2022 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДЫҢ СТРАТЕГИЯСЫ ЖАСАЛДЫ

????????????????????????????????????

Алматы  қаласының әкімі Бауыржан Байбек  құрамына халықаралық қаржы ұйымдарының, шет­елдік компаниялар ассоциацияларының, консал­тингтік және заң компанияларының өкілдері, ірі шетелдік және қазақстандық кәсіпкерлер енген Инвесторлар тарту мен инвестициялық  ахуалды жақ­сарту жөніндегі кеңестің отырысын өткізді. Жиын барысында 2022 жылға дейін инвестиция тарту Стратегиясының жобасы талқыланды. Құжат Ұлттық инвестициялық стратегия мен «Алматы-2020» Даму бағдарламасына сай жасалған.

Инвестиция тарту саласындағы атқарылған бірқатар жұмыстарды қорытындылай келіп, қала әкімінің орынбасары Алмас Мәдиев  биылғы жылдың 9 айы ішінде инвестицияның 13%-ға өсіп, 400 млрд. теңгені құрағанын, сыртқы инвести­ция­ның 23,5%-ға артқанын, жеке  инвестициялар үлесінің 78%-ға жетіп, 17%-ға ұлғайғанын айтты.

– Бизнесті дамытудың басты шарты –  тұрақты инфрақұрылымды қалыптастыру. Осы орайда Алматыда Индустриалды аймақ жұмыс істейді,  мұнда өңдеуші өндіріс орын­дары жеңілдетілген дайын инфрақұ­рылым­дарды пайдалана алады. Жоғары техноло­гиялы  компаниялар үшін Инновациялық технология паркінің арнайы экономикалық аймағы бар, мұнда резиденттерге кедендік және салықтық жеңілдіктер беріледі. Алматыда ШОБ-ке жеңілдетілген несие беру бағдарламасы бойынша мыңдаған жобалар қолдау табуда. Индустрияландыру карта­сына 12 мың жұмыс орнын ашатын 100 жоба енген. Сонымен қатар, қаланың инвести­циялық тартымдылығын жақсартатын стратегия да жасалды, – деп атап өтті А.Мәдиев.

%d1%81%d0%bd%d0%b8%d0%bc%d0%be%d0%ba-2

Жүргізілген зерттеудің нәтижесі бойынша үш салаға инвестиция тарту тартымды екені анықталды, олар – туризм, сауда, тамақ өнеркәсібі. Инвестиция мәсе­лесін шешуде нарық ауқымы, жұмыс күші, қауіпсіздік пен ашықтық  басты  факторлар болып табылады.

Инвестиция тартудың  Стратегиясы төрт бағытты қамтиды, олар: «Институ­ционал­ды ортаның сапасын арттыру», «Бизнес-инфрақұрылымның сапасын арттыру», «Имидждік жылжу және ақ­параттық қолдау»  және «Активті жобалы таргеттеу жолымен негізгі салаларға инвестиция тарту».

– Алматы қаласында жақсы инвести­циялық ахуалды қалыптастыру және инвесторлармен, бизнесмендермен  ашық әрі жақсы қарым-қатынас орнату –  барынша маңызды. Олардың әрқайсысы өздерінің штаб-пәтерлерінің елшісі ретінде әлемдегі серік­тестері туралы жинақтаған тәжірибелерін ортаға салады. Біз кез-келген бастамаға қолдау көрсетеміз, ұтымды шешімдер қабыл­дау үшін түрлі кездесулерді, диалогты құп­таймыз, – деді Қазақстанның Еуропа­лық бизнес ассоциациясының атқарушы директоры Юлия Кусиди.

Жиын қорытындысы бойынша, Кеңес  мүшелері айтқан ұсыныстар мен толық­тырулар енгізілген Алматыға 2020 жылға дейін инвестиция тартудың Стратегиясы бекітілді.

Еске салсақ, Кеңестің құрамына Мем­лекет басшысының тапсырмасы  бойынша халықаралық қаржы ұйымдарының, шетелдік компаниялар ассоциациялары­ның, консалтингтік және заң компания­ларының өкілдері, ірі шетелдік және қазақстандық кәсіпкерлер енген. Олардың қатарында Каспий өңірі бойынша «Deloіtte» компаниясының басқарушы серіктесі  Марк Смит, Қазақстандағы Азия Даму банкі өкілдігінің директоры Джован­ни Капаннелли, «Astana Group» холдин­гінің директоры Нұрлан Смағұлов және басқалары бар.

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».