ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР БОУЛИНГ ОЙНАДЫ

10-11-17-1

Әуезов ауданы әкімдігінің ұйым­дастыруымен, әлеуметтік қызметкерлер күніне орай, «Famіly» саябағына қарасты, боулинг орталығында әлеуметтік қызмет­кер­лері арасында жарыс өткізілді.

Сайыс ҚР Президенті Нұрсұлтан Назар­баевтың тапсырмаларын, «ҚР дене шы­нықтыруды дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарла­масын» жүзеге асыру, салауатты өмір сал­тын, спортқа деген қызығушылықты қалып­тастырып, дамыту және жетілдіруді мақсат тұтқан.

Жарыс алдында қатысушы әлеуметтік қызметкерлерді кәсіби мерекесімен Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Дастан Қайратұлы құттықтап, зор денсаулық, бақ-береке, ұзақ ғұмыр және сайыста сәттілік тіледі.

Әлеуметтік қызметкерлер – әлеуметтік тұлға, орта, арнаулы және жоғарғы мамандық иелері. Олар бекітілген заңға сәйкес, өздерінің мамандығына сай тиісті әлеуметтік көмектерді пайдалана алады. Ал әлеуметтік сала қызметкерлері күні – барша халықтың мерекесі десек, артық болмайды. Өйткені, қоршаған орта мен қаптаған адамдарға қашан да қамқорлық танытып, кем-кетігімізді жамап жүретін жандарды қалай сыйласақ та, жарасымды.

Жарысқа қатысушылардың қай-қай­сысы да әп дегеннен физикалық дайын­дығын көрсетіп, аса белсенділік танытты. Жүл­дегерлер мен жарысқа ынталы болған­дардың барлығына Дастан Қайратұлы аудан әкімінің атынан мақтау қағаздарын табыстады.