Қазақ тілінің өрістеуіне, қолданысының кеңеюіне жол ашады

Латын – келешек кілті

%d0%bb%d0%b0%d1%82%d1%8b%d0%bd-2

Латын әліпбиіне көшу – еліміз үшін жаңа мүм­кіндіктер  алаңы. Біз бұл  мүмкіндікті құр  жіберіп ал­мауы­­мыз керек. Бұл жаңа кеңістікке жол аша­тын қақпа. Әлемнің озық ел­дерімен тере­земізді теңестіретін мінбер. Латын қарпіне көшу тілі­мізді, мәдение­тімізді өрістетіп, жалпы алған­да, мем­леке­тімізге жаңа  мүмкіндіктер береді.

Әлемдік  тәжірибелер  ескеріліп жа­сал­ған жаңа әліпби негізінде қазіргі қолда­ныстағы әліпбиді латын қарпіне көшіруге қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыс­тарын жүргізу  ең өзекті мәселе  болмақ.

Бұл жөнінде  Елбасымыз  алғаш  рет  2012  жылғы  жел­тоқсан  айында  жария  еткен «Қазақстан–2050»  Стра­те­гиясында  мәлімдеген болса, одан  кейін үстіміздегі  жыл­дың  сәуір  айында  жарық көрген  «Бо­лашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру»  мақа­ласында  нақты  қолға  алу  керек­тігі  жөнін­де  ашып  жазған  еді.

Рухани жаңғыруымызға темірқазық болып отырған латын әліпбиін талқылауға бүкіл халықтың қатысқанына, қолдап жатқанына қарап, жаңа әліпбиіміздің болашағы айқын болады деп қазірден  сенім  артуға  болатындай.

Қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру жайындағы мәселе алғаш аталғаннан бастап, оның жақтаушысы болып келемін.

Елбасымыздың алдында арнайы комиссия латын әліпбиінің жаңа жобасын жария­лағанда біз де ұтымды ұсыныс­тарымыздың жаңа нұсқада жақсы көрініс тапқанын көріп, қуанып   қалдық.

Қазақстан Республикасының Прези­денті Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілінің әліпбиін кириллицадан латын әліпбиіне көшіру туралы Жарлыққа қол қоюы  қоғам  тарапынан  қолдау  тапты. Латын әліпбиіне көшу қазақ  тілінің өрістеуіне, қолда­ны­сының кеңеюіне жол ашады. Бұл тарихи маңызы бар, әрі дер уақытында жасалған зор қадам деп білеміз.

Латын әліпбиіне көшудің келешегіміз үшін де, тіліміздің өркендеуі үшін де, өркениетті елдердің қатарына қосылу үшін де алар орны ерекше. Ел бірлігі ең асыл қасиет болатын болса, елімізді біріктіретін оның тілі мен әліпбиі болуға тиіс. Осы тұрғыдан  алғанда, қазақ  тілінің тазалығын сақтауға ықпал ететін латынға көшудің қажеттілігі әбден  пісіп  жетілген.

Қазақ тілі өміршең болса, халқы­мыздың ұлттық санасы  мен құндылықтары бұдан әрі қуаттанады, қоғамдық өмірімізде мемлекеттік тілдің әлеуметтік қызметі өрге  басады, ана  тіліміз  ғылым мен техно­логияның тілі ретінде қолданыла бастайды.

Мұның барлығы қазақ жазуының, алдымен,  қазақтың ұлттық қасиеттерін нығайтуға, екіншіден, қазақ халқының әлемдік ықпалдастықта бірегей ұлыс ретінде өз орнын ойып тұрып алуына кепіл болады.

К.Мирзоев,

     Қазақстан  күрдтері  «Барбанг»

     ассоциациясының президенті,

      Қазақстан  халқы Ассамблеясының

      мүшесі,  профессор,  академик.

Тарихи  мәні,  саяси  маңызы зор  бастама

Қазір бүкіл қоғам болып қолға алып, әр салада іргелі істер атқарып жатқан «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы елдің санасына серпіліс берген бастама болды. Елбасы 2012 жылғы желтоқсан айында жария еткен «Қазақстан-2050» Стратегиясында 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін мәлім деген бо­латын. Осы мәлімдеме сі рухани жаңғырудың өз екті бір саласы ретінде аталмыш мақалада кеңінен көрініс тапты.

Күні кеше Елбасы назарына қоғамдық талқы­лаулардан өтіп, қайнауы қанған, барлық ұсыныстар ескеріле отырып, әзір­ленген ұлттық әліпби ұсы­нылды. Ол қазақ  тіліне  орайлас­тырылып,  латын  графи­ка­сына  негіз­дел­ген 32  қаріптен  тұра­ды.

Латын қарпіне негізделген қазақ тілінің бірыңғай стандарт жобасы – Президенттің бағдарламалық мақала­сында көрсетілген негізгі бағдардың басты бағыттарының бірі. Тарихи мәні, саяси маңызы бар бұл  байыпты  мәселені еліміздің Президенті назар­дан тыс қалдырмаған. Мемлекеттік тілді латын гра­фикасына көшіру жөніндегі жобаны іске асыру үшін құрылған жұмыс то­бының мүше­лерімен кездескен Елбасы халықтың қызу қолдауына ризашы­лығын біл­діре келе: «Әлем­де ешбір ел өзінің жаңа әліпбиін бүкіл халық болып осылайша талқылаған емес. Біз үшін әрбір адамның пікірін білу маңыз­ды», – деген  болатын. Сон­дай-ақ, еліміздің болашағы жас­тардың бұл істен сырт қалмай бел­сенді түрде қол­дап, патриот­тықпен атса­лысқан­дарына ризашы­лық сезімін де біл­дір­ген  еді. Жалпы,  бұл  бас­тама  Қа­зақстан  хал­қын одан  сайын  бірік­тіре  түсетін шара бол­мақ.

 

Г.Аннакулиева,

     Түркмен қоғамдық-мәдени 

     орталығының  төрайымы.