30 МЫҢ ҮЙ ОРТАЛЫҚ СУ ЖЕЛІСІНЕ ҚОСЫЛДЫ

%d1%81%d1%83-2-%d0%b1%d0%b5%d1%82%d0%ba%d0%b5

Наурызбай ауданына қарасты «Алты алаш», «Қал­қаман-2»  ықшамаудандарының жеке секторындағы 5 мың үй мен «Қалқаман-3» ықшамауданындағы 30 мың­ға жуық тұрғын үй таза әрі сапалы ауыз сумен қам­та­масыз етілді. Әзірге орталық су желісіне қосылу «Қал­қаман-3» ықшамауданынан басталды. Бүгінде мұнда 560 жеке үй таза суық суды пайдалануда. Ендігі кезек­те «Алты Алаш», «Қалқаман-2» ықшамаудандары тұр.

«Алматы су» МҚК-ның мәліметіне сәйкес, бүгінде 4 мыңға жуық  жеке үй иелері орталықтанған су желісіне қосылу үшін құжаттар тапсырған екен. Шамамен, бір айдың ішінде барлық тұтынушылардың құжаттары қарастырылып, толтырылып,  біртіндеп жаңа желіге қосылатын болады.

Бұл ретте қалалық Энергетика және  коммуналды шаруа­шылық басқармасының хабарлауынша, сапалы  ауызсуға қосылу үшін  тұтынушылар «Алматы Су» МҚК мекемесіне барып, су есептеуіш құралын орнатуға өтініш білдірулері керек. Сонымен қатар, аталған мекемемен өзара келісім-шартқа отыруға міндетті.

Қалаға қосылған бұл ауылдардың дені үлкен. Бұған дейін бұл ауданда апатты жағдайлар жиі орын алатын. Өйткені, тұрғындар қолдан жасалған су желілерін пайдаланып келген еді. Сонымен қатар, техникалық талаптарға жауап бермейтін жеке су ұңғымаларын пайдаланып келген. Жаз айларында тұрғындар суды көп тұтынатындықтан қысым төмендеп кететін жағдайлар да жиі кездесетін. Келеңсіз жайттардың алдын алу  және суық  сумен тұрғындарды тұрақты қамтамасыз ету үшін жаңа желілерде сорғыш стансалардың қуаты  арттырылды.

Жалпы, мемлекеттік бюджет есебінен  209 шақырым жаңа су желілері мен кәріз құбырлары  жүргізілді.

 

Н.АСЫЛ.