Әбдіжәмил НҰРПЕЙІСОВ, Қазақстанның халық жазушысы: – Мен жақсы көріп оқитын екі газет болса, соның бірі «Алматы ақшамы».

(Дулат Исабековтің мерейтойына жайылған дастархандағы сөзінен).

Зиялының сӨзі

%d0%b0%d0%b1%d0%b4%d0%b8%d0%b6%d0%b0%d0%bc%d0%b8%d0%bb

Р.S.: Газетімізде қоғамдағы оқшау айтылған сөздер «Зиялының сөзі» айдарымен жарияла­нып тұрады. Бұл жолы да дағдымыздан жаңыл­ған жоқпыз. Бұл сөзді бізге жеткізген оқырман­дарымыз. Редакцияға бірнеше адам телефон шалды, смс жолдады. Қазақтың аса көрнекті жазушысымен жарысып сөйлеудің де аса қажеттігі жоқ екенін білеміз. Алайда, оқырман алдындағы міндетімізді ойлап, пікірді, үлкенді сыйлау тәрізді қанымызда бар қасиет тұрғысы­нан келіп, ілтипат білдіргенді жөн көрдік. Бұл әрекетімізді әрі қоңыр, әрі қыңыр қария қалай қабылдайтынын ойлап жатпадық.