылған ұйымдарға көрініске қарсы шараларды өткізуге қолдау көрсетеді;

4) сәйкес органдарға Ереже талаптарын бұзу фактілері туралы хабарлайды.

  1. Иттерді және мысықтарды серуендету тәртібі
  2. Иттерді және/немесе мысықтарды серуендету кезінде иелері келесі талаптарды сақтауы қажет:

1) иттерді және мысықтарды еркін серуендету орындары аудандық жергілікті атқарушы органдармен анықталады;

2) кез-келген тұқымдағы иттерді серуендету тыйым салынған белгілермен белгіленбеген жерлерде тұмылдырықсыз ұзындығы бақыланатын қарғыбауда рұқсат етіледі, әрі жануардың иесінде өзімен бірге тұмылдырық болуы қажет, ол қажеттілігі кезіндегі шұғыл түрде кигізілуі тиіс;

3)  жағдайға байланысты итке уақытылы тұмылдырық кигізу және қарғыбауының сәйкес ұзындығын реттеу үшін жауаптылық иттің иесіне  жүктеледі;

4) тыйым салынған белгілермен белгіленбеген жерлерде иттерді қысқа қарғыбауды және тұмылдырықта серуендетуге рұқсат етіледі;

5)  қаланың аумағында иттерді еркін серуендетуге арнайы бөлінген жерлерде рұқсат етіледі  (иттер үшін үйрету алаңдарында немесе еркін серуендету үшін алаңдарда);

6) иесінің айырықша жауаптылығын талап ететін иттерді қаланың аумағында еркін серуендетуге тыйым салынған: иттерді еркін серуендетуге тек ғана иттер үшін үйрету алаңдарында немесе еркін серуендету үшін алаңдарда  рұқсат етіледі (аталған тармақ жетектеуші-иттерге қолданылмайды);

7) қаланыңиттер үшін үйрету алаңдарында немесе еркін серуен­дету үшін алаңдардан тыс аймақтарда иттерді еркін серуендету  қызметтік тапсырмаларды орындайтын иттерге ғана рұқсат етілген;

8) иттің және/немесе мысықтың иесі болмаса оны серуендетуді жүзеге асыратын адам өзімен бірге нәжістерін жинау үшін арналған ыдысы болса, айналасындағыларға кедергі және мазасыздық тудырмай жануарды серуендетуді жүзеге асырады;

9) серуендетуді жүзеге асырушы иесі/немесе адам көше арқылы өту кезінде немесе магистралдардың маңында серуендету кезінде жол-көлік оқиғаларын және жүргін бөлікте иттердің қаза болуын болдырмау үшін мысықты қолына алуы, итті қысқа қарғабауда ұстауға міндетті;

10) тыйым салынатын жазулар болмаған кезде  мекемелерде,  азық-түліктік емес дүкендерде және басқа орындарда иесінің итпен қысқа қарғыбауда және тұмылдырықта болуына рұқсат етіледі;

11) иттің иесіне ғимараттың ішінде болған уақытта аталған ғимараттың жанында кез-келген тұқымдағы итті байлап және тұмылдырықта қалдыруға рұқсат етіледі,  әрі  бұл кезде басқа адамдарға қауіп-қатер, қоғамдық тәртіпті бұзу болмауы, иттің денсаулығы үшін қауіп төнбеуі немесе оның еркін қозғалуына кедергі болмауы қажет, иесі 45 минут сайын асырауындағы  жануардың жай-күйі туралы көз жеткізіп тұруы қажет;

12) кез-келген тұқымды иттің иесі  қажеттілігі туындаған жағдайда  әрі қарай жүру үшін иттің қысқа қарғыбауда және тұмылдырық кигізілген күйде ұстап иттерді серуендету тыйым салынған аймақ бойынша өтуге құқылы.

  1. Қала аумағында тыйым салынады:

1) иттер үшін үйрету алаңдарында немесе еркін серуендету үшін алаңдарда  басқа жерлерде иттерді еркін серуендетуге;

2) алкоголь және есірткі заттарына мас күйдегі адамдарға иттерді серуендетуге және олармен қоғамдық орындарда және көліктерде болуға;

3) иттің жасына сәйкес құтырудан міндетті вакцина егуден өтпеген иттерді және мысықтарды серуендетуге;

4) иттерді және мысықтарды қоршалған балалар және спорт алаңдарында, балалардың мектепке дейінгі және мектеп мекемелерінің, емдеу мекемелерінің аумақтарында,  тыйым салынған белгілер орнатылған жерлерде серуендетуге;

5) адамдарға шомылуға рұқсат берілген аймақтарда иттерді серуендетуге;

6) адамдарға шомылуға рұқсат берілген аймақтарда,  тоғандарда,  субұрқақтарда және су бөгеттерінде жануарларын шомылдыру және жуындыруға;

7) қоғамдық тамақтану кәсіпорындарында, (жануарлар үшін қоғамдық тамақтанудың мамандандырылған орындарынан басқа) сервистік қызмет көрсететін азық-түліктік дүкендердің сауда және өндірістік залдарында, мәдени мекемелерде нашар көретін адамдар үшін жетектеуіш-иттерден басқа иттердің болуына және ұстауға.

  1. Иттердің және мысықтардың иелеріне қажетті талаптар
  2. Тіркелген иттер және мысықтар иесінің меншігі болып табылады және кез-келген меншік секілді Қазақстан Республикасының заңнамасымен қорғалады.
  3. Иттер және мысықтар Қазақстан Республикасы­ның Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылдың 30 қазанындағы №7-1/559 «Мал дәрігерлігі саласындағы норматив­тік құқықтық актілерді бекіту туралы» бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №9891 тіркелген) бекітілген қауіпті аурулар анықталған жағдайда сәйкес аймақтың Бас мемлекеттік мал дәрігерінің шешімі бойынша болмаса соттың шешімімен иесінен алынуы және эвтаназияға тап болуы мүмкін.

Жануар жүргізілген мал дәрігерлік тексеру нәтижелері бойынша сау деп танылған жағдайда иесіне қайтарылады.

Адамды, иттің және/немесе мысықтың иесін тістеуі,  жарақат тигізуі жағдайында  жануарды тексеру үшін мамандандырылған ұйымға болмаса мал дәрігерлік емханаға көрсету қажет.  Жануарды тексеру үшін көрсетуден бас тартқан жағдайда үй жануары иесінен құзыретті органмен адамға берілетін болмаса қауіпті аурулардың болуына тексеру үшін  алынуы мүмкін. Жануарды мал дәрігерлік емханаға болмаса мамандандырылған ұйымға көрсету мүмкіндігі болмаған жағдайда иесі үйге мал дәрігері маманын шақырады. Мал дәрігері маманы жануарды бақылауына алады. 10 (он) күнтізбелік күн өтуі бойынша маман жануардың денсаулығының күйі туралы анықтама жазады.

Иесін жапа шеккен адамға жануардың денсаулығының күйі туралы анықтаманы ұсынады.

  1. Иттердің және/немесе мысықтардың иелері келесі талаптары сақтайды:

1) иттердің және мысықтардың мазасыздық тудырмайтын және айналасындағылар үшін қауіп төндірмейтін жүріс-тұрысын қамтамасыз ету, қоғамдық қауіпсіздік талаптарын сақтау;

2) иттерді және мысықтарды терезесі нығыздалып жабылған автокөліктердің ішінде  қалдырмау, иттерді және мысықтарды автокөлік ішінде ауа кіру үшін терезелері ашық күйде аз уақытқа қалдыруға болады;

3) иттерді және мысықтарды авто көліктің жабық жүк салу бөліктерінде тасымалдауға тыйым салынады;

4) аулаларды,  подъездерді,  баспалдақ алаңдарын,  жолдарды, тротуарларды, гүлзарларды, саябақтары, демалу орындарын ластамауға. Иттер және/немесе мысықтар табиғи физиологиялық мұқтаждықтарын (фекалий)  серуендету орындарында қанағаттандырған жағдайда иелері жедел түрле олардың салдарын жоюы қажет.  Бұл үшін иесіне өзімен бірге ластауды жинау үшін қажетті құралдарды (пакет) алып жүруі нұсқау етіледі;

5) иттерді және/немесе мысықтарды сәйкес зоогигиеналық және мал дәрігерлік- санитардық талаптарға сәйкес жағдайларда ұстауға;

6) иттерді және/немесе мысықтарды олардың физикалық және физиологиялық қажеттіліктеріне сәйкес ұстау,  оларға адамгершілікпен қарау және қатал қарау, қатыгездікке жол бермеу, қадағалаусыз қалдырмау, жануарларға  тағамның қажетті көлемін және ауыз суға тұрақты қолжетімділікті ұсыну;

7) мамандандырылған ұйымдардан мал дәрігерлік – алдын алу шараларын өткізу туралы ақпараттың түсуі бойынша (БАҚ, сайтта хабарландыру жариялау) иттердің және/немесе мысықтардың иелеріне өздерінің жануарларын аталған қарау,  диагностикалық зерттеу орындарына міндетті түрде апаруы және  егерде жануар міндетті вакцина егу шарасынан өтпеген болса емдік – алдын алу өңдеуге апаруы қажет;

8) иттердің және/немесе мысықтардың ауруының барлық жағдайында, болмаса ауруға күдіктенген кезде  жедел түрде мамандандырылған ұйымға болмаса мал дәрігерлік емханаға жүгіну және зерттеу нәтижелері бойынша  мал дәрігері маманының нұсқауларын сақтауы тиіс;

9) иттерді және/немесе мысықтарды әрі қарай ұстау мүмкіндігі болмаса иесі жануарды басқа иелерге,  ұйымдарға табыс етеді немесе үй жануарларын аулау бойынша мамандандырылған ұйымға өткізеді;

10) қаламаған төлі пайда болған кезде иесі төлді орналастыру немесе мамандандырылған ұйымға өткізуі тиіс.

11)жануары қаза болған жағдайда болмаса құтыру ауруына күдіктенген кезде мамандандырылған органдарға шұғыл түрде хабарлау және мамандандырылған ұйымның мамандары келгенге дейін жануарды оқшаулап ұстау керек.

  1. Иттердің және/немесе мысықтардың өлекселерін лақтыруға және оларды Алматы қаласының аумағында көмуге тыйым салынады.

38.Иттерді және/немесе мысықтарды құтылу мақсатында лақтыруға тыйым салады.

Иттердің және мысықтардың өлекселері әрі қарай жою және сәйкес құжаттарды алу үшін қаңғыбас иттерді және мысықтарды аулау және жоюмен айналысатын мамандандырылған ұйымға беріледі.  Иесінің иттердің және мысықтардың өлекселерін жоюға рұқсаты бар басқа құзыретті ұйымға жүгінуге құқығы бар.

  1. Иттерді және мысықтарды сатып алу және сату тәртібі

39.Иттерді және/немесе мысықтарды сатып алу және сату мал дәрігері саласында жергілікті атқарушы органмен келісілген арнайы бөлінген жерлерде жүзеге асырылады.

  1. Иттерді және/немесе мысықтарды қала шегінде басқа адамға сатып алу және сату, табыс ету тек ғана үй жануарына мал дәрігерлік паспорты болған кезде ғана рұқсат етіледі жануардың вакцина егу жасына жеткен жағдайда (иттер және мысықтар үшін – вакцина егу жасына жеткен жағдайда (иттер және мысықтар үшін – (үш) ай) иттерді және/немесе мысықтарды қаланың шегінде сату немесе сатып алу, оларды басқа адамдарға табыс етуге мал дәрігерлік паспортында құтыруға қарсы вакцина егу белгілі және сәйкестендіру чипі болған жағдайда рұқсат етіледі.
  2. Иттердің және/немесе мысықтардың қатысуымен көрмелер, жарыстар және басқа да көпшілік шараларды өткізу тәртібі

41.Иттердің және/немесе мысықтардың қатысуымен көрмелер,  жарыстар және басқа да көпшілік шараларды өткізуге мал дәрігері саласында жергілікті атқару органымен келісім бойынша  рұқсат етіледі.

  1. Көрмелерге, жарыстарға және басқа бұқаралық шара­ларға мал дәрігерлік паспортында құтыруға қарсы вакцина еру күні және сәйкестендіру микрочипі болған жағдайда жіберіледі.
  2. Жоғары аталған шараларға мал дәрігерлерінің қатысуы міндетті.
  3. Ереже талаптарын сақтау
  4. Осы ереженің талаптарын сақтау Қазақстан Республикасының заңнамасымен өкілеттіліктер шегінде уәкілетті мемлекеттік органдармен қамтамасыз етеді.
  5. Ереже талаптарын бұзу үшін жауаптылық
  6. Мал дәрігерлік емханалар, сонымен бірге мамандандырылған ұйымиттердің және/немесе мысықтардың иелері жүгінген кезде иттерді және мысықтарды сәйкестендірудің бірыңғай базасында тіркеуді жүзеге асыруға міндетті.
  7. Жануарларды сәйкестендірудің бірыңғай базасынан тіркеу кезінде иелеріне ұсынылатын ақпараттың нақтылығына және өзектілігіне, уақытылы енгізілуіне, сақталуына тараптардың жауаптылығы Қазақстан Республикасының 2013 жылдың 21 мамырындағы «Жеке деректер және оларды қорғау туралы, 2015 жылдың 24 қарашасындағы «Ақпараттандыру туралы» заңдарымен анықталады.
  8. Ереже талаптарын бұзғаны үшін жеке және заңды тұлғаларға

ҚР заңнамасына сәйкес жауаптылық артылады.

  1. Қорытынды ереже
  2. Егерде Қазақстан Республикасының жоғарыда аталған заңдарымен осы ережелерде аталғандардан басқа заңды ұйғарымдар анықталған болса, жоғарыда аталған заңдардың заңды ұйғарымдары қолданылады.